19 марта 2018 - Администратор
Сенбі күні Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған мектепаралық «Армысың, әз Наурыз!» атты іс-шара өткізілді.
Сыныптар арасындағы байқау негізінде ұйымдастырылған шараның мақсаты – Наурыз мейрамының сан ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік құндылықтарын, адам мен табиғаттың жарасымына негізделген дәстүрлерін өркендету мен жаңғырту, қазақ халқының байырғы, ізгілікті ұлттық салттарын мейлінше насихаттау, еліміздегі этностардың мәдени келбетін танытатын халықтық мұраларына мән беру.
Қазылар алқасы үздіктерді «Ең үздік ұлттық орталық», «Ең үздік ұлттық қолөнер көрмесі», «Ең үздік ұлттық салт-дәстүр қойылымы», «Ең үздік ұлттық дастархан», «Ең үздік ұлттық ақпарат бұрышы», «Ең үздік ұлттық ән», «Ең үздік ұлттық киім» және «Ең үздік ұлттық би» номинациялар бойынша анықтаған.
Ақбота САҚҰЛОВА
Жалғасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар