Маусымашар фестивалі өтті

2 марта 2017 - Веб-редактор
article13154.jpg

Күні кеше әзіл әлемін айрықша бағалайтын жанкүйерлер үшін облысымыздың ең көңілді жастары бас қосқан Жайдарман ойындарының 2017 жылғы маусымашар фестивалі өтті. Аталмыш ойын түрі бүгiнде жастар арасында жедел дамып келеді. Сахна мәдениетi мен шеберлiгi, ән мен би, сөйлеу мәнерi, ой ұшқырлығы, мимика сияқты өнер атаулының түрлi жанрларын қамтитын әзіл-қалжың шығармашыл жастардың шеберлiктерiн жетiлдiре түскенін көрсетедi. 

 

 

Бұл жастардың дұрыс қоғамдық пiкiр қалыптастырып, заманмен қатар даму арқылы өмiрде өз орнын дұрыс таба бiлуге баулиды. Осы ретте студенттердің құлшынысын қолдап, көптің көзайымына айналған игілікті істі ары қарай дамыта беру маңызды екені белгілі. Жайдарман ойындары республика бойынша ғана емес, аудан мен ауылдарда да дамып келеді. Кезекті сегізінші маусымның тұсаукесері көрермен көңілінен шығып, командалар сүбелі сөз бен тұшымды әзілдер келтіре білді. 25-ші ақпан күні Балалар шығармашылық үйінде өткізілген ойынға облысымыздың жер-жерінен 14 команда қатысты.

 


– Мен жайдарман ойындарын қалдырмай тамашалаймын, – дейді көрермен Бекзат Сәбитов. – Қатысушы командалардың барлығы қоғамда болып жатқан мәселелерді астарлы әзілмен жеткізеді. Бұрынғыдай емес, қазір әр командада өзіндік стиль қалыптасқан. Киген киімдері мен билеген билері, әзілдері барлығы-барлығы жарасып-ақ тұр. Жайдарман жастар бас қосатын көңілді орта. Біз де жас болғаннан кейін қатарлас достарымызбен ойларымыз бір жерден шығып жатады. Демек, бұл ойындар бір ауыздан шығып көптің көкейінде сұрақ тудыратыны анық.

 


Айта кетейік, ойынға қатысушы он төрт командадан өзге биыл соңғы рет қатысуға мүмкіндік алған «Құрдастар» командасы жайдарманмен қимастықпен қоштасты. Бірнеше жылдар бойы үлкен сахнада жеңіл және де астарлы әзілдерімен есте қалған команда мүшелері осыған дейін белсенді өнер көрсеткен. Бүгінде өздері сияқты жайдарманшы болуды армандайтын бірнеше балалардың қиялдарына қанат бітіріп, сахнаға шығуларына көмек көрсетіп жүр.

 


Кеште жайдарман ойындарының басшысы Марғұлан Бəкір ерекше маусымдық ойынды жаңаша көңіл күймен жүргізді. Дегенмен, көптеген себептерге байланысты кейбір құрамалар қатыса алмады. Жайдарманның ойындарын тамашалуға жиналған жастардың қарасы мол болды. Әзіл-шыны аралас тақырыптар арасында көбінесе қоғамдық мәселелер көтерілді. Әкім, шенеуніктердің қызметі, ауылдағы өмір мен қазақи ырымдар, шоу бизнес өкілдері туралы әзіл мен әжуа айтылды. Әзілқойлардың бұл жолғы кездесуі де әр команданың өзіндік ерекшелігі мен стилін танытты. Ойын барысында командалар бір-бірінен аспаса кем түспеді. Жайдарманшылар халықты қыран-топан күлкіге бөледі.

 


Қостанай облысы Жайдарман ойындарының редакторы Кәрім Қасиет мырзаның редакторлығымен ойынға өткен құрамалар топтарға бөлінді. Облыстық Торғай ашық лигасына: «Көшіп келгендер» (Семенов ауылы), «Дарын» құрамасы, «Парламент» құрамасы және де «КС» жайдарман құрамасы мүмкіндік алды. Ал қалған он құрама облыстық премьер-лига ойындарына жолдама алды.

 


Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ
суреттер ғаламтордан алынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев