20 марта 2018 - Администратор
Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектерге арналған облыстық оңалту орталығы» КММ-де Наурыз мейрамын атап өту іс-шарасы ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарлама аясында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, шашу шашылды.
Облыста 22-наурыз Ұлыстың ұлы күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар легі басталып кетті. Бүгін ол облыстық оңалту орталығында жалғасын тапты. Мерекелік кеш мүгедек жандардың көңіл күйін көтеріп, бір серпілтіп тастады. Концерттік бағдарлама барысында қазақтың домбырасымен ән шырқалып, би биленіп, ұлттық дәстүр беташардан көрініс көрсетілді. Шара аясында үлкен ақсақалдан бата сұралып, жиналғандар ел тыныштығы, бейбіт күн болуын тілеп қол жайды.
Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ
суреттерді түсірген автор
Жалғасы газетті алдағы санында