Цифрландыру – ел дамуының кепілі

22 февраля 2018 - Администратор
article16111.jpg

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтен бастап, барлық мемлекеттік қызметкерлер электронды сандық қолтаңбаларын алды. ЭСҚ — бұл кез келген азаматтың өз қолтаңбасының нақты көшірмесі. Электронды құжаттың заңды күшіне енуі үшін арналған және мөр басылған қағаз жүзіндегі құжатпен тең.

№1 ХҚКО-ның мамандары әкімдік ғимаратына келіп, мұндағы қызметкерлерге ЭСҚ ашу және оны қолдану тәсілін көрсетті. Акцияның мақсаты – электронды үкімет egov.kz порталын жан-жақты таныту.

– Үкімет үйінің порталын жан-жақты дамыту үшін осы акцияны бастадық, – дейді №1 ХҚКО-ның бөлім басшысы Мирас Рахметов. – Мемлекеттік қызметкерлеге тиімді болу үшін біздің мобильді ұжым осында келіп, жұмыс істеуде. Бұдан соң біз барлық басқармаларға барып, оларға да ЭСҚ ашуға көмектесеміз. Сондай-ақ, аудандардағы ХҚКО-ның бөлімшілері де бұл жұмысты қолға алмақ. Екі күн ішінде барлық қызметкерлерді қамтып үлгереміз.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын енгізу ел экономикасы мен жалпы еліміздің бәсекеге қабілеттігін, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін қажет екенін айтқан.

Қазірдің өзінде барлық саладағы жұмысты оңтайландыру және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру шаралары жүзеге асып жатыр. Қостанайдағы №1 ХҚКО-да көрсетілетін қызметтің тең жартысы цифрлы жүйеге көшкен. Тұрғындар бірқатар шаруаны ұялы телефонымен-ақ тыңдыра береді.

Қостанай облысындағы «ХҚКО» департаментінде адамдардың жеке куәлігіндегі ЖСН-ді телефон нөміріне тіркеу және сол арқылы электронды сандық қолтаңба беру жұмыстары жаппай жүргізіліп жатыр. Осылайша, азаматтар операторлардың көмегінсіз барлық қызметті пайдалана алады. Сондай-ақ, қаладағы және аудандардағы ХҚКО қызметкерлері тұрғындардың компьютерді жетік меңгеруі үшін «Өзіңе қызмет көрсет!» акциясын ұйымдастырып отырады. Олар қоғамдық орындарда және білім ордалары мен мемлекеттік мекемелерге барып, egov.kz веб-порталын таныстырады. Электронды үкімет сайты арқылы тұрғындар 447 қызмет түрін пайдалана алады.

Электронды үкіметтің және орталық мамандарының мобильдік ұжымы ұсынған акциялар жұмыстан қолы босамайтын азаматтарға өте ыңғайлы. Мәселен, ХҚКО қызметкрелері бірер күн бұрын облыс әкімдігінің ғимаратына барып, екі күн ішінде барлық мемлекеттік қызметкерлерге электронды сандық қолтаңба үлестіріп үлгерген. Олар осынау көмекке дән риза.

Қостанай облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Жанділдәұлының айтуынша, ғаламтор тілін меңгерген адам үшін үйде отырып-ақ талай қызметтерге қол жеткізуге болады. Алайда жұртшылық электронды қызмет алуға айтарлықтай құлықсыздық танытып отыр.

– Бұл шара «Өзгерістерді өзіңнен баста» деп аталатын акция барысында қолға алынды, – дейді Қайрат Сүйіндіков. –Қолтаңбаны қолдану өте оңай. Ол үшін ешқандай арнайы білімнің, дағдының және іскерліктің керегі жоқ. Электрондық құжаттамамен алмасуға қатысатын әрбір ЭЦҚ пайдаланушыға ашық және жабық (құпия) криптографиялық кілттер беріледі.

Айта кетейік, облысымызда мемлекеттік органдар 388 қызмет түрін көрсетеді. Оның 218-ін немесе 56%-ін электронды қол қою арқылы алуға болады.

Мұның сыртында қызметтің 30 түрін электронды қол қоймай-ақ, бір реткі пароль арқылы алатын мүмкіндік бар. Ол үшін қызмет алушы азамат жеке куәлігінің ЖСН және ұялы телефонының нөмірін терсе болғаны.

Сондай-ақ, мұнда сәбиін дүниеге әкелген әрбір анаға арналған қызмет түрі күн санап артып келеді. Бұл туралы №1 ХҚКО-ның бөлім жетекшісі Зарина Қожахметова айтып берді.

– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялары» АҚ-ның бірігуімен аналарға арналған қанатқақты жоба іске қосылған болатын, – дейді Зарина Қожамхетова. – Қазір бұл бастама жақсы қарқын алды. Болашақ ана алдымен электронды үкімет, яғни egov.kz порталына телефон нөмірін тіркеп, кейін сол арқылы SMS хабарлама алып отырады. Сәби дүниеге келісімен оған алғашқы құттықтау хат және үш қызметтің түрі ұсынылған хабарлама келеді. Ол әуелі баланың туу туралы куәлігін рәсімдеу және балабақшаға кезекке тұру мен ай сайынғы жәрдемақыны алу мәселелерін тез әрі оңай шеше алады. Бұл жоба Қазақстанның барлық облыстарында жұмыс істеп тұр.

Жыл басынан бері 691 анаға хабарлама жолданған, соның 425-і атаулы қызмет түрін пайдаланыпты.

Бұдан бөлек, орталыққа келген әрбір азаматқа электронды үкіметті пайдалану тәсілін үйрету, түсіндіру жұмыстары үздіксіз көрсетіледі. Мысалы, кез келген адам өзінің немесе туысқандарының тұрғылықты жері туралы анықтаманы үйде отырып-ақ ала алады.

– Бізге тұрғылықты мекенжайына байланысты анықтама қағазын алуға көп адам келеді, ал бұл қолдағы ұялы телефонмен де істеуге болатын қарапайым шаруа, – дейді Зарина Серікқызы. – Қазір ҚЖЭК (Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы) қарызы бар тұрғындарға қатысты анықтаманы egov.kz порталынан алып отыр. Бәрі қолжетімді. Сондықтан, түгел меңгеріп алатын болсақ, алдағы уақытта азаматтардың өміру сүру сапасы артатына кәміл сенемін.

 

Маржан АЛПЫС,

суреттер автордан 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев