8 августа 2013 - Веб-редактор
Аманкелді ауданында Сатыбалды ишан атындағы мешіт пен орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Батагөй қария» байқауы өткізілді.
Іс-шараға ауыл-аймақтардан келген қарияларымыз қатысып, бақтарын сынады. Сайысқа аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Балтабай Уахитов, ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарған Жаңыл Шайхыстанова, сонымен қатар Сатыбалды ишан мешіттің бас имамы Дәулетбай қажы Әбдіхалық қазылық етті.
Сайыс мақсаты – ақыл-парасаты кемел, сөзге шешен батагөй қарияларды халыққа таныту. Осы үдеден көрініп, сайыскерлерден оқ бойы озған Қарасу ауылының ақсақалы Мырзабек Қоржынов бірінші орынды иеленсе, аманкелділік Кенжеғали ата Баймақов екінші, Бәкір Сейден және Айдар Тәуірбай қариялар үшінші орынды өзара бөлісті.