Еуразиялық экономикалық интеграция тақырыбына арналған сұрақтар мен жауаптар

29 мая 2014 - Веб-редактор

Еуразиялық экономикалық интеграция тақырыбына арналған сұрақтар мен жауаптар

(Қазақстан Республикасы азаматының артықшылықтары)

 

Сұрақ

Жауап

  1.  

Еуразиялық экономикалық одақ пен ДСҰ-ға кіруден түпкілікті тұтынушы – Қазақстан азаматы қандай артықшылықтар алады?

Тұтынушы ең алдымен, тауарлар мен қызметтерді таңдаудың үлкен мүмкіндігін алады, соның салдарынан жоғары бәсекелестік импортталатын және жергілікті өнім бағасын нарықтық тежеуге әкеледі. Сондай-ақ импорттың ұлғаюы жаңа техника мен технологияның келуіне әсер етеді.

ЕЭО және ДСҰ кіретін елдерде шығарылған, әлемдік стандарттарға сай келетін өнім сапасына жоғары талаптарды тұтынушылар үшін негізгі артықшылық деп есептеу керек.

Сондай-ақ серіктес-елдердің өткізу нарығына бағытталған өндірушілердің бірлескен өндірісін ашу және кеңейту есебінен жаңа жұмыс орындары пайда болады. Осының бәрі жұмыссыздықты азайтып халықтың әл-ауқатының өсуіне жағдай жасайды.

  1.  

Адам капиталының (жұмыс күшінің) еркін қозғалысы қарапайым қатысушыға не береді?

Ресей мен Беларусьте жұмысқа орналасу кезінде қазақстандық жоғары оқу орындарының жоғары білім туралы дипломдары танылады ма танылмайды ма?

Адам капиталының еркін қозғалысы қатысушыға БЭК қатысушы елдердің бірінде жұмысқа орналасу кезінде уақытты қысқартуға және рәсімдерді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мысалы, Қазақстан азаматы Ресейде бұрын болған міндетті тіркеусіз 30 күн болуға құқылы. БЭК қатысушы-елдерінің барлық азаматтары кейбір жағдайларды қоспағанда Қазақстанда, Беларусь пен Ресейде жұмысқа орналасу кезінде бірдей құқықтар мен міндеттерге ие. Қазіргі таңда барлық үш елде дипломдарды растауды талап етпейтін БЭК қатысушы-елдері жоғары оқу орындарының тізімі жасалуда. Мысалы, «Назарбаев – Университетінің» түлегі Ломоносов атындағы ММУ түлегі сияқты Ресей мен Беларусьте жұмысқа тұруға толығымен құқылы

  1.  

«Еңбек етуші мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісімнің» қабылдануына байланысты еңбек етуші мигрант қандай жеңілдіктерді, преференцияларды пайдалана алады?

Осы Келісімнің қабылдануына байланысты мемлекеттерде еңбектің ішкі нарығын қорғау мақсатында белгілеген жұмысқа рұқсат беру рәсімі алынып тасталған. БЭК қатысушы-елдерден келген жұмысшы еңбек мигрантын қабылдаушы елдің жұмысшысындай кәсіби және әлеуметтік преференцияларды (еңбек құқығы, балаларды мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру, медициналық мекеме қызметтерін пайдалану мүмкіндігі, салық төлеу бойынша міндеттемелер) пайдалана алады. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс пен әскери қызметті өтуді қоспағанда.

Бұл мәселенің ағымдағы қиындықтары Қазақстаннан келіп еңбек етіп жатқан мигранттар үшін табыс салығымен байланысты, ол Ресейде 30% құрайды, ал Қазақстанда жұмыс істеп жатқан ресейліктер 10% төлейді. Қазақстан Ресей мен Беларусь елдерінде табыс салығының төмендеуіне және теңестірілуіне баса назар аударған болатын, бұнымен ресейлік тарап келісті. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық еңбек етуші мигранттар үшін РФ-дағы табыс салығының мөлшері 10% құрайтын болады.

Осы Келісім күшіне енген сәттен бастап Қазақстаннан, сонымен қатар Қазақстанға еңбек мигранттары ағынының еселеп ұлғаюы байқалатынын ескерген жөн.

 

  1.  

Мысалы Қазақстан азаматы Беларуське көшетін болса, зейнет ақыны есептеу кезінде оның өтілі есептеледі ме?

Ия, есептеледі. Осы норманы бекіту (еңбек өтілін өзара есептеу туралы) одақтық шарт шеңберінде немесе жеке келісімде көрініс табады.

 

  1.  

Кедендік тасымалдың кедендік рәсімдеріне сәйкес Кеден одағының кеден шекарасы арқылы, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін әкелінетін тауарларға қатысты кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықты қорғау бойынша шаралар қабылдай ма?

КО КК 328-бабы 2-тармағына сәйкес кеден органдары мыналарға кедендік шекара арқылы әкелінетін тауарларға зияткерлік меншік объектілеріне құқықты қорғау бойынша шаралар қолданбайды:

 1) жеке пайдалануы үшін әкелінген, оның ішінде, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жеке тұлғалардың мекенжайына жіберілген тауарларға;

 2) кедендік тасымалдық кеден рәсімдеріне сәйкес;

3) дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер, шетелдік мемлекеттердің өзге де ресми өкілдері, халықаралық ұйымдар, осы өкілдіктердің, мекемелер мен ұйымдар персоналдарының ресми және жеке пайдалануы үшін.

 

  1.  

Сыраны қоса алғанда, алкоголь сусындарын жеңілдікпен өткізу нормасы қандай?

Жасы 18-ге толған бір жеке тұлғаға 3 литрден көп емес.

  1.  

Кеден одағы аумағына/аумағынан және Кеден одағы ішінде әкелу/әкету кезінде қолма-қол ақша құралдарын міндетті жазбаша декларациялау

10 мың АҚШ доллары эквивалентінен асатын сома. Кеден одағына қатысушы-елдер арасында тасымалданатын сома декларацияланбайды.

  1.  

Халыққа құқықтық көмек көрсету салаларында КО мен БЭК шеңберінде қандай ынтымақтастық жүзеге асырылуда?

Қазіргі уақытта ҚР Әділет министрлігі КО мен БЭК мүше мемлекеттердің аумақтарында қорғаушы, нотариаттық, сот-сараптамалық қызмет, сондай-ақ патенттік тексерілген және бағалау қызметтері саласында азаматтарға көмек көрсету мүмкіндігі туралы мәселені қарастыруда.

 

 

Еуразиялық экономикалық интеграция тақырыбына арналған

сұрақтар мен жауаптар

(Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері үшін артықшылықтар)

 

  1.  

Еуразиялық экономикалық интеграцияның оң тұстары қандай?

Жалпы, Кеден одағы Қазақстанның серіктестерімен бірге бірыңғай кіріктірілген экономикалық жүйе бойынша ұлттық экономиканың күшеюіне ықпалын тигізетін халықаралық қатынастарға шығуына мүмкіндік береді.

Көлемді тұтыну нарығын құру инвестициялық жағымды болып табылатыны сөзсіз. Осы нарықтың қатысушысы және негізін қалаушыларының бірі ретінде Қазақстанның үшінші елдермен экономикалық қатынастарында күшті келіссөз ұстанымдары мен бәсекеге қабілетті артықшылықтар пайда болады. Осыған мысал ретінде дүние жүзінің бірқатар ірі экономикасының Кеден одағымен еркін сауда аймағы, бізбен жүргізілген саудадағы преференциялары туралы келіссөздерін келтіруге болады. КО келіссөздердің белсенді сатысында дүниежүзінің ірі экономикасының бірі – Үндістан, Вьетнам және басқалар тұр. Топтамалық ынтымақтастықтың ең сәтті мысалдарының бірі ретінде бірыңғай экономикалық ұстанымдары бар Еуроодақты, ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы) атап кетуге болады.

Бірыңғай кеден аумағын құру ішкі нарық сыйымдылығын елеулі ұлғайтуға мүмкіндік берді. Кеден одағы елдерінің жалпы нарығының көлемі 2 трлн. АҚШ долл., адами ресурстары – 170 млн. адамды, аумағы 20 млн. шаршы м., жалпы өндірістік әлеуеті – 600 млрд. долл. құрайды.

Кеден одағының жұмыс істей бастауы экономиканың көптеген салаларына оң өзгерістер алып келді:

1. Кедендік әкімшілендіру және салық салу

Кеден одағы шеңберінде тауарлардың жылжуын жеңілдететін жағдайлар құрылды. Атап айтқанда, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап Кеден одағының ішкі шекараларында бақылаудың барлық түрлері (шекаралық бақылаудан басқа) алынып тасталды.

Кеден одағын құру қазақстандық кәсіпкерлер үшін нарық шекарасының елеулі кеңеюінен басқа, шекарадағы транзакциялық және уақытша шығындарды төмендету және енді бизнесті дамытуға бағытталуы мүмкін елеулі айналым қаражатын босату бөлігінде отандық бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер берді.

Өзара саудада отандық бизнес елеулі жеңілдетулерге ие болды, олардың ішінде:

- РФ мен БР-дан импортталатын тауарлар бойынша импорттық ҚҚС пен акциздерді төлеу бойынша мерзімін 50 күнге дейін ұзарту;

- ЖКД мен негізгі нысанға 50 евро және әрбір қосымша параққа 20 евро мөлшеріндегі кедендік алымды жою.

2. Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану

Кеден одағының ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы әзірленген нормативтік құқықтық актілері Кеден одағының ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық қауіпсіздіктің бірыңғай жүйесін құруға, келісілген саясатты, сондай-ақ осы салада бірлескен іс-қимылдар жүргізуге мүмкіндік береді, Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағы бойынша өнімдерді бірыңғай талаптар бойынша және тең жағдайда өткізуді қамтамасыз етеді.

Осының барлығы бірыңғай кеден аумағында жаңа өндірістерді, өзара толықтырушы кәсіпорындар кооперациясын дамыту және сатылас кіріктірілген корпорацияларды құру үшін қуатты ынталандыруы тиіс. Нәтижесінде, бұл Кеден одағы мемлекеттеріне әлемдік нарықта өздерінің өнімдерімен бәсекелесе алуына мүмкіндік береді.

3. Тікелей шетел инвестициялар ағымын ұлғайтуды және бірлескен кәсіпорындар ашуды ынталандыру

Бүгінгі таңда, Кеден одағының басымдықтарын пайдалана отырып ҚР аумағында бірлескен кәсіпорындар құрылуда. Көкшетау қаласында жүк автомобилдері өндірісі бойынша «КАМАЗ - Инжиниринг» АҚ құру ірі және табысты бірлескен қазақстан-ресей жобаларының бірі болып табылады. Семей қаласында «СемАЗ» АҚ базасында «Беларусь» тракторларының және «АгромашХолдинг» АҚ базасында «Есіл» комбайндарының бірлескен қазақстан-беларусь өндірісі және т.б. жолға қойылды.

2010 жылғы наурыздан бастап республикада үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру басталды. Бағдарлама ішкі және шикізат секторымен байланыспаған, ал одан әрі Кеден одағының нарығына бағдарланған экономика салаларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

Кеден одағын құрумен қазақстандық өндірушілер үшін өткізу нарығы 10 есеге ұлғаюда, ол өз кезегінде өндіріс көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Көлемі бойынша үлкен ішкі нарық шетел инвесторлары үшін тартымды болып келетіндігі маңызды фактор болып табылады.

4. Инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету

Қазақстан негізгі өткізу нарықтарынан қашықта орналасқан және теңіз айлағына шыға алмайтын ел болып табылады. Осыған байланысты қазақстандық экспорттаушылардың ресей көлік инфрақұрылымына қол жеткізудің қолайлы жағдайлар беру мәселелеріне баса назар аударылады, ол көлік шығындарын қысқартуға және тиісінше үшінші елдердің нарығында қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ішкі кеден шекарасының алынып тасталуы қазірдің өзінде еуропа нарығына біздің бидай мен ұн, басқа да дайын және шикізат тауарларын экспорттаушыларға тасымалдау шығындары мен жолдағы уақытты қысқартуға мүмкіндік беруде.

 

  1.  

Ауыр өнеркәсіп өнім көлемін жоғарылату жолында. Қазіргі мақсат – өнеркәсіп өнімдерінің экспорт көлемін арттыру. Бұл мәселе қандай деңгейде?

 

 

 

Қазақстанның интеграциялық процесі мен индустрияландыруының қатар дамуы нақты нәтижелер көрсетуде; ҮИИДМБ сияқты даму бағдарламалары арқасында Қазақстанның өнеркәсібі қазіргі кезде белсенді дамып келе жатыр. Осы саладағы әлеуетті жүзеге асыру үшін БЭК шеңберінде қол жеткізген келісулер бар нәтижелерді арттыруға және жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға жағдай туғызады. Көлік құралдарын, қара металлдан жасалған дайын бұйымдарды, пластмасса, резеңке, қағаз, тұрмыстық техника және басқа да тауарлар өндірісі дамуында оң үрдістер байқалады. Қазіргі таңда Қазақстанда жеңіл көліктер, автобустар, жүк көліктері, арнайы техника шығаратын 7 зауыт жұмыс істейді, жеңіл көліктерінің белгілі 6 маркісінің (КИА, Шкода, СангЙонг, Шевроле, Шанс, Пежо) 35-тен астам түрін жасайды. Соның ішінде, шығарылатын техникадағы қазақстандық өнім деңгейі 25%-30% құрайды. Жеңіл автокөліктер өндірісінің көлемі 2013 жылы 37000-нан астам бірлікті құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 4,5 есе жоғарылауды көрсетеді. Жүк көлігі мен автобус өндірісінің көлемі 3135 бірлікті құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 3 есе жоғарылады. 2014 жылға жоспарланған жеңіл және жүк көліктері, автобустар өндірісінің жалпы құрамы 62 мыңнан астам. 2013 жылы Hyundai Auto Trans алдыңғы жылдың көрсеткішін 22% асырып, Беларуське автотехниканың 318 бірлігін экспорттады. 2014 жылдың жоспарлы мақсаты 11 мың жеңіл, жүк автокөліктері мен автобустарды экспорттау. Айта кететін жағдай, автоөнеркәсіп мультипликативті әсердің, яғни шектес салалар әсерінің үлкен дәрежесіне ие.

2013 жылы Қазақстан экспортының жалпы көлемінің 54% құраған, өңделген дайын тауарлар экспортына құбырлар, түтіктер мен пішіндер, ауыр жүк көліктері, мойынтіректер, құбырларға арналған темір арқаулар, фосфинаттар, аккумуляторлар, мыстан жасалған сымдар, кондитерлік бұйымдар мен шоколад, мақта талшығы, ұн жән т.б. кіреді, олар интеграцияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда еселі өсуді көрсетті. Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістігінде қызмет етуі көптеген басқа салаларда бірлескен мекемелер құруға жағдай жасайды. Біздің мемлекеттеріміздің кооперациялық байланысын күшейтуге мүмкіндіктер елеулі ұлғаюда, ол экономикаларымыздың тарихи қарым-қатынасына да қарасты.

  1.  

Интеграция әлеуеті қай салада барынша байқалады? Қара және түсті металлургияда, көлік- машина жасау өнеркәсібінде, атом және аэроғарыш саласындағы кооперациясында әлде құрылыс саласында ма?

Экономиканың осы салалары интеграцияның басымдықтарын пайдалану тұрғысынан өте үмітті. Бәрінен бұрын, бұл құрылыс саласында және көлік инфрақұрылымына қызмет көрсетуде көрініс табады. Электр энергетикасында оны тұтынушыларға жеткізудің ұтымды маршруттары үшін Қазақстан мен Ресей арасында өзара алмасудың өсуін көрсетеді.

Сондай-ақ, өткізу құбырлары көлігі мен ынтымақтастықтың басқа да дәстүрлі салаларындағы интеграция алға жылжитын болады. Атап айтқанда, Каспийде мұнай-газ кен орындарын өндіру. Бұдан басқа, қазіргі уақытта бірлескен мұнай-химия өндірісін құру мүмкіндіктері қаралып жатыр. Тау-металлургиялық кешенін құру да жақындауда.

Машина жасауда Ресей және Қазақстан металлургиясын пайдалану бойынша үлкен мақсаттар бар. Бұл жерде Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары кәсіпорындарының оралдық зауыттармен өндірістік кооперациялары үшін үлкен алаң ашылады. Қазақстан Ресей технологиясының базасында ішкі тұтыну үшін де және экспорт үшін де машина жасау өндірісін дамыта алады.

Жоғары технологиялық салаларды, бірінші кезекте бірігу және сіңісудің белсенді процесі жүретін телекоммуникация саласын интеграциялау үшін жақсы алғышарттар құрылуда. Ақпараттық технологиялардың өте жылдам қарқынмен дамып келе жатқандығы белгілі. Бұны әлемдік брендтерді пайдалана отырып бірлескен жобалар құру кезінде қолдану қажет.

Агроөнеркәсіптік кешен де азық-түлік қорын құруда және Еуропаға, Парсы шығанағы елдеріне, Оңтүстік Шығыс Азияға, Қытайға тамақ өнімдерін экспорттауда үлкен әлеуетке ие. Астық, дәнді-дақыл өндірушілері бірлесетін болады. ЕЭК-де дәнді-дақылдарды өсіру және өңдеу бойынша тұтас кластер құрылуы мүмкін.

Шағын және орта бизнес үшін қызметтің дәстүрлі саласы – бұл ірі кәсіпорындар үшін тауарлар мен қызметтерді жеткізуді қамтамасыз ету. Сондықтан біздің өнеркәсіптік кәсіпорындардың болжанып отырған өндірістік кооперациясы шағын және орта бизнеске қосалқы тауарлар мен қызметтер өндірісін өндіруді ұйымдастыру үшін үлкен мүмкіндіктер береді.

Жалпы отандық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер тақырыбын жалғастыра отырып, технологиялар трансфертіне баса назар аудару керек. Бірыңғай экономикалық кеңістікте біз үшін ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасуға үлкен мүмкіндіктер болады – бұл шындық. Ресей мен Беларусьте машина жасау, химия және басқа да салаларда ірі әзірлемелер бар. Оларды ЕЭК барлық аумағында, оның ішінде Қазақстанның аумағында пайдалану үшін енді ешқандай кедергілер жоқ, жеке патенттер, сертификаттар және т.б. әзірлеудің қажеті жоқ.

Ресейлік және беларусьтік техникалық жоғары оқу орындары тарихи фундаменталды инженерлік біліммен мақтанады. Біз олардан қазақстандық студенттер үшін квоталар бөлу және оларды оқытуға мемлекеттік гранттар беру туралы сұрай аламыз.

Барлық ашылып жатқан мүмкіндіктерді санау мүмкін емес. Кадрларды дайындау бойынша үлкен мақсаттар бар. Бұдан басқа, біздің мамандар бүгінгі таңда әріптес елдердің кәсіпорындарына еркін бара алады, ал ресейліктер мен беларусьтер біздің елде жұмыс істей алады, бұл тәжірибе алмасуға ықпал ететін болады.

 

  1.  

Қазірдің өзінде КО-на байланысты қандай қиындықтар туындап отыр?

 

Қазіргі уақытта, Кеден одағының жұмыс істеуі барысында қазақстандық тауар өндірушілер ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкессіздіктермен бетпе-бет келуде. Мысалы, енді бізде қосылған құнға салықты қайтару ресей салық салушыларынан біздің экспорттаушылар контрагенттерінің ҚҚС-ты төлегені туралы ақпарат алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Бұл әрине, кәсіпкерлер үшін ыңғайлы емес, бірақ мәселені шешуге болады. Экспорттағы негізгі қиындықтар ол КО елдерінің нарығына бірқатар тауарлардың жеткізілуіне шектеу орнату, мысалы, алкоголь, фармацевтикалық өнімдерге. Өзара саудадағы осындай кедергілерді жою жұмысы мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша жүргізіледі. Бұны Кеден одағын дамытудағы біртіндеп жоюға болатын заманауи кезеңнің кемшіліктері деп айтуға болады.

Дегенмен, қазірдің өзінде оларды тиімді шешудің барлық шарттары бар. Мұндай мысалдарға Кеден одағы елдерінің кәсіпкерлері мен басшыларының қатысуымен бизнес-форумдар, конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізуді келтіруге болады. Бұл іс-шараларды өткізу – сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ғана емес, проблемалы мәселелер бойынша да пікірталастар келтіретін саясаткерлердің, бизнесмендердің, сарапшылардың кездесулеріне арналған платформа.

2011 жылы Мәскеуде және Алматыда екі ірі бизнес-форум өткізілді, онда бизнес қауымдастықтар өздерінің пайдалары мен артықшылықтарын, мұндай жағдайларда өздерінің бизнесін қалай қамтамасыз ететіндігі туралы толыққанды біле алды. Егер Мәскеуде бизнес-форум үш мемлекет – Беларусь, Қазақстан және Ресей өкілдерінің қатысуымен өткен болса, Алматыда ЕурАзЭҚ-тің барлық елдерінің бизнес-қауымдастығы жиналды.

Осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізу одан әрі бір жағынан проблемалы мәселелердің туындауының алдын алуға, басқа жағынан мұндай мәселелер туындаған жағдайда оны тиімді шешуге мүмкіндік береді.

 

  1.  

Тауарларға және оны толтыру тәртібіне арналған кедендік декларация нысаны қандай құжатпен бекітілген?

«Кеден декларацияларын толтыру бойынша нұсқаулықтар мен кеден декларациясының нысандары туралы» 2010 жылғы 20 мамырдағы №257 Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген.

  1.  

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасында ҚР ҚМ КБК Жедел басқару орталығында (ЖБО) тауар сүйемелдеу құжаттарын сканерлеу рәсімі жүзеге асырылады.

 

Бұл тәртіп ҚР үшінші елдерден әкелінетін шетелдік тауарларға қолданылатын болады. РФ мен БР өндірісінің тауарларына бұл тәртіп қолданылмайды.

  1.  

Кеден одағының кеден заңнамасы қандай нормативтік құқықтық актілерден тұрады?

Кеден одағының кеден заңнамасы мыналардан тұрады:

  1. 1) Кеден одағының Кеден кодексі;

  2. 2) кеден одағында кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттары;

3) Кеден одағында кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін Еуразиялық Экономикалық комиссияның, Кеден одағы комиссиясының шешімдері.

  1.  
  1.  

Кеден одағының Кедендік кодексінде кепілдік міндеттемелерін пайдалану көзделген бе?

Кеден одағының Кедендік кодексінің 217-бабына сәйкес кепілдік міндеттемелерін пайдалану көзделмеген.

  1.  

Кеден одағына кіруге байланысты кедендік тасымал мерзімдері ұлғая ма?

Кедендік тасымал мерзімдері сол күйінше қалады, яғни, 1 ай үшін екі мың шақырым деген есеппен айқындалатын мерзімнен аспайды (КО КК 219-бабы).

  1.  

Кедендік алым түрлері?

Қазіргі кезде келесі кедендік алым түрлері әрекет етеді: тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар, кедендік сүйемелдеу үшін кедендік алымдар, алдын ала шешімдер үшін төлем.

  1.  

Тарифтік квота деген не?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарифтік квота сауда саясатының құралы болып табылады және отандық өндірісті ұқсас тауарлардың бәсекелі импортынан қорғау үшін қолданылады.

Тарифтік квота ежелден-ақ импортты шектеу үшін қолданылатын екі құралды қамтиды:

кедендік баж (тарифтер) және квоталар.

Тарифтік квотаны қолданған жағдайда сандық шектеулер импорттан отандық тауарларды қорғаудың қажетті дәрежесін беру үшін белгілі тарифтік деңгеймен бірге жұмыс істейді.

Квота шеңберінде әкелінетін импортқа, әдетте, төмен немесе нөлдік кеден бажы салынады. Квотаның белгіленген сандық қадамынан жоғары импортқа жоғары және әдетте, кеден бажының қорғаныс ставкасы салынады (мысалы құс, мал және шошқа еті импортына квота).

 

  1.  

Кеден баждарының ставкасын кім белгілейді?

Кеден одағы бірыңғай кедендік тарифінің кедендік баждарының ставкаларын Еуразиялық экономикалық комиссия белгілейді.

  1.  

Жаңа кеден заңнамасы бойынша тауарларды уақытша сақтау қандай мерзімді құрайды?

КО КК 170-бабына сәйкес уақытша сақтау мерзімі екі айды құрайды. Тауарларға қатысты өкілеттігі бар тұлғаның немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша кеден органы көрсетілген мерзімді ұзартады.

Тауарларды сақтаудың шекті мерзімі төрт айдан аспауы тиіс.

 

  1.  

Кеден одағы Кеден кодексінің құқықтық негіздері қандай?

Кеден кодексінің құқықтық базасы ол мемлекет басшылары 2009 жылы қол қойған және 2010 жылдың 1 шілдесінде күшіне енген «Кеден одағының Кедендік кодексі туралы Шарт».

 

  1.  

Кеден органының лауазымды тұлғалары сыртта жүргізілетін кедендік тексерулерге қатысты тауарларға тыйым салуға немесе алып қоюға құқығы бар ма?

Кедендік тексеру жүргізу кезінде кеден органының лауазымды тұлғалары тауарларға тыйым салуға құқығы бар (КО КК 134-бабы).

  1.  

Кеден одағының Кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру қандай жолмен жүзеге асырылады?

Кеден одағының Кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру Кеден одағы Кеден заңнамасының актілерін ресми және өзге баспа басылымдарында жариялау жолымен, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланып теледидар мен радио бойынша жалпыға бірдей олар туралы ақпарат беру жолымен, сондай-ақ ақпараттарды таратудың өзге тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.

  1.  

Санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау қайда жүргізіледі?

Санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау Кеден одағының сыртқы кеден шекарасы мен кеден аумағында жүргізіледі.

  1.  

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешектерін алу қандай тәртіппен жүргізіледі?

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешектерін алу даусыз тәртіпте алынады («ОТД» КРК 157-бабы).

  1.  

Соңғы уақытта біздің алкогольдік индустриямызға қатысты Ресей тарабының нарықтық емес кедергілері белсенді талқылануда.

 

 

Қазақстан да осылай жасауды жоспарлай ма және осы мәселе бойынша келіссөздер қандай кезеңде?

 

 

КО мемлекет-мүшелері арасындағы алкаголь өнімдері өзара саудасындағы әкімшілік кедергілерге байланысты, 25.01.2012 жылғы №7 ЕЭК Кеңес Шешіміне және 07.06.2012 жылғы №69 ЕЭК Алқасына сәйкес реттеу шараларын үйлестіру мақсатында КО пен БЭК мемлекет-мүшелері аумағында алкагольді нарық қатысушыларының қызметін реттеу туралы Келісім жобасы әзірленді.

 

 

Келісімге Қазақстан Республикасы бастамашылық етті және онда өзара сауда кедергілерін жойып, КО кеден аумағында этил спирті мен алкагольді өнім айналымының бірыңғай ережелерін орнату нормалары қарастырылған.

Бұдан басқа, Кеілісім жобасы этил спирті мен алкогольді өнімнің жасалуы мен айналымы саласындағы бірыңғай міндетті талаптарды, этил спирті мен алкогольді өнімнің жасалуы мен айналымына жүргізілетін бақылау мен қадағалау бойынша нормаларды, сондай-ақ алкогольді өнімдерді есеп таңбаларымен таңбалауды орнатады.

Жұмыс тобы осы шектеулерді алу туралы мәселені қарастырып жатыр.

Осы жұмысқа мемлекеттік органдармен қатар отандық бизнес («Атамекен» ҚҰЭП, «КазАлко» Қауымдастығы, «Қазақстанның сыра шығарушылар Одағы» ЗТБ, Қазақстанның шырын шығарушылар Одағы, Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы, «Кокшетауминводы" АҚ, «Эфес Қазақстан» АҚ және «Бахус» АҚ) өкілдері қатысады.

 

  1.  

Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібінің өкілдері өз өнімдерін жалпы еуразиялық нарыққа жеткізу қиындықтары туралы айтып кеткен. Бұл неге байланысты?

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі таңда емдік дәрі-дәрмектер айналымын реттеудің бірыңғай ұстанымдары мен ережелері туралы Келісім жобасы жасалды. Қазақстанның ұстанымы мынадай, бұл Келісім Тараптар аумағында GMP тиісті өндіріс тәжірибесі жағдайында жасалған дәрі-дәрмектерге ғана таратылады.

Бұл GMP тиісті өндіріс тәжірибесі жағдайында жасалған өнімнің нарықта еркін айналымы үшін қажетті лабораториялық сынақтар мен құжаттарды өзара мойындау үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Осылай, аталған стандарт бойынша жасалған емдік дәрі-дәрмектер Кеден одағы мемлекеттерінің нарығында кедергісіз, қосымша құжаттар мен зерттеулерді талап етпей сатылады. Осы мәселе бойынша келісім жұмысы әлі жалғасып келеді.

GMP – фармацевтикалық өнеркәсібіндегі тиісті өндіріс тәжірибесінің стандарты – фармацевтикалық сала сапасының жалпы әлем таныған стандарты болып табылады. Қазақстанның болашақта ДСҰ-на кіруін, соның салдарынан осы салада да бәсекелестіктің ұлғаюын ескере отырып, сала фармацевтикалық зауыттардың осы стандартқа біртіндеп көшуі туралы шешім қабылдады. Қазақстанның ірі өндірушілері осы стандартқа ие немесе қабылдау сатысында (мысалы, Polpharma фармацевтикалық тобы құрамындағы Santo зауыты).

 

 

  1.  

Қазақстанның Ресей нарығына «қосалқы есік» болатынына байланысты қауіп бар, яғни компаниялар Ресей мен КО нарығына қол жеткізу үшін өндірісті Қазақстанда ұйымдастырады.

 

 

Бұл Қазақстанға барлық жағдайда пайдалы: технологиялар, салық және жұмыс орындары, шектес өндірістердің дамуы тек бізде ғана болады. Қазақстан осындай аса маңызды бәсекелік артықшылыққа әбден лайық: жайлы инвестициялық климат, жеңілдетілген салықтық басқару, бизнесті тіркеу тәртібі жеңіл болғандықтан бізге инвесторлар тартылады.

Әрбір бизнес үшін объектілер мен инвестициялар елін таңдаған кезде барлық жоғарыда аталған факторлар, сондай-ақ саяси тұрақтылық негізгі рөл атқарады. Сол ірі ресейлік өндірушілер өндіріс алаңын бізде құрады, мысалы, Камаз. Елдің солтүстігінде біз астық жинайтын техниканы жинау бойынша бірлескен кәсіпорын салып жатырмыз, Алматыдағы LG зауыты технологиялық өнімді Ресейге тасымалдауды бастады.

Үкімет үнемі елдегі бизнес климатын нүктелі жақсартуда еңбек етеді және де осындай жұмыстың деңгейі бүкіл әлем бойынша кәсіпкерлік ортаның жай-күйі мен дамуын көрсететін және жалпыға бірдей танымал өлшем болып табылатын Doing Business рейтінгінде көрініс алған Қазақстанның барлық институционалды артықшылары.

 

  1.  

Еуразиялық интеграцияның бәсекелестік ортасында нақты қиындықтар бола тұрып біздің бизнесіміз ДСҰ жағдайында бәсекелесуге дайын ба?

 

Кеден одағы – біздің бизнестің бәсекелесу және тіршілікке қабілетін көрсету үшін ең жақсы қадамдық алаң. Оқшауланған нарық жағдайында бәсекелесуге үйрену мүмкін емес. Инвестициялық климатты жақсартатын қолайлы заңнама және жеңіл салық режимі де отандық бизнестің дамуына ықпал етеді.

160-қа жуық ел мен ұйымдар кіретін ДСҰ-на кіру біздің кәсіпкерлеріміздің бәсекелесу алаңы мен мүмкіндіктерін елеулі кеңейтеді. Өндірілген өнім сапасына жоғары талаптар, реттелген сауда ережелері ДСҰ елдерінің нарығындағы бәсекелестікті күшейтіп қана қоймай, сонымен қатар өзінің бизнесін кеңейтуге мақсатталған жауапты кәсіпкерлер үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Сондықтан да еуразиялық интеграция өзіңнің бәсекеге қабілеттілігіңді арттыруға ұмтылдыра отырып, жоғары бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуді үйренуге жақсы мүмкіндік береді.

  1.  

КО басқа қатысушыларымен салыстырғанда біздің бизнесіміздің бәсекелестік артықшылығы қандай? (салық салу, бизнесті тіркеу мен жүргізу жеңілдігі)

 

Осы саладағы Қазақстанның анық артықшылығы анағұрлым төмен салық салу (ҚҚС, атап айтқанда), бизнесті жүргізу кезінде «бір терезе қағидаты» деп аталатын жеңілдікті әкімшілендіру болып табылады. Тұтастай қоғамдық сыныпты құрайтын шағын бизнес өкілдеріне (жеке кәсіпкерлерге) салық салудың қағидатты жеңілдетілген режимі өз бизнесін ресімдеудің (тіркеудің) жедел рәсімі құрылған. Осы шаралардың арқасында Қазақстан бизнесті жүргізудің институционалды және инфрақұрылымды индикаторларын көрсететін халықаралық Doing Business рейтингінде өз позицияларын жыл сайын нығайтып отыр.

  1.  

«4 еркіндіктен» (капитал, тауарлар мен қызметтер және адами капитал қозғалысы) қазақстандық бизнес қандай нақты артықшылықтар алады?

Бұл «еркіндіктер» тауарлар, қызметтер, капитал мен адами ресурстардың қатысушы елдердің нарығына қол жеткізуін жеңілдетеді.

4 «еркіндік» артықшыларының кейбіреулерін ғана барлық 3 елдің кәсіпкерлері алады: тауардың сапасы мен шығу тегінің бірыңғай сертификаты, ішкі шекараларда кедендік, фито-санитарлық, ветеринарлық және өзге бақылау түрлерінің жоқтығы (шекаралықтан басқа), өзара саудадағы көптеген басқа кедергілердің жоқтығы. Бұл бизнеске уақытты және ақша ресурсын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ адами ресурстарының ішкі миграциясы үшін тәртіп едәуір жеңілдетілген: еуразиялық интеграцияның мемлекет-қатысушыларының барлық азаматтары Бірыңғай Экономикалық Кеңістіктің кандай-да бір еліне жұмысқа тұрған кезде (кейбір жағдайларды алып тастағанда) бірдей кәсіби және әлеуметтік құқыққа ие.

 

  1.  

Неге агросектор ДСҰ-ға кіруге қорқынышпен қарайды? Бұл оларға несімен қауіп төндіреді?

 

Қазақстанның ДСҰ-на кіруімен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау салысында қауіп туындамайды, себебі ДСҰ ережелері әрекет етіп жатқан саланы қолдау шараларының күшін жоймайды. Осылай, Қазақстанның ДСҰ мүшелік ету шеңберінде үкімет қазіргі кезде ұсынылып жатқан қолдау шараларын көрсетеді. Осы қолдау шараларына қосымша «Агробизнес 2020» мемлекеттік Бағдарламасында қарастырылған жаңа шаралар ұсынылады. Ағымдағы келіссөздер барысында Қазақстан «Агробизнес 2020» мемлекеттік Бағдарламасының шеңберінде қарастырылған қаржыландыру көлеміне сәйкес салаға қолдау көрсету мүмкіндігін сақтап қалуда.

  1.  

Қазақстан мен Ресей агросекторларына мемлекеттік қолдау көрсетуде сәйкестік бар ма? Кім анағұрлым жеңістік жағдайында?

 

Интеграциялық процестердің осы кезеңінде Ресей мен Қазақстанға ауыл шаруашылығы саласындағы әртүрлі міндеттемелер әрекет етеді. Бұл Ресей ДСҰ мүшесі болуына байланысты, және оның міндеттемелері 2013 жылға дейін 9 млрд. АҚШ долларындағы ішкі қолдау деңгейін көздейтін абсолютті көрсеткіштерде тіркелген. Содан кейін өтпелі кезең ішінде 2018 жылға дейін ішкі қолдаудың 4,4 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеуі көзделеді. Қазақстанға БЭК Келісімімен бекітілген міндеттемелер әрекет етеді, яғни, өзара саудаға бұрмалаушы әсер ететін қолдау шаралары 10% құрайды. Бұл ретте, 2012 жылы көрсетілетін қолдау деңгейі Ресей мен Қазақстанда салыстырмалы мәндерде шашамен бірдей және тиісінше 4,6% және 4,2% құрады.

  1.  

КО елдерінде бизнес үшін салықтық ауыртпалық әртүрлі, ал Қазақстанда ол өте қолайлы болып саналады. БР мен РФ әріптестерінің алдында біздің кәсіпкерлеріміздің тағы қандай бәсекелі артықшылықтары бар?

 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы салықтық ауыртпалықтар, жалпы оның тұтас заңнамасы Ресей мен Беларусь мемлекеттері бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері үшін анағұрлым қолайлы және тартымды болып табылады деген фактіні айтуға болады. Бірінші кезекте бұл төленетін салықтар мен аударымдардың жалпы санының анағұрлым икемді жүйесінде, төлеу әдістерінде, төлеу жиілігі мен осы процесте жұмыс істейтін ведомстволар санында көрініс табады. Мәселен, Дүниежүзілік даму банкінің бағалауына сәйкес Қазақстан салық салу шеңберінде бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша 18 орынды алады. Біздің ұлттық кәсіпкер ие артықшылықтардың құрамдас бөліктері (КО басқа мүше елдеріне қарағанда) салықтық төлемдер санының аздығы, есептілік дайындау, беруге жұмсалған уақыттың аздығы және корпорациялар кірісіне салықты, қосылған құн салығын және әлеуметтік қамсыздандыру аударымдарын төлеу санының аздығы болып табылады.

  1.  

Еуразиялық интеграция процесін қалыптастыруда салалық қауымдастықтар, кәсіпкерлер палаталары каншалықты белсенді катысады?

 

 

 

Интеграция процесінде Қазақстанның мүдделерін қорғау ұтымды, нақтыланған және ойластырылған ұсыныстарсыз мүмкін емес, бірінші кезекте салалық уәкілеттіктерден. Осы тұрғыдан Қазақстан кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы мен салалық қауымдастықтардың ынтымақтастығынан оң әсер айқындалып тұр және олар пайдалы ұсыныстар енгізумен қоймай, Қазақстан мүдделерін, ұстанымдарын қорғауға көмектескен кез-келген ұйыммен ынтымақтастық жасауға белсене қатысады.

  1.  

Кеден одағының құрылғанынан бастап 4 жыл өтті. Қандай да «сандық» көрсеткіштер бар ма? Біз қандай нәтижелерге жеттік?

 

Кеден одағының жұмыс істеуі, үш мемлекетке қатысты бірыңғай сыртқы саясатты жүргізу, Кеден одағының аумағына тауарлардың еркін орналасуын қамтамасыз ету оң нәтижелерін берді. Кеден одағы елдері арасындағы шекараларда кедендік бақылау алынып тастау фактісінің маңызы аз емес. Бұл бизнеске әкімшілік жүктеменің төмендеуін сөзсіз сезінуге мүмкіндік береді, сондай-ақ бұл өзара сауданың дамуына ықпал етеді. Мәселен, Қазақстанның Ресеймен және Беларусьпен 2013 жылғы тауар айналымы 2009 жылмен салыстырғанда Ресей мен беларусиямен РРР87,6% ұлғайды және 24,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Кеден Одағы елдеріне Қазақстан экспорты 5,9 млрд. АҚШ долл., импорт 18,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстандық экспорттың аталған кезеңде 64% ұлғаюын айта кеткен жөн. Әсіресе жоғары қосылған құны бар өндірілген тауарлар экспортының өсуі (97%) көрініп тұр. Нәтижесінде қазақстандық экспорттағы өндірілген тауарлар үлесі 44,9%- дан 54,3%-ға өсті. Қазақстанның кондитерлік бұйымдарының экспорты 4 жылда 9 есе өсті және 35 млн. АҚШ долларынан астам құрады, макаронды бұйымдар – 60%-ға, күріш – 5 есе артты. Сондай-ақ түпкілікті тұтынушы мен кәсіпорын үшін шырын, автомобильді техника, құбырлар, трансформаторлар, конденсаттар мен басқа да тауарлар экспорты бірнеше есе өсті.

  1.  

Ресейде әрекет ететін қалдықтарды өңдеу жұмысы қазақстандық автомобильді өнімдерді Ресей нарығына экспорттауды шектейді.

 

 

 

Жалпы, қалдықтарды өңдеу жұмысы Ресейдің ДСҰ-ға кіру нәтижесінде импортты кеден баждарын төмендету өтемі ретінде енгізілген және де импортты тауарлармен қатар Кеден одағы елдерінен енгізілетін тауарларға қатысты. Сонымен қатар Ресей мемлекеттік органдары ресейлік авто өндірісіне субсидиялар беру көлемі мен тәртібін талқылауда. Осы субсидиялар мәнінде қалдықтарды өңдеу төлемдерінің есесін қайтарады.

Осыған байланысты, қазіргі кезде ҚР мүдделі мемлекеттік органдары автомобильдерді Ресей Федерациясына экспорттау кезінде отандық авто өндірушілерге қалдықтарды өңдеу жұмысын төлеу бойынша сомаларының есесін қайтару механизмін анықтауда.

 

  1.  

Қандай уәкілетті орган зияткерлік меншік құқығын қорғауды реттейді?

Осы саладағы реттеу БЭК қатысушы елдердің уәкілетті органдарына және Еуразиялық экономикалық комиссияға жүктелген.

  1.  

БЭК барлық 3 елдің экономикалары жұмысшыларды, оның ішінде, төмен білікті күшті тартпай жұмыс істей алмайды. «Заңсыз еңбек миграциясына қарсы іс қимыл бойынша ынтымақтастық туралы» қабылданған келісім біздің елдерімізде үшінші елдерден келген еңбек мигранттарының болуын қаншалықты қиындатады? Бұл ретте, Қазақстанның экономикалық мүдделері зардап шекпей ме?

Заңсыз имиграциямен күрес БЭК қатысушылардың барлығының «залалды» нүктесі болып табылады. Бұл мәселе, ең алдымен ұлттық заңнамамен реттеледі. Мемлекеттік жоғары келісім осы саладағы ұлттық заңнамаға бірыңғай қағидаттар мен талаптар қалыптастырады, яғни заңсыз миграцияны жою және заңсыз миграцияға көмек көрсететін жеке немесе заңды тұлғаларға қарсы іс-қимыл жасау бөлігінде оларды үйлестіреді. Қазақстанда еңбек мигранттары үшін тіркеу рәсімдерін оңайлату бойынша шешім қабылданған, оған сәйкес тек ХҚО тіркелсе, ай сайын мемлекет пайдасы үшін азғантай төлем (2 АЕК) төлесе және жұмысқа құқық алса жеткілікті.

 

  1.  

Жекелеген тауарлар немесе тауар топтары БЭК елдері бойынша «еркін» қозғала алмайды немесе сондай преференциялары болмайтын жағдайларда «ұлттық алып қоюлар» деп аталатын жағдайға көп сөгістер айтылады. Бұлар не үшін жасалады? Келешекте мемлекеттік жоғары айналымынан қандай да бір тауарларды «алып қою» жоспарланады ма?

Кеден одағына қатысушы барлық елдердің өкілдері бір-біріне қатысты осындай нарықтық емес қадамдар туралы бірнеше рет мәлімдеді. Қазіргі уақытта осы мәселені 2015 жылға дейін, яғни Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енгенге дейін шешуге саяси еркіндік бар. Осы саладағы мәселелерді реттеу мақсатында іскерлік орта мен уәкілетті органдар өкілдерінен жұмыс топтары құрылған. Осындай «алып қоюлар» саны біртіндеп азаяды.Тұрақты пысықталатын заңнамалық база (атап айтқанда, бәселестіктің бірыңғай ұстанымдары мен қағидалары туралы келісім) осындай даулы жағдайларды шешуге ықпал етуі тиіс.

  1.  

Бүкіл әлемде Қазақстанға тиесілі темір жолдар үлесі 8%, автожолдар үлесі 2% болғанынан және де елімізде шекарадан өту процесін жеңілдетуден Кеден одағының логистикалық тартымдылығы артты ма?

Қазіргі уақытта авто және теміржолдар тасымалының жалпы өсуінен КО логистикалық тартымдылық үлесін бөліп көрсету қиын. Сол ішкі шекараларда бақылаудың әртүрлі түрлерін алып тастау тұрғысынан Кеден одағының ішкі шекараларынан өту кезінде жылдамдықтың ұлғаюы анық. Бұл уақытты және тиісінше, ақша ресурсын сөзсіз үнемдейді. Шолу жасалған келешекте БЭК аумағы арқылы авто және т/ж тасымалының бәсекелі тартымдылығын осылай есептеу мүмкін.

Сонымен қатар ЕЭК бірлескен нарығы шығыс пен батыс арасындағы шексіз байланыстырып тұратын буын болып табылады, бұл жағдайда Қазақстанның Қытай сияқты негізгі тұтынушылармен ортақ шекара түрінде артықшылықтары бар, сондай-ақ біз Орта Азияның өсіп келе жатқан нарығымен шектеспіз; «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» авто жолы сияқты инфрақұрылым жобалары біздің көліктік тартымдылығымыздың өсуіне жағдай жасайды. Бізге Ресей арқылы еуропалық нарық пен теңізге шығу ашылады.

  1.  

Электр энергетикасы саласындағы табиғи монополия қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы келісімнің басты міндеттері қандай?

Осы келісімнің басты міндеті электр энергиясын өндіру және беру, сондай-ақ БЭК елдерінің жалпы электр энергетикалық нарығын қалыптастыру саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Келісім осы саладағы заңнамаларды, техникалық нормаларды біртіндеп үйлестіруді қарастырады. Келісімнің негізгі қағидаттары қайтарымдылық, талаптардың бірізділігі, тиісті техникалық жағдайы мен ұлттық заңнаманы есепке алуы болып табылады.

 

  1.  

БЭК-тің ағымдағы қызметі, келісімдері, шешімдері мен бастамалары туралы ақпарат қайда орналасқан?

БЭК-тің қызметі, ағымдағы және жоспарлы шешімдері туралы ақпаратты Еуразиялық экономикалық комиссия (www.eurasiancommision.org) және экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі жанындағы «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ (trade.gov.kz) сайттарынан табуға болады.

  1.  

БЭК шеңберінде монополияға қарсы реттеудің нормативтік құқықтық базасы қандай құжаттардан тұрады?

 

Отандық өндірушілер үшін 2012 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Бәсекелестіктің бірыңғай ұстанымдары мен қағидалары туралы келісім туралы білу маңызды. Келісімді іске асыру үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның 11 құжаты әзірленді және бекітілді, оның ішінде, Бәсекелестік туралы Үлгілік заң. Заңға Кеден одағы елдері мен батыс Еуропа және АҚШ елдерінің монополияға қарсы ең үздік нормалары, сондай-ақ Бәсекелестіктің бірыңғай ұстанымдары мен қағидалары туралы келісімнің бірқатар баптарының нормалары енгізілген. Сонымен бірге, Бәсекелестік туралы Үлгілік заң ұсынымдық, бірақ, міндетті емес сипатындағы акт болып табылады. Әрбір тарап бәселестік реттеуді жақсарту бөлігінде қажетті және өзекті деп санайтын нормаларды қабылдай алады. Заңның өзектілігі – жаңа интеграциялық жағдайларда монополияға қарсы реттеумен ахуалды жақсарту үшін өз заңнамасында оның нормаларын қолдану мүмкіндігінде. Үлгілік заңда Кеден одағы елдерінің ұлттық заңнамасына сілтеме жасалған норма бар, бұл отандық өндірушілер мүдделерінің қорғалуы туралы растауға негіз болады.

  1.  

БЭК қатысушы елдердің қаржы нарығына интеграция қалай жүргізілуде?

Капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету және қаржы секторында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін қаржы нарықтарында жағдайлар жасау мақсатында Қаржы нарықтарын реттеу туралы келісім қабылданған. Негізгі ұстанымдары жарияланатын ақпараттың көлеміне, сапасына және мерзімділігіне қойылатын талаптарды үйлестіру, ақпаратты ашу, инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалануға қарсы іс-қимыл, бағалы қағаздар нарығындағы манипуляция, жүйелі тәуекелдердің алдын алу үшін ашықтық, есептілік қағидаттары мен қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын пайдалану саласындағы заңнаманы үйлестіру болып табылады.

  1.  

Баға қалыптастыру мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалдау жүйелері бойынша газ тасымалдау саласында табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне қолжетімділік қағидалары туралы келісім нені реттейді?

 

Бұл келісім БЭК елдерінен шығатын газды тасымалдау саласында табиғи монополия қызметтеріне қолжетімділік қағидасын белгілейді. Келісімнің негізгі қағидалары тараптардың әкелу және әкету кедендік баждарын қолданбауы, қатысушы елдердің ұлттық заңнамасына сәйкес ішкі қажеттіліктер үшін баға белгілеу, БЭК қатысушы елдердің газ нормалары мен стандарттарын біріздендіру, БЭК қатысушы елдердің ішкі қажеттіліктерін бірінші кезекті қамтамасыз ету және экологиялық қауіпсіздікті қамтасыз ету болып табылады.

  1.  

Бизнес қоғамдастықтар КО техникалық регламенттеріне өздерінің дайын еместіктері туралы мәлімдеп, өнімдердің сәйкестігін растайтын сынақ зертханалардың жоқтығына шағымданады. Үкімет осы орайда қандай шара қабылдауда?

 

Техникалық регламент жобасын әзірлеу және талқылау кезеңінде міндетті түрде Қазақстанның бизнес-қоғамдастықтары, ғылыми ұйымдары тартылады. Бұдан басқа, әзірлеу алгоритімі техникалық регламенттер жобаларын бұқаралық талқылауды көздейді, ол кемінде 2 айға созылады және кез-келген мүдделі тұлға (өндіруші, өнім беруші) қарастырылып отырған құжаттар бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін айта алады, ол әдетте, келіссөз ұстанымының негізіне жатады. Осылайша, қабылданған техникалық регламент Қазақстан кәсіпкерлерінің мүддесін барынша ескереді. Сонымен бірге, отандық өндірушілерде проблемалар туындаған жағдайда бұл мәселелер бастамалық түрде Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комиссияға, Техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша сараптамалық кеңес алаңына талқылауға енгізіледі және КО мен БЭК бойынша әріптестермен тиісті келіссөздер жолымен техникалық регламентке өзгерістер енгізу мүмкіндігі қарастырылады. Сондай-ақ қазіргі уақытта Кеден одағының техникалық регламенттерін және стандарттарын әзірлеуге кешенді тәсілдер мақсатында Техникалық реттеу және метрология комитетінің жанында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мониторинг, техникалық реттеу, оның ішінде стандарттау саласында реттеуші әсерді алдын ала талдау және бағалау бойынша функцияларды орындайтын Ақпараттық қамтамасыз ету орталығын құру мәселесі қарастырылуда. Бұдан басқа, сертификаттау және сынақтық зертхана бойынша қолданыстағы органдардың қажеттісін құру және күшейту бойынша жұмыс жүргізілуде.

  1.  

Ветеринарлық қадағалаудың (бақылаудың) бақылауындағы өнімді Кеден одағының кедендік аумағына енгізу үшін не қажет?

 

Ветеринарлық қадағалаудың (бақылаудың) бақылауындағы тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына енгізу кезінде мынадай реттеу шаралары қолданылады:

1) ветеринарлық сертификат;

2) әкелуге рұқсат;

3) үшінші елдер кәсіпорындарының тізілімі.

Ветеринарлық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринарлық талаптардың № 1 қосымшасында толыққанды ақпарат берілген (Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімі).

 

  1.  

Ветеринарлық қадағалаудың (бақылаудың) бақылауындағы өнімді Қазақстан Республикасынан Кеден одағының кедендік аумағына енгізу кезінде қандай талаптарды сақтау қажет?

 

Кеден одағына мүше мемлекеттер үшін интеграциялық процестер шеңберінде Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен Ветеринарлық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринарлық талаптар бекітілді, олар Кеден одағына мүше мемлекеттердің барлығының тауарларына қолданылады.

Осы талаптарға сәйкес ветеринарлық қадағалаудың (бақылаудың) бақылауындағы өнімді Қазақстан Республикасынан Кеден одағының кедендік аумағына енгізу кезінде тауарлар:

Бір Тараптың аумағынан екінші Тараптың аумағына тасымалданатын тауарларды өндіруді, өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың тізіліміне енгізілген кәсіпорындарда өндірілген;

Кеден одағы комиссиясының бекітілген бірыңғай нысан бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті орган берген ветеринарлық сертификатпен бірге болуға тиіс.

 

  1.  

Үшінші елдердің кәсіпорындары үшінші елдер кәсіпорындарының тізіліміне қандай тәсілмен енгізілуі мүмкін?

 

Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 18 қазанындағы № 834 шешімімен бекітілген Ветеринарлық қадағалауға (бақылауға) жататын объектілерді бірлесіп тексеру және тауарлардың (өнімнің) сынамасын іріктеуді жүргізудің бірыңғай тәртібі туралы ережеге сәйкес үшінші елдердің кәсіпорындары:

- үшінші елдің құзыретті органы беретін тізбенің негізінде осы елдің ресми бақылау жүйесі аудитінің оң нәтижесі;

- үшінші елдердің кәсіпорындарын Кеден одағына мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының бірлескен тексеруінің оң нәтижесі;

- үшінші елдің құзыретті органы беретін бақыланатын тауарларды аумағына әкелу жоспарланып отырған Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына кепілдік негізінде енгізіле алады.

 

  1.  

Ветеринарлық препараттар, жем-азық қоспалары Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірінде тіркелген жағдайда, оларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің

барылығында тіркеуді жүзеге асыру қажет пе?

Кеден одағының кедендік аумағында ветеринарияда қолдану үшін дәрілік заттар мен жем-азық қоспаларын әкелу, тасымалдау және пайдалану, олар Кеден одағына мүше мелекеттердің уәкілетті органдарында тіркелген жағдайда жүзеге асырылады.

Кеден одағына мүше мелекеттер ветеринарияда қолдануға арналған дәрілік заттар мен жем-азық қоспаларды тіркеу нәтижелерін өзара таниды.

 

  1.  

Қандай мемлекеттік бағдарламалар мен нақты шаралар шағын және орташа бизнесті қолдауға бағытталған?

3 елдің ортақ нарығына байланысты өсіп келе жатқан бәсекелестікті ескере отырып, қазақстан үкіметі шағын және орташа бизнесті қолдаудың бірқатар шараларын қабылдады. Қолдаудың салалық бағдарламаларымен қатар (мысалы, фармацевтикалық саланың дамуына қолдау көрсету бағдарламасы), жалпы ұлттық шаралар да әрекет етеді. Олардың ішінде экономиканың шикізат емес секторларында аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге және жұмыс орындарын құруға мақсатталған «Бізнестің жол картасы 2020» бағдарламасын атап кеткен жөн. Бағдарламаның негізгі мақсаттары: жаңа бизнес-бастамашылықтарын қолдау, кәсіпкерлікті қалпына келтіру, кәсіпкерлердің валюта тәуекелін төмендету және олардың әлеуетін күшейту. Кәсіпкерлерге осы бағдарлама тарапынан нақты көмек несиелердің арзандауы (субсидиялау) болып табылады. Осы бағдарлама туралы толыққанды ақпаратты ҚР аймақтық даму Министрлігінің сайтында - http://minregion.gov.kz/ табуға болады.

Мемлекетпен 2014 жылы екінші деңгей банктері арқылы ШОБ қолдауға 100 миллиард теңге бөлінді. Осы бағдарламаның ашықтығы мен оны кәсіпкерлерге түсндіру үшін «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының базасында тегін телефон желісі – 1408 ашылған.

Қазақстандық тауарлардың экспорттық алға жылжуына “KAZNEX INVEST” экспорт пен инвестиция бойынша ұлттық агенттігі» қолдау көрсетуші болып танылған.

Сондай-ақ ҚР үкіметі бизнестегі әкімшілік кедергілерді жою бойынша шаралар қабылдайды, Мемлекет басшысының шешімімен ШОБ тексеруге мараторий жарияланған. Жоғарыда аталған шаралар біздің бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне жағдай жасайды.

 

  1.  

Қазақстанның БЭК-ке қатысу міндеттерінің бірі инвестицияларды тарту, соның ішінде экономиканың өңдеуші секторына тарту болды. Осы бағытта қандай жетістіктерге қол жеткізілді?

Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіне тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) тарту көлемінің артуы жоғары көрсеткіш болып табылады. Мысалы, Кеден одағы құрылған сәттен бастап Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіне ТШИ көлемі 88 пайызға – 2009 жылғы 1,8 млрд. АҚШ долл. 2012 жылы 3,4 млрд. АҚШ долл. дейін артты. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген кезеңде ТШИ жалпы көлемі 34% өсті – 21,4 млрд. АҚШ долл.-нан 28,3 млрд. АҚШ долл. дейін.

  1.  

Еуразиялық экономикалық комиссиясы біріңғай мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы Келісім қабылдады. Бұл құжат біздің бизнестің мүмкіндіктерін елеулі кеңейтеді. Осы мәселе қай деңгейде?

Осы Келісім нормалары Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа кіреді. Келісім осы салаға қатысты ұлттық заңдарды бір қалыпқа келтірді. Мемлекеттік сатып алулардың қазақстандық үлгісі көбірек озық екенін айта кеткен жөн, мысалы заманауи технологияларды пайдаланып электронды сатып алудың дамыған жүйесі, электронды-сандық қолтаңба және т.б.

Қазіргі таңда бірыңғай мемлекеттік сатып алу орталығын құру жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бірыңғай мемлекеттік сатып алу біздің кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктерді едәуір кеңейтеді, БЭК қатысушы үш елдің мемлекеттік сатып алу нарығы қазақстандықтан 26 есе жоғары, бұл олардың өндірістік әлеуетін ұлғайтады. Бірыңғай сатып алуға барлық үш елдің кәсіпкерлері қол жеткізе алатынын айта кету керек, бұл бәсекелестікті едәуір ұлғайтады. Қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы сатып алулар бұл келісімге кірмейді.

 

  1.  

Отандық авиатасымалдаушылар кеден бажын қолданылатын болғандықтан, сатып алынатын авиапарктің қымбаттауы мүмкін. Елдегі өздерін жақсы жағынан танытқан негізгі авиапарктер - Эйрбас пен Боинг. Оы бағытта не қабылданды?

 

2013 жылғы 25 қыркүйекте Астанада үкімет басшылары деңгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Осы кездесудің маңызды қорытындысы азаматтық жолаушылар ұшағы және астық жинайтын комбайндар мен Кеден одағының кедендік аумағына енгізілетін оның модульдері мәселелері бойынша шешімдерге қол қою болды. Отандық авиатасымалдаушыларды қолдау үшін 2019 жылға дейін азаматтық жолаушылар ұшақтарының кейбір түрлерін бажсыз әкелу жеңілдігі ұзартылды. Осы мәселе екі жылдан астам уақыт ішінде Кеден одағы шеңберінде әртүрлі деңгейлерде қарау нысанасына айналды. Бұл мәселені шешу, ұлттық авиакомпанияларға ұшақтар паркін жандандыру бойынша жоспарды іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, әрі сол арқылы авиатасымалдаушылардың әлемдік нарығында бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

 

 

Еуразиялық экономикалық интеграцияның қоғамдық маңызы бар мәселелері

 

  1.  

Кеңестік үкіметтен кейінгі кеңістікте бірнеше интеграциялық бірлестіктер (Ресей-Беларусь одақтық республикалары, КО-ЕЭК, ЕурАзЭҚ, ТМД) жұмыс істейді. Осы бірлестіктердің тағдырын (2020 стратегиясын негізге ала отырып) қалай елестетуге болады және неге? Жаңа интеграциялық құрылым қандай көрініс табады және оның артықшылығы қандай?

 

1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда 11 егемен мемлекет басшылары осы Келісімге Хаттамаға қол қойды, онда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құруды тең құқылы бастауға баса назар аударылды.

ТМД достастықты, тату көршілікті, ұлтаралық келісімді және бұрынғы одақтық республикалары арасындағы сенімділікті одан әрі дамытуға және нығайтуға қызмет етеді.

Интеграциялық процестерді дамыту идеясын, атап айтқанда, Еуразиялық одақты құруды бірінші рет 1994 жылы Мемлекет басшысы өзінің М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі дәрісі барысында баяндады.

Еуразия кеңістігіндегі интеграция идеясының жүзеге аса бастауы 2000 жылғы 10 қазанда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан арасында ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа қол қоюмен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құруға алып келді.

Кезең-кезеңді еуразиялық интеграция өзінің іс жүзінде қолданылуын ЕурАзЭҚ пен ТМД кіретін елдер арасындағы еркін сауда аймағы түрінде қабылдады. Өзара сату преференциялары, ең қолайлы жағдай тәртібі интеграцияның келесі кезеңіне локомотив болды: ерекше байланысы мен күшті экономикасы бар елдер – Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы Кеден одағы. 2010 жылы құрылған жалпы 170 миллионды нарық ең алдымен ұлттық экономиканың жаңғыруына және кәсіпкерлік санаттың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған.

2012 жылғы қаңтарында күшіне енген бірыңғай экономикалық кеңістік тауарлар, қызметтер, капитал мен адами ресурстарының еркін тасымалдауын қамтамасыз етуге тартылған интеграцияның терең, мәндік нысаны болып табылады.

Еуразиялық интеграциялық процестің ең жоғарғы нүктесі Еуразиялық экономикалық одақ болу керек, оны құру туралы шартқа қол қою 2014 жылғы мамыр айында Астана қаласында жоспарланған. Қазіргі таңда белсенді талқыланып жатқан Шарт жобасы Кеден Одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде қызмет ететін келісімдердің жинақталған нормативтік-құқықтық базасымен қатар экономика саласындағы ең үздік әлемдік интеграциялық тәжірибені сіңіріп алған. Еуразиялық интеграцияның айқын артықшылықтары ол одақтас елдердің ұлттық экономикаларының жаңғыруына жағдай жасайтын ішкі экономикалық шектеулердің алынуы, преференциалды сауда, шығару нарығын кеңейту, инвестициялық тартымдылықты ұлғайту.

  1.  

2020 жылға қарай экономикалық құрамдауыш саяси құрамдауыштан басым болып, барлық интеграциялық тетіктер жөнге қойылып, жүйеге келуіне қандай мүмкіндіктер бар?

Интеграциялық процестің қалыптаса бастаған кезеңінде әр түрлі салада бірлесіп жұмыс істеу кезінде әр түрлі келіспеушіліктермен, дұрыс қойылмаған тетіктермен кездесеміз. Бірлескен комиссиялар бастапқы кезеңіндегі барлық проблемалық мәселелерді дәйекті түрде шешеді. Мемлекеттік жоғары шешімдерді 3 елдің заңнамасымен үйлестіру, бизнес үшін жақсы шешімдер табу белгіленген уақыт алады. Ең жақын болашақта бұл мәселелердің болмайтынына нақты сенім бар.

Еуразиялық интеграция – бұл ең алдымен экономикалық бірлестік, оның түпкі мақсаты – саяси тәуелсіздікке зиян келтірмейтін тауарларды, қызметтерді, инвестицияларды, еңбек ресурстарын ілгерілету, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру үшін барлық кедергілерді жою.

Теория тұрғысында саяси сәтке Мемлекет басшыларының тағы да КО мен ЕЭК шеңберінде әрбір жеке мемлекет үшін таза экономикалық пайдаға негізделген интеграциялық қатынастарды дамытуға деген қалауларын жатқызамыз.

 

  1.  

Экономикасының даму деңгейі бойынша ТМД елдері арасында елеулі айырмашылықтар бар. Бұл интеграциялық процестерге қаншалықты кедергі келтіреді? Кеңестік үкіметтен кейінгі кеңістікте интеграцияны дамытуға тағы не кедергі келтіреді?

2000 жылы Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан арасында Еуразиялық экономикалық кеңістік құрғаннан кейін ЕурАзЭҚ елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастық деңгейін ескере отырып, Кеден одағын құруға барынша дайын үш ел – Қазақстан, Ресей, Беларусь арасындағы интеграцияны одан әрі тереңдету туралы шешім қабылданды. Осы мемлекеттер Бірыңғай кедендік тарифті қалыптастыру процесінде барынша алда болды. Үш елдің кедендік тарифтері 65%-ға біріздендірілді.

Экономиканың құрылымдық ұқсастығы, ортақ проблемалар, шикізат тәуелділігі Қазақстанды, Беларусь және Ресейді экономикалық бірлестікке ынталандырды.

Кеден одағы, сонымен қатар қазіргі уақыттағы Бірыңғай экономикалық кеңістік – бұл басқа мемлекеттердің қосылуы үшін ашық интеграциялық бірлестік.

Ортақ еуразиялық нарыққа қосылуда үшінші елдер үшін кедергілердің бірі бірыңғай сыртқы сауда саясатын жүргізудегі міндеттемелерді қабылдау, бірыңғай кедендік тарифке қосылу және бірыңғай ішкі нарық ішінде экономикалық шектеулерді алу. Бұдан басқа, интеграцияланған бірлестікке қатысу – бұл үлкен жұмыс, атап айтқанда Кеден одағы мен БЭК нормативтік базасына қосылу және қосылатын елдердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру. Қазіргі кезде мұндай міндеттемелерді қабылдауға кейбір елдер дайын емес.

  1.  

Интеграциялық процестердің сценариі және осы сценарийлерді іске асыру кезіндегі тәуекелдер қандай?

 

 

Интеграциялық қатынастарды дамытудың одан әрі бағытын айқындай отырып, Мәскеуде 2011 жылғы 18 қарашада Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық интеграция туралы декларация қабылдады. Онда мемлекеттер 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін КО мен ЕЭК нормативтік-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттарды кодификациялауды аяқтауға тырысып, осының негізінде Еуразиялық экономикалық одақ құратын болады.

Тәуекелдер еуразиялық кеңістікте интеграцияны дамытуға ғана тән емес, олар әрбір жаңа істе болады.

Әлемде болып жатқан объективті интеграциялық процестердің мақсаты – басқарудың жаңа саяси стратегиясына өтуді, яғни жаһандану саясатынан интеграция саясатына өтуді болжайтын өңірлік дағдарыстар мен жаһандық дағдарыстар сынды негізгі тәуекелдерге қарсы тұра білу. Бұл үшін терең экономикалық қайта құру ұлттық, өңірлік және әлемдік деңгейде қажет етіледі.

Кеден одағын құру мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті одан әрі қалыптастыру идеясының мәні – туындау тәуекелі жыл сайын өсіп келе жатқан әлемдік нарықтағы қолайсыз жағдайларды қалпына келтіру міндеті.

Тәуекелдердің бірі ретінде КО әлеуетті жаңа елдерді есептеуге болады: Қызғызстанның Кеден одағына қосылуы осы ел арқылы жүріп жатқан қытай импортының аса мол көлемі қаупін төндіреді, ал сол ел көбінесе Қытайдан ТМД аумағына тауарларды тасымалдау үшін ірі логистикалық орталық ретінде пайдаланылады. Сондықтан да Қазақстан осы республиканың КО кіру мәселесін терең тексеруін, Қырғызстанның бірқатар міндеттемелерді орындауын, соның ішінде жол картасын, заңнаманы үйлестіруді сұрап отыр.

Валюта-қаржы жүйесінде әр мемлекеттің өзінің маңызды ұлттық ерекшеліктері сақталған, олар осы саладағы интеграцияны объективті қиындатады. Мысалы, Беларусь, Ресей мен Қазақстанға қарағанда басқа ақшалай саясатты жүргізеді (белорусьтар ішкі қаржы көздеріне және жеке өндіріске ставка жасады. Дамымаған қаржы нарығы мен нақты деңгейдегі қаржы жүйесінің жабық болуы осы үлгінің сырт жағы болды). Қазақстан еуразиялық интеграцияны «жабық клуб» ретінде емес, мүмкіндіктерді кеңейту деп қарастырады; ірі тұтыну нарықтарымен (Еуроодақ, Солтүстік Америка) ортақ шекарасы немесе байланыстыратын теңіз порты болмай тұра, интеграция арқасында біздің елдің осындай мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар Қазақстанның дүниежүзінің ең қуатты экономикаларының бірі – Қытай мен батыс арасындағы байланыстыратын буын болуға барлық мүмкіндіктері бар.

  1.  

Кеден одағындағы Қазақстан Республикасының рөлі және осы интеграциялық бірлестікке қатысу тәжірибесі

 

2010 жылғы бірінші қаңтардан бастап үш мемлекеттің – Беларусь, Қазақстан және Ресейдің Кеден одағы іс жүзінде жұмыс істеуін бастады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің ұлттық жоғары органы – Еуразиялық экономикалық комиссиясының толық құқылы мүшесі болып табылады.

Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысты жұмыс аяқталуда.

Осылайша, Қазақстан президентінің 20 жыл бұрын Ломоносов атындағы ММУ лекция оқыған кезде айтқан Еуразиялық одақ туралы идеясы өзінің іс жүзінде қолданылуын бастады. Еуразиялықтың барлық қатысушылары таныған интеграцияның негізін қалаушы және локомотиві болып табылатын Қазақстан барлық салада бірлескен экономикалық ынтымақтастықтың баға жетпес тәжірибесін қолдануда. Саудадағы кооперация тәжірибесі, осы салада жинақталып жатқан заңнамалық база елдің ДСҰ кіру кезеңінен аздау күйзеліспен өтуге мүмкіндік береді. Ішкі шекараның ашық болуы адами ресурстардың бәсеке қабілеттілігін ұлғайтуға ынталандырады. Бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің тұрақты ұлғаюы, үшінші елдермен өсіп келе жатқан сауда айналымы, жаңа, соның ішінде бірлескен өндіріс ашу, өсіп келе жатқан инвестициялық тартымдылық мемлекеттің табысты бәсекелесу қабілетін асырады. Бірыңғай нарық Қазақстанның жеке өзінің өндірісін дамытуға жағдай жасады, осылай шикізат тәуелділігі төмендеді және экономика жаңғыртылды.

  1.  

Евразиялық интеграция идеясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа тиесілі. Осы идеяның негізгі импульсі не болып табылады?

Ең алғашқы бұл идеяны Нұрсұлтан Әбішұлы 1994 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі дәрісі барысында атап өтті.

Осы идеяны іске асырудың ғылыми базасына Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, ҚР Бірінші Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты, ҚР БҒМ Экономика институты және т.б. зерттеулер негіз болды. Жүргізілген зерттеулер негізінде және сыртқы факторларды дамытуды ескере отырып, біздің жақын көршілермен және бұрынғы серіктестермен интеграцияны тереңдету туралы шешім қабылданған болатын.

Кеден одағын құрудың негізгі экономикалық алғышарттары ретінде мыналарды атап өту керек: Қазақстанның экономикасына шикізат сипаты тән, ол туралы өндіріс құрылымы мен тауарлар экспорты растайды.

1993 жылдан бастап республика экономикасына тартылған шетел инвестицияларының көп бөлігі (65%) өндіруші секторға салынды. Осыған байланысты, Қазақстанды дамытудың оңтайлы жолы тұтыну нарығын кеңейтусіз мүмкін емес жеделдетілген индустриализация болып табылады, себебі бұл қазақстандық экономиканың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бірыңғай нарық Қазақстанның еуропа елдерінің тартымды тұтыну нарықтарына шығуға және де ҚХР мен ЕО қуатты экономикалары арасындағы байланыстыратын буын болуға мүмкіндік береді. Интеграцияның мағызды мақсаты негізінде экономиканы жаңғыртуды анықтап және біздің елдің әл-ауқатының дамуына осының әсерін түсіне отырып Мемлекет басшысы сыртқы экономикалық саясаттың одан әрі бағытын – Еуразиялық кеңістікте интеграциялық процестерді дамытуды айқындады.

Сонымен жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында Президент біздің жақын көршілермен интеграция мүмкіндіктеріне баса назар аударды:

«Біз ХХІ ғасырдағы жаһандық сын-қатерлерге еуразиялық интеграцияны тереңдетумен жауап берудеміз.

Біз Ресеймен және Беларусьпен бірге Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастырдық, Еуразиялық экономикалық одақ құруға келе жатырмыз.

Бұл – жалпыөңірлік тұрақтылықтың, біздің экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы.

Біз ТМД-ның басқа мемлекеттерінің еуразиялық интеграцияға қосылуға ұмтылысын қолдауға дайынбыз».

 

  1.  

ЕЭК бюджеті қалай қалыптастырылады?

 

Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың 7-бабының 3-тармағында комиссия қызметін қаржыландыру 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, баламалы әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімге сәйкес, әрбір Тарап үшін әкелу кедендік сомаларын бөлу нормативіне тең айқындалатын Тараптардың үлестік жарналары есебінен қалыптастырылатын кезекті күнтізбелік жылға арналған комиссия бюджеті негізінде жүзеге асырылатындығы көзделген.

2010 жылғы 20 мамырда Санкт-Петербургте жасалған Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, баламалы әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімнің 5-бабының 3-тармағына сәйкес әрбір Тарап үшін кедендік әкелім бажының сомаларын бөлу нормативі мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

Беларусь Республикасы - 4,70 %;

Қазақстан Республикасы - 7,33 %;

Ресей Федерациясы - 87,97 %.

  1.  

Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарының қызметшілері ЕЭК қызметкерлеріне іріктеу жүргізе ме?

Евразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың 23-бабына сәйкес ЕЭК алқасының Төрағасы конкурстың нәтижесі бойынша комиссия департаменттерінің директорлары мен оның орынбасарлары лауазымдарын тағайындайды. Сондай-ақ, Шарттың 27-бабына сәйкес комиссия департаменттері атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін және комиссия алқасының ұсынысы бойынша комиссия кеңесі бекітетін Тараптар азаматтарының ішінен конкурстық негізде жинақталады.

Конкурстан өткеннен кейін ЕЭК алқасының Төрағасы комиссия атынан комиссия департаментінің қызметкерлерімен еңбек шарттарын (келісімшарттарын) жасайды.

Осылайша, Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары қызметшілерінің ЕЭК қызметкерлерін қабылдауы жүзеге асырылмайды. Бұдан басқа, Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары өкілдерінің комиссия қызметкерлерін іріктеу туралы қандай да бір қағидалары не шешімдері жоқ.

 

  1.  

Шешімдер қабылдау кезінде ЕЭК-ке ЕЭК қызметкерлерінің штат саны бойынша дауыстарының үлесі қандай тәсілмен беріледі.

 

 

Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысы регламентінің 88-тармағына сәйкес комиссия департаменттерінің кадрлық құрамы комиссия туралы шарттың 27-бабына сәйкес қалыптастырылады.

Беларусь Республикасының азаматы болып табылатын қызметкерлердің үлесі комиссия департаменттерінің жалпы штаттық саны шегінде лауазымның әрбір санаты бойынша 6 пайыздық деңгейді, Қазақстан Республикасы азаматтарының үлесі – 10 пайыз деңгейінде, Ресей Федерациясының азаматтарының үлесі – 84 пайыз деңгейінде болуы тиіс.

Бұл ретте, осы бөлу экономикалық белсенді халық есебінен белгіленді.

Анықтама:

2010 жылы Қазақстанда экономикалық белсенді халық 8,6 млн. адам, Ресейде – 71,2 млн. адам, Беларусьте – 4,7 млн. адамды құрады. Үш елдің жиынтық экономикалық белсенді халқы 84,5 млн. адамды құрайды.

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың 7-бабында комиссия шешімдерін қабылдау комиссия кеңесі мүшелерінің немесе комиссия алқасы мүшелерінің дауыстарды мынадай тәртіппен бөлу арқылы дауыс беруі негізінде жүргізілетіндігі көзделген:

а) комиссия кеңесінде – комиссия кеңесі мүшесінің бір дауысы бір дауыс болып табылады;

б) комиссия алқасында – комиссия алқасы мүшесінің бір дауысы, бір дауыс болып табылады.

Бұған дейін 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартында комиссиядағы Тараптар арасындағы дауыс мынадай мәнде бөлінгендігі көзделген: Беларусь Республикасы – 21,5; Қазақстан Республикасы – 21,5; Ресей Федерациясы – 57. Шешім көбінде дауыстардың 2/3 бөлігімен қабылданған.

Қазіргі уақытта ЕЭК алқасының тоғыз мүшесінің үшеуі қазақстандық Тараптан ұсынылғандығы айқындалған. Осылайша, ЕЭК алқасының барлық шешімдері, оның ішінде кадрлық іріктеулер бойынша шешімдер дауыстарды тең бөле отырып қабылданады. Яғни, Қазақстан алқа деңгейінде дауыс беруде өзінің үлесін және осы органда шешімдер қабылдау бойынша басымдықты арттыруға қол жеткізді.

  1.  

ЕЭК қызметкерлерін әлеуметтік-тұрмыстық, материалдық және өзге де қамтамасыз ету қандай мәнде жүзеге асырылады?

 

Еңбекақы төлеу, комиссия орналасқан қала аумағында тұрғын алаңы комиссия қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартта регламенттелген және комиссия бюджеті есебінен жүргізіледі.

2012 жылғы 15 наурызда алқа мүшелерін және Еуразиялық экономикалық комиссия департаменті қызметкерлерін тұрғын үй-жайдың жалпы алаңының нормативтері, сондай-ақ қызметтік тұрғын үй-жайларды жалдауға арналған шығындар көзделген қызметтік тұрғын үй-жайлармен қамтамасыз ету тәртібі туралы ереже бекітілді.

 

  1.  

Кеден одағы деген не?

 

Кеден одағы – шеңберінде одақта өндірілген тауарлар мен қызметтерге кеден баждары мен өзге де экономикалық шектеулер қолданылмайтын бірыңғай кеден аумағын көздейтін 3 елдің сауда-эконоикалық кірігу нысаны. Өздерінің экономикалық тәуелсіздіктерінің бөлігімен бір-бірінің пайдасы үшін кіріккен үш мемлекет өз кәсіпкерлері үшін жалпы сыйымдылығы 2 триллион АҚШ долларын құратын 170 миллионды нарық есігін ашты, іскерлік ортаны дамытуға қабілетті жағдайлар жасады және жасауды жалғастыруда.

 

  1.  

Еуразиялық экономикалық кеңістіктің бұдан бұрынғы интеграция нысандарынан маңызды айырмашылығы қандай?

 

Еуразиялық экономикалық кеңістік тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін интеграциялық процестің анағұрлым ұйымдасқан, заттық нысаны болып табылады. БЭК заңнамасының мазмұнды бөлігі біздің елдерімізге анағұрлым сапалы және тез кірігуге мүмкіндік береді. 2010 жылы жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша БЭК құқықтық базасын құрайтын және 2012 жылы 01 қаңтарда күшіне енген 17 базалық келісімдердің бумасы әзірленген, келісілген және қол қойылған.

 

  1.  

Экономикалық одақ негізінде бұрынғы КСРО сияқты одақ құрылуы мүмкін бе, кейбір патриоттық орта неден сақтанғысы келеді?

КО қатысушы мемлекеттердің президенттері одақтың экономикалық шекарасын нақты белгіледі. Еуразиялық экономикалық одақ – ол экономикалық құрылым, ал оның негізінде қандай да бір саяси блок құру мүмкін емес.

  1.  

Көптеген оппоненттер Қазақстанның Кеден одағына кіруін, осы бірігудің тек Ресейге ғана саяси және экономикалық жағынан тиімді деп атайды. «Үлкеннің кішіні жұтуы»?

 

 

 

Еуразиялық интеграциялық процестің барлық мемлекет-қатысушыларының басшылары бірнеше рет айтып кеткен жағдай ол Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарттың түйіні ол біздің экономикаларымыздың дамуы, Шарттың бірде-бір бабында қатысушылардың саяси егемендігіне шек қоятын нормалар жоқ.

Нарықтардың бірігуінен түсетін экономикалық пайда айқын көрініп тұр. Қазақстан үшін жаңа капиталды және ғылымды қажетсінетін салалар – автомобиль жасау, фармацевтика, басқа да салалар өсу серпіні барынша қолайлы. Ал ел үшін бұл – салықтар, жұмыс орындары, шектес өндірістердің дамуы, жаңа технологиялардың келуі. Экономикасы ЕО жүйесінде құраушы болып табылмайтын Дания мен Финляндия мысалдары көрсеткіш болады, бірақ бұл бүкіл ел бойынша таңбалы тауарлар мен қызметтерді экспорттайтын осы елдердің кәсіпкерлері үшін кедергі емес. Осы елдердің өндірушілері тұтастай бірқатар салаларда сапа эталоны болып табылады (мысалы, даниялық кондитер бұйымдары немесе финдік сантехника мен телефония). Бұған кәсіпкерлердің жылдар бойы белсенді еңбегімен қол жеткізілетіні және қолдау табатыны сөзсіз.

  1.  

Жиі жүргізілетін әңгіме мемлекеттік жоғары парламент болады ма?

Мемлекеттік жоғарғы парламент туралы мәселені талқылау тоқтатылды, қазақстандық Тарап заң шығару функциясын мемлекеттен жоғары заң шығарушы органға тапсыру мүмкін емес екені туралы мәлімдеді. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі бірлескен кооперация тек қана экономика саласына таратылады.

  1.  

ЕАЭО елдерінің мемлекеттік жоғары немесе бірыңғай валютасы енгізіле ме?

Бірыңғай валютаны енгізу одаққа қатысушы елдердің қаржылық-экономикалық заңнамасын үйлестіру бойынша ұзақ жұмыстың нәтижесі болып табылады, бірыңғай макроэкономикалық саясат жүргізу 3 елдің экономикасының жағдайына тікелей байланысты. Шолу жасалған келешекте мұндай шешім мүмкін емес.

  1.  

Мемлекеттік жоғары банк – реттеуші құрыла ма?

ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің «Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің қаржылық нарығын реттеу бойынша ұлттықтан жоғары органы туралы» 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 72 шешімімен, комиссияның Мәскеу қаласында (РФ), ЕурАзЭҚ соты Минск қаласында (БР) орналасуын ескере отырып, БЭК елдерінің қаржы нарығын реттеу бойынша мемлекеттік жоғары органының орналасу орны Қазақстан Республикасында айқындалған.

Қазіргі уақытта бұл мәселе КО мен БЭК бойынша әріптес мемлекеттермен талқылау сатысында.

  1.  

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт жобасының дайындық деңгейі қандай?

 

Шарт екі бөліктен тұрады: институционалды және функционалды, олар 108 бап пен 41 қосымшадан тұрады.

Шарт іс жүзінде келісілді және де 16 сәуірде Мәскеуде өткен комиссия кеңесі отырысынан кейін заң техникасы көзқарасынан түпкілікті түзетуге кірісті.

Қосымшаларға келетін болсақ, олардың бір бөлігі келісілген, басқаларына қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр. Еуразиялық интеграцияға қатысушы мемлекеттердің басшылары нақты бағдарлар берді: бірінші – Тараптардың бірінің мүдделеріне кандай-да бір нұқсан келтірмей барынша консенсус табу; екінші – күдік туғызатын және Тараптар бір жекелеген сәттерде келісімге келе алмаған жағдайлар – шығарылып интеграцияның келесі кезеңіне көшіріледі.

  1.  

Біздің КО мүшелілігіміз бен ДСҰ-ға кіруіміздің арасында стратегиялық және еңсерілмейтін алшақтықтар бар ма?

 

Еңсерілмейтін алшақтықтар жоқ. Қазақстан егжей-тегжейлі талқыланатын келіссөздердің техникалық сатысында тұр. Техникалық сипаттағы күрделілік кеден баждарын талқылау кезінде туындайды, өйткені, Қазақстан Кеден одағының мүшесі бола тұрып осы ұйым шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді сақтауға міндетті. Сондай-ақ экономиканың бір қатар салаларын, атап айтқанда, ауыл шаруашылық саласын мемлекеттік қолдау мәселелерін белсенді талқылауда.

 

  1.  

Азық-түлік пен қызметтерге бағаның тұрақты өсуін көпшілік Қазақстанның кеден одағына қатысуымен байланыстырады. Инфляция мен біздің интеграциялық бірлестіктерге қатысуымыз қаншалықты байланысты?

Ресей мен Беларусьтен келетін тауарлар санының ұлғаюы қазақстан нарығында олардың бағасының анағұрлым нарықтық тәсілмен тұрақтануына ықпал етеді. Қазақстандағы инфляцияның басымды түрде ішкі себептері бар: табиғи монополиялар тарифінің өсуі, еңбек ақы төлеу қорының өсуі, логистикалық және өзге қызметтердің өсуі, тауарлар немесе қызметтердің өзіндік құнына тікелей немесе жанама әсер етуі.

 

  1.  

Егер Қазақстан КО мен ДСҰ мүшеліліктен пайда таппаса, ол осы ұйымдардан шыға ала ма?

 

Ия, шыға алады, мұндай қадамға заңнамалық база бар. Егер Қазақстан қажет деп есептесе, Еуразиялық экономикалық одақтан шығу мерзімі 12 ай құрайды.

 

  1.  

Еркін сауда аймағы деген не және ЕАЭҚ құрылған сәттен бастап оның жұмыс принциптері қалай өзгереді? Қазақстанның және ЕСА кірген мемлекеттердің іскерлік кооперациялары қаншалықты көп өзгереді?

 

Қысқаша айтар болсақ, ЕСА үлкен интеграциялық дамудың (КО – ЕЭК – ЕЭҚ) «үлкен атасы», оның алғашқы фазасы болып табылады. КО кіру шешімін қабылдамаған елдермен ынтымақтастық шарттарының заңнамалық негізделген өзгерістері болатыны және оның негізіне кеден тарифтері бөлігінде кейіннен түрленуі сөзсіз. Бірақ, бұл осы елдермен екі жақты қатынастардың сапасы мен көлеміне әсер етпейтініне сенім жоқ. Осы оптимистік болжамға мынадай негіз бар: елдермен, мысалы, Еуроодақ елдерімен өзара сауданың өсуі.

 

  1.  

Армения мен Қырғызстан Кеден одағына кіруге ниет білдірді. Осы мәселе бойынша келіссөздер қазір қай деңгейде?

 

Армения мен Қырғызстан үшін де, сонымен қатар Кеден одағына қатысушы мемлекеттер үшін де бұл бірінші кезекте, өз өнімдері үшін сату нарығын кеңейту мүмкіндігі. Бірақ осы мемлекеттермен интеграциялық процеске кіру өз заңнамалық-нормативтік базасын едәуір өзгертуге алып келеді, ол үшін ЕЭК өкілдері мен Армения және Қырғызстан өкілдерінің қатысумен жұмыс топтары құрылды. Айта кететін жағдай, осы елдердің еуразиялық интеграция процесіне кіру үшін дайындық деңгейі әртүрлі: Армения Кеден одағымен қатар Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі келісімдерге қосылуға ниет білдірді, ал Қырғызстан тек қана Кеден одағына кіруге дайын. Бұл осы елдердің даму деңгейі мен экономикалырының өзгерістерге дайындығы әр түрлі екенін куәландырады. Қазақстан үшін бұл ең алдымен келешекте экономикалық географияны кеңейтіп, жаңа нарыққа шығу мүмкіндігі.

 

  1.  

Қазақстан ешқандай одақтарға, бірлестіктер мен т.б. қосылмай-ақ табысты бола алар ма еді?

 

Өңірлендіру процесі бүкіл әлемдік құбылыс және қаржылық-экономикалық дағдарысқа қарсы тетік болып табылады. Мысалы, Еуроодақ – соның айқын дәлелі. Бір-бірімен тығыз байланысты, өзара байланысты және өзара тәуелді экономиканың барлық салаларында күшейген бәсеке, жаһанданудың барлық белгілері Қазақстанға да жетті. Сондықтан біз «кеменің» сыртында қалып, өздігінен оқшаулана алмаймыз. Мұндай қосылулар ең алдымен, белсенділіктің ішкі шекараларын кеңейте отырып және бизнеске қолайлы жағдай жасай отырып, өз өндірушілеріміз бен кәсіпкерлеріміз үшін преференция құруға арналған.

 

  1.  

Бірқатар елдер, атап айтқанда, Үндістан және Вьетнам преференциялдық негізде БЭК ынтымақтастық туралы шарт жасауға ниеттерін мәлімдеді. Осы преференциялардың негізі қандай және Қазақстан үшін қаншалықты тиімді?

 

Әңгіме тек осы елдермен ғана емес, сонымен қатар, БЭК қатысушы елдермен ынтымақтасқысы келетін бірқатар мемлекеттермен еркін сауда аймағы туралы болып отыр. Преференциялар кеден баждарының өзара жоқтығы, іскерлік орта үшін рәсімдерді жеңілдету түрінде көрініс табуы мүмкін. Яғни, БЭК толыққанды қатысушы болмай, БЭК жұмыс істеуге ниетті елдер Бірыңғай экономикалық кеңістіктің белгілі бір жеңілдіктерін пайдаланады және осындай жеңілдіктерді БЭК қатысушыларына да ұсынады. Қазақстан үшін бұл экономикалық географияны кеңейту, экономикалық тартымды өңірлерде өзінің қатысу үлесін ұлғайту.

 

  1.  

Құрылатын ЕАЭҚ кірмеген елдермен Қазақстанның іскерлік ынтымақтастығы зардап шекпей ме? Біздің Еуроодақпен немесе Қытаймен саудамызға қысым жасайтын қандай да бір шектеулер, нормалар болмай ма?

 

«Одақтықтың» алғашқы 4 жылы ішінде Қазақстан қолда бардан айырылған емес, керісінше, бірқатар жағдайларда мысалы, Еуроодақ елдерімен ынтымақтастығын күшейткенін көрсетті. Мысалы, Италия Республикасымен Қазақстан айналымының көрсеткіштері оң. Мысалы ҚХР тауар айналымы Ресей Федерациясымен айналымынан өсті және де Қазақстанның жалпы сауда айналымының 17% астам құрайды. Яғни, Қазақстанның еуразиялық интеграцияға қатысуы үшінші елдермен сауда айналымының ұлғаюы мен әлеуетіне жағымсыз әсерін тигізбейді.

 

  1.  

Кейбір сарапшылар еуразиялық интеграцияда әлеуметтік-гуманитарлық сипаттағы процестердің (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым) жоқтығын көрсетеді. Интеграцияның тек экономикалық «өрісін» дамыту көзделген бе, әлде әдейі жасалып отыр ма? Және осы бағытта не жоспарлануда?

 

Кеден одағы шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыты – экономикалық бағыт. Ел тәуелсіздігінің барлық кезеңі бойында екі жақты байланыстар негізінде әлеуметтік-мәдени қарым қатынастар жеткілікті табысты дамуда.

  1.  

Қазақстан арқылы ресейлік капиталдың ағыны туралы Ресей орталық банкінің мәлімдемесі қаншалықты заңды? Осыған қарсы әрекет ету үшін қандай шаралар қабылдануда?

ҚР Ұлттық Банкі тексерулер жүргізді және Ресей орталық банкінің мәлімдемесі растау таппады. Мәселен, ресейлік кәсіпкерлер ашық дерек көздерінен қазақстандық кәсіпорындар туралы деректерді пайдаланып, жалған ілеспе құжаттар (келісімшарттар) құрған, яғни, қазақстандық контрагенттердің қатысуынсыз. Ресей резиденттерінің қазақстандық және беларусьтік өнім берушілерінің жалған құжаттарын пайдаланып Ресейден капиталды шығару бойынша сызбаны салыстырмалы ауқымды түрде пайдалануы ең алдымен Ресейдегі репатриация талаптарының орындалуын бақылау ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

 

  1.  

БЭК зияткерлік меншікті қорғау туралы шешім қабылданған ба?

 

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы бірыңғай реттеу қағидалары туралы келісім осы саладағы ұлттық заңнаманы біріздендіруге бағытталған. Тараптар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мен сақтаудың үлкен деңгейін қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие бола отырып, Келісімде аталған талаптардың ең аз тізімін ұстануға міндеттенеді. Сондай-ақ Тараптар осы мәселені реттейтін халықаралық конвенцияның қағидатын сақтайды.

 

  1.  

Бірқатар сарапшыларды біздің интеграциялық процестеріміздің жеделділігі қорқытады, барынша табысты бірлестіктердің бірі ретінде Еуроодақ тәжірибесін мысалға келтіреді. Интеграцияның осындай қарқындылығы қаншалықты ақталған?

Интеграциялық процестердің жеделділігі саяси басшылықтың бір минуттық шешімі болып табылмайды. Қарқын бастапқыда-ақ ескеріліп қойған болатын, ол интеграция кезеңдерінің әрқайсысының ағымдағы нәтижелерін бір уақытта тестілеуге және интеграцияның түпкілікті нәтижесі үшін заңнамалық негізді жақсарту – іскерлік кооперация үшін қолайлы жағдайлар жасауға, белсенді кәсіпкерлік ортаны дамыту үшін қажет болды. Сөзсіз, интеграциялық бірлестіктердің халықаралық тәжірибесі назарға алынды.

 

  1.  

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап «Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісім» күшіне енді, ол мемлекеттік бюджет тапшылығының шектеуін, инфляция мен мемлекеттік борышты реттейді. Жалпы әлемдік тұрақсыздық, ұлттық валютаның девальвациясы жағдайында осы келісім шарттарын орындау қаншалықты мүмкін болып табылады?

 

Осы Келісіммен БЭК қатысушы елдердің тәжірибелерін, макроэкономикалық болжамдарды, әлемдік валютаның түрленуі мен көптеген басқа да индикаторларды негізге ала отырып, есептелген инфляцияның, бюджет тапшылығы мен мемлекеттік борыштың шекті нормалары реттеледі. Келісім қатысушы елдерге келісім параметрлерінің әрқайсысын орындау бойынша белгілі бір міндеттемелер жүктейді.

 

  1.  

2013 жылы «Статистика саласындағы ақпараттық өзара әрекеттесу туралы» келісім қабылданды. Сол немесе өзге салаларда БЭК нарығы көлемдері бойынша деректерді дәл қазір көруге бола ма? Болатын болса, нақты қай жерде? Бізде статистикалық әдіснамада әртүрлі түсіндірулер бар ма?

 

Бұл келісім статистикалық деректерді үйлестіру және әдіснаманың бірлігі мақсатында қабылданған. БЭК қатысушы елдердің тұрақты жұмыс істейтін статистикалық деректер базасы БЭК шеңберінде маңызды шешімдер мен келісімдер қабылдау үшін негіз болады. Тұрақты негізде және сұраулар бойынша ұлттық статистикалық деректерді жинау, зерделеу және талдаумен Еуразиялық экономикалық комиссия айналысады, оның ресми интернет порталында бірыңғай статистикалық деректер орналасқан.

 

  1.  

Ұлттықтан жоғары келісімдерді, актілер мен ұлттық заңнаманы үйлестіру үшін не жасалып жатыр? Қайшылықтар бар ма?

КО пен БЭК шеңберінде қабылданатын келісімдер ұлттық заңнамасымен қайшылықтарын анықтау үшін көп деңгейлі тексерістен өтеді. Әділет Министрлігі тұрақты түрде Қазақстан қатысатын барлық халықаралық шарттардың, келісімдердің мониторингін жүргізеді және олардың заңды сараптамасын жүргізеді.

 

  1.  

Кеден одағы елдерінің арасындағы интеграциялық процестерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының өздігінен уақытша карантиндік фитосанитарлық шаралар (тыйым салу, шектеу) енгізуге құқығы бар ма?

Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы қол қойған 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Өсімдіктер карантині туралы Кеден одағы келісімінің 8-бабына сәйкес тараптардың әрқайсысы уақытша карантиндік фитосанитарлық шараларды әзірлеуге және енгізуге мынадай:

- өз мемлекеттерінің аумағында карантиндік фитосанитарлық жағдай нашарлаған;

- тиісті мемлекеттік ұйымдардан, Тараптардан және (немесе) үшінші елдерден қабылданатын карантиндік фитосанитарлық шаралар туралы ақпарат алған;

- карантиндік фитосанитарлық шараларды қолданудың тиісті ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болған немесе қажетті мерзімде ұсынылмаған жағдайларда құқығы бар.

 

  1.  

Ағымдағы және алдағы интеграциялық процестердің түпкілікті мақсаты қандай? Интеграция тек интеграция үшін бе?

 

Түптеп келгенде, интеграция мақсат емес, мақсатқа қол жеткізу құралы болып табылады. БЭК-те экономикалық даму шеңберінде осындай мақсат жаңғырту болып келеді: еңбекті халықаралық бөлуде анағұрлым маңызды орынды иелену, мұнай және газға тәуелділіктен кету, экономикалық өзара тиімді кооперация негізінде өнеркәсіптік қуатты арттыру, интеграциялық процестердің ұзақ мерзімді орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жанды және табысты "интеграцияны төменнен" бастау, ал болашақта – бірлескен бәсекелес артықшылықтарға жету. Төменнен интеграциялық процестердің жетекші күші қатысушы елдердің шаруашылық жүйесіндегі өнеркәсіптік кешеннің рөлін арттыру болуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев