Әжелер сайысы өтті

16 марта 2017 - Веб-редактор
article13262.jpg

Рудный қаласында 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай бірнеше іс-шаралар өткізілді. Солардың бірі, «Менің әдемі және сүйікті Әжем!» атты байқау. Сайыс аясында әжелеріміз өздерін басқа қырларынан танытып, көрермен көзайымына айналды.

 


Күнделікті өмірде үлкен кісілердің «жасымда бейнет бер, қартайғанда зейнет бер», деп Жаратқаннан тілеу тілеп отыратындарын көреміз. Кейбір қарияларымыздың қартайғанда ағайын-туыс, отбасына абыройлы, ал баз біреулерін, керісінше, отбасының, бала-шағаның берекесін қашырдың деп қарттар үйіне өткізіп жатқандарының да куәсі болып жүрміз. Қазақ – қариясын құрметтеген халық. «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей, ата болған кісілерді «ақсақал» деп құрметтеп, төрден орын берген, олардың батасын алмай ешбір іс бастамаған. Ал бүгінде осы үрдістердің барлығы біртіндеп өзгеріске ұшырап барады.

 


Ал «Арман» клубында өткен байқау көпті көрген, дана әжелердің сынға түсуімен ерекшеленді. Жоғарғы деңгейде болған сайыстың мақсаты – қазақ халқының мәдениеті мен салт дәстүрін меңгерген апаларымызды анықтау. Және де көрген-білгендерін артта еріп келе жатқан болашақ ұрпақпен, әсіресе келешек аналармен бөлісіп, тәжірибе алмасу болды.

 


Ертеректе ата-әженің тәрбиесін көрмей өскен бала өте сирек кездескен, сондықтан болар, оларды «көргенді бала», «тәрбиелі бала» аталатын. Ата-әженің тәрбиесін алған баланың бойынан үлкен-кішіге деген құрмет, мейірім, имандылық, рухани тәрбиені ашық көруге болады. Тіпті, қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі бауырына басып тәрбиелеген. Кейде ол кенже ұлының орнына атасының қарашаңырағына ие болып та жатады.

 


Жоғарыда аталғандай немерелерін бауырына басып, тәрбиелеп отырған әжелер қауымы бұл байқауға қатысуда белсенділік танытты. Ұйымдастырушылардың ұсынысын қабылдаған төрт әже сынға түсіп, қызықты өнер көрсетті. Байқау таныстыру, музыкалық нөмір және қолөнер шебері сынды үш кезеңнен тұрды.

 


Осы орайда айта кететініміз, ақжаулықты әжелеріміз отбасы мен ағайын-туыс, ел-жұрттың амандығын, тілеуін тілеп, халықтық салт-дәстүрімізді ұлдары мен қыздарына ұғындырып, үлгі-өнеге көрсететін жандар. Тіпті, халықтық дәстүр бойынша ақсақал қариясы бар ауылға келген қонақтар алдымен сәлем беріп, баталарын алуды азаматтық борыш деп санаған. Ал ұлдары мен келіндері, немерелері мен шөберелері құрмет жасап, айтқаны мен өтінішін сөзсіз орындауы шарт, өйткені, бұл ұрпақтарға парыз, міндет.

 


Сондықтанда байқауға қатысушы төрт әжелер де өздерінің қызыл тілді сөздің шешені екендіктерін дәлелдеуге тырысты. Олар сахнадағы образдарына сай қазақы нақыштағы көйлектерін киіп, барынша білгендерімен бөлісті. Және де көпті көрген әжелеріміз тамақтың түр-түрін де дайындады. Оған қоса, сайысқа қатысушы апаларымыз қолөнерден де құр алақан емес. Әсіресе, көрермендерге бұрынғы заманда бидайды тартып, ұн қылған қазіргі уақытта сирек кездесетін диірмен түрі ұнады. Жалпы алғанда, мерекелік сайыс ұйымдастырушылар мен көрермендердің көңілінен шықты. Мұндай бола бермейтін ерекше сайысты тамашалауға келген халықтың қарасы көп, зал лық толған. Бірнеше сағатқа созылған тәрбиелік мәні зор байқау да өз мәресіне жетіп төрт қатысушы да төрт номинация бойынша марапатталып, әдемі сыйлықтарға ие болды. Сайыс тамашалаушы көрермен жақсы көңіл-күймен қатар, рухани азық алып қайтты.

 


Ақбота САҚҰЛОВА
суреттер ғаламтордан алынды  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев