17 мая 2018 - Веб-редактор
Тілге бейімі бар дарынды оқушыларды қолдау, көп тілді меңгерген жеке тұлғаның қазақ тілінде мәдени ортада қарым-қатынас жасауына ықпал етуін қалыптастыру мақсатында сәуір айында Қостанай қаласында өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілін насихаттау бойынша «Тіл шамшырақтары» конкурсы өткізілді.
Бұл аталған конкурсқа аудан атынан Н.Г.Иванов орта мектебінің 7 сынып оқушысы Хилькевич Данил Сергеевич қатысып, нәтижесінде жүлделі І орынмен оралды.
Данилдың ұстазы Н.Г.Иванов орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Ф.Мырзағалиева көп ізденетін, жаңашыл мұғалімдеріміздің бірі. Соңғы уақытта қашықтықтан өтетін түрлі олимпиадалар мен байқауларға оқушы дайындауда. Бірнеше жетістіктерге жетіп жүрген тәжірибелі ұстаздың тағы да еңбегі жанып, шәкірті бәйгеден озып келді.
Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасында «Үш тілде білім беру», бағдарламасы – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы екендігін атап көрсетті. Осыған орай өткізілген өзге ұлт өкілдері арасындағы бұл байқауда қазақ тілінің меңгерілуіне байланысты, әрі тілдік құзіреттілікке сәйкес берілген түрлі индикаторлық тапсырмаларды орындау кезеңдерінен өте отырып, үздік атанған Данил қазақ тілінің деңгейін басқа ұлт өкілдері арасында насихатталуына да жол ашып келді.