11 декабря 2014 - Веб-редактор
Жангелдин ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.
Жиында аудандық мәслихат хатшысы Серік Нұрғазин 1994 жылдан бастау алған құрылымның тарихына қысқаша тоқталып, ауданымыздың игілігі үшін атқарылған игі істерді баяндады.
Аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин халық қалаулыларын мерейлі мерекелерімен құттықтап, Торғай тынысының кеңеюіне қосқан үлестері үшін Қапсәлем Рәш пен Гүлназ Омароваға алғыс хат табыс етті.
Жолдыхан Нұрмұханбет, Рауыл Ахметжанов, Манат Карбозов, Талғат Мырзағалиев сынды депутаттар аудандық мәслихат хатшысының қолынан ауыл шаруашылығы министрінің құрмет грамотасын алды. Ал мәдениет жолындағы еңбегі еленген Қапуза Әлібек сала министрінің марапатына кенелді. Сонымен қатар халық қалаулылары мен зейнеткерлікке шыққан депутаттар мерейтойлық төсбелгілермен марапатталды.