17 мая 2018 - Веб-редактор
Қазақы әзіл – қалжыңды сағынған өнер сүйер қауым мәдениет үйіне лық толды. Үздіксіз соғылған шапалақ көрермендердің өнерге деген сүйіспеншіліктерінің белгісі деп аңғардық. Сахна шымылдығы ашылып, “Күлкі” ойын – сауық отауының өткен тарихына шолу жасалды. Сол уақыттағы сахна саңылақтары Болат Хамзин, Ықылас (Құлтай) Ғұбайдуллин, ҚР мәдениет қайраткері Бөлтірік Молдашев сіңірген еңбектері елеусіз. Кейінгі орта буын өкілдері, «Қазына» сыйлығының иегерлері Күлай Ахметова, Гүлзат Хамзина, Оңғар Жоламанов, Сапура Әлібекова және өнердің жас майталмандары атанған Ақжігіт Мақашев, Бауыржан Сыздықов, Арай Ерсары, Байбатыр Ахметбековтың есімдері мәдениет үйінің мұрағатында сақталып, тәуелсіздік тарихына жазылғаны белгілі болды. Заман ағымына сай мойын бұрған театр әртістері жаңаша әзілдермен сахна сәнін келтіріп, өнер сүйер қауымды күлкіге кенелтті. Болашақ сахна саңлақтары асқан шеберлікпен рөлдерін сомдап, көңілге көктем күйін сыйлады. Көптен мұндай думан көрмеген көрермендер қимастықпен тарқасып, ақ баталарын беріп жатты. Ширек ғасырдан астам өз көрермендерінен қол үзген аталмыш ойын – сауық отауы алдағы уақытта ауыл, ауылдық округтерді аралап, өнерлерін одан әрі шыңдауды жоспарлап отыр.