Ғылыми жобалардағы ілгерілеу

9 июня 2016 - Веб-редактор

Ғылым, білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі ізденіп қызығушылық танытады. Мектеп қабырғасында жүрген баланың ойлау, зерттеу, сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамыған үстіне дамытып, қызығушылықтарын арттыратын бір жұмыс, ол оқушылардың ғылыми қоғамы.

 

 

Осы бағытта Амангелді ауданындағы киелі қарашаңырақ, тарихы терең Амангелді орта мектебінде оқушыларды ғылыми ізденіске баулып, жетекшілік етіп келе жатқан, «Шапағат» атты ғылыми қоғамының жетекшісі, ғылыми-әдістемелік орынбасар Абдикова Камшат Шөпітбайқызының шығармашылыққа толы табысты еңбегін ерекше айтуға болады. Себебі, Камшат өз ұжымында барлық әріптестерін осы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда, оны білім алушылар арқылы дамытып, зерттеліп, зерделеніп, дәріптелуіне үнемі баса назар аударып отырады және осы бағытта мектепте «Ғылыми жұмысты ұйымдастыру», «Дарынды оқушылармен жұмыс», «Ғылыми зерттеу жұмысының орындалуы және онда кететін кемшіліктер» т.с.с. бірнеше тақырыптарда мектеп мұғалімдерімен және оқушылармен тақырыптық семинарлар, әдістемелік күн, коучингтер ұйымдастырып, әдістемелік көмек көрсетіп, жүйелі жұмыстар жасап келеді.

 

 

Бұл ғылыми-әдістемелік орынбасар Камшат Шөптібайқызының осы бағытта жасап жатқан өзінің шығармашылық еңбегі. Осындай еңбегінің нәтижесін Камшат жылда өткізілетін аудандық, облыстық ғылыми жоба байқауларына мектебінің мұғалімдері мен шәкірттерін қатыстырып, жүлделі орындар алуына ықпал етіп келеді.

 

 

Себебі, жыл сайын Амангелді орта мектебінің оқушылары ғылыми жоба жарыстарынан жүлдесіз оралған емес. Оның дәлелі, жыл сайынғы жетістіктері аудандық «Амангелді арайы», облыстық «Қостанай таңы», «Учительская плюс», т.с.с. бұқаралық ақпарат беттерінде жарық көруде. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында 2 мұғалімнің оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық «Зерде» оқушылардың ғылыми жоба байқауынынң облыстық кезеңіне жіберіліп, жүлделі орындармен марапатталды.

 

 

Бақыткүл Уатқанованың оқушысы Айбол Беркінбайдың жұмысы Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Отан неден басталады?» VIII Балалар аймақтық өлкетану оқуларына ұсынылып, облыстық ғылыми жұмыстар жинағына енгізілсе, физика пәні мұғалімі Зураш Сүлейменованың оқушысы Аман Төкеновтің зерттеу жұмысы және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бақыткүл Уатқанованың оқушысы Жансұлтан Мараттың ғылым жоба жұмыстары «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының 1-7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырған «Зерде» атты Республикалық конкурсына жіберіліп, жүлделі І,ІІ орындармен марапатталды.

 


Бүгінде Амангелді орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары, ғылыми-зерттеу жұмыстарына аса қызығушылық танытып, шығармашылық ізденіспен жоғары деңгейде жұмыс жасауда. Бұл Амангелді орта мектебі ұстаздар қауымының дарынды оқушылармен жұмыс жасауда кәсіби шеберліктері деп білемін.

 


Ұстаздардың осы кәсіби шеберліктерін қанаттандыруда жыл сайын мектепте «Шапағат» атты мектепішілік ғылыми жоба байқауы бастауыш және жоғары буын сыныптары үшін Камшат Шөптібайқызының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізіліп келеді. Мектепішілік ғылыми жоба байқауынан іріктеліп, жүлделі орын алған үздік деп танылған оқушылар аудандық оқушылардың Ғылыми жоба байқауына жолдама алып қатыстырылып, нәтижесінде жыл сайын І,ІІ жүлделі орындар алып, облыстық байқауға қатыстырылып жүр. Биылғы 2016 оқу жылында да аудандық бастауыш сыныптар бойынша өткізілген ғылыми жоба байқауында әр мектептен 1 оқушыдан ғана қатыстырылды.

 

 

Осы байқауда Амангелді орта мектебінің 4-сынып оқушысы Зұлпыһар Қанатұлы «Тарих қойнауымен сыр тартқан тарихшы ата Қойшығара Салғарин» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысын қорғап, жүлделі ІІ-орынды иеленсе, жоғары сынып оқушылары арасында өткен аудандық ғылыми жоба байқауынан 9-сынып оқушысы Жасұлан Бәзен «Асыл аға, кең жүректі дәрігер» Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер, оташы Бимағамбет Кенжебеков туралы ғылыми зерттеу жұмысын қорғап, жүлделі ІІ-орынды иеленді. Осы орайда аталған оқушыларды дайындап, жетекшілік ете білген, ғылыми жоба байқауына оқушылардың қызығушылықтарын арттырған бастауыш сынып мұғалімі Гүлжайна Қуанышова мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Шарбат Жұмағұлованың еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

 


Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысу – батылдық, ал оны толықтыру – даналық, шебер қолдана білу – өнер. Сондықтан да мектеп ұстаздарына осы өнерді шебер жүзеге асыра білуде ерінбей еңбек етіп, мектеп оқушыларының барлық пәндер бойынша білімін тереңдетіп, кеңейтуде, теориялық білімді іс жүзінде қолдана отырып, ғылымға қызығушылығы терең  дарындылар қатарын көбейте берейіңіздер дегім келеді.

 

 


Света ОРАЗБАЕВА,
Амангелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев