Имандылық негізі – ислам діні

9 июля 2015 - Веб-редактор
article7234.jpg

 Жангелдин ауданында ізгілік жолын насихаттайтын, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-шаралар көптеп өткізілуде.

Қасиетті Рамазан айында Нұрхан Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері Оспанқожа Әулие атындағы Торғай мешітінің дін өкілдерімен «Имандылық негізі – ислам діні» атты кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге келген Торғай ме-шітінің наиб имамы Жасұлан Бекмағамбетов, Жангелдин ау-данының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қанат Омар барша мұсылман қауымын Рамазан айымен құттықтап, қазіргі қоғамдағы дін тұрғысындағы мәселелерді сөз етті.
– Рамазан – айлардың сұлтаны. Бұл айда барша мұсылман ораза тұтып, таңсәріден күн батқанша ішіп-жеуден тыйылады. Ораза ұстаған адам Аллаға жақын болып, сабырлық, мейірімділік, қанағатшылдық си-яқты қасиеттерге бой ұсынады. Бұл айдың кереметтері жөнінде ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай деген: «Кімде-кім ораза тұтса және Алла разылығы үшін шын ықыласпен тарауих намазын оқыса, Алла Тағала оның тіршіліктегі күнәларын кешіреді және не тілегені болса, тілектері кері қайтарылмайды», – деп Жасұлан Серікбайұлы қасиетті ораза айының ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып, бүгінгі күні терроризм мен діни экстремизмнің көптеген елдерді алаңдатып отырғанын да тілге тиек етті.
Қаймағы бұзылмаған қазақы ауданда радикалды ұйымдардың насихат жұмыстары болған емес. Дегенмен, барша торғайлықтардың бұл мәселеде өте мұқият болғандары абзал дейді дін өкілдері. Іс-шара барысында аталмыш мәдениет үйінің директоры Гүлзат Хамзина ислам діні жайында баяндама жасап, соңы сұрақ-жауап, пікір алмасумен аяқталды.
Жақында Жангелдин ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Қайрат Кадирментаевтың басшылығымен мекеме, кәсіпорын қызметкерлері арасында «Дін және мемлекет қатынасындағы зайырлылық ұстанымы» атты құқықтық сағат өтті.
Қазақстан президенті қоғамда зайырлы сананы нығайту қажеттілігін әрдайым айрықша атап келеді. Осы жөнінде «Қазақстан-2050» стратегиясында да көрсетілген. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұсылман үмбетінен екенімізді айта келіп: «Бұл – біздің дәстүріміз. Бірақ, бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері бар, Қазақстан – зайырлы мемлекет екенін естен шығармауымыз қажет», – деген болатын.
Іс-шара барысында діни сенім бостандығы мен мемлекеттің зайырлылық принциптері жөнінде баяндама жасалды.
– Біздің елімізде әрбір азаматтың ар-ождан бостандығына кепілдік берілген және барлық конфессиялар ұстанушыларының заң алдында теңдігі қамтамасыз етілген. Мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынастарының принциптері мен діни сенім бостандығы деңгейі мемлекеттің зайырлығының көрнекті көрсеткіші болып табылады, – дейді Қайрат Қойшанұлы.
Құқықтық сағатқа қатысушылардың көкейде жүрген көптеген сауалдары қойылып, бір сағаттан артық құқықтық әңгіме өрбіді.
 
Гүлім ЫСМАҒҰЛ
Жангелдин ауданы
comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев