Жас қаламгерлер мүшайрасы

15 февраля 2018 - Администратор
article16031.jpg

Еліміздің түкпір-түкпірінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні аталып өтуде. Көзі тірісінде тоғызыншы ақпан күні 87 жасқа толар еді. Бүгінде қаламгердің дүниеге келген күнінде әр қазақ ерекше еске алады.

Мұқағали мұрасы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі. Қастерлеп қадірлейтін мұрасы. Мұқағали жырлары кімнің де болса жүрегін баурап, еріксіз елітіп әкетеді. Ол ананың мұңын, әженің әлдиін, жетім–жесірдің қайғысын, ердің ерлігін, пәк махабатты жырға қосты. Өзінің балалық шағына тап келген сұм соғыстың салған ылаңына куә болды. Өзі көзімен көріп, бала жүрегімен сезінген ардақты аналардың, аяулы жеңгелердің мұң зарын жүрегін жарып шыққан жырларына арқау етті. Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі –бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әрқалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш, бір күдік болатыны жасырын емес. Махаббат әлемін Мұқалидай жырлаған адам кемде кем шығар, оның кеудесі сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі. Сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата алады.

Ол өз артына, болашағына сенді. Жыл сайын ақпан айында ақынның туған күні Үрпек ауылында аталып өтіледі. Жаңа ауыл орта мектебінің кітапханашысы Жұмагүлсім Жетпісбаеваның ұйымдастыруымен 5-11 сыныптар арасында ақиық ақынның туған күніне орай жас қаламгерлер мүшайрасы өтті. Кітапханашы кіріспе сөз сөйлеп, ақын өмірі мен шығармашылығына шолу жасап өтті. Жыр мүшайрасын 9-сынып оқушылары Ильяс Нұрқанов және Айбибі Қонақбаева жүргізді. Сайыстың шарттары «Жырыңнан қуат алам» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, «жазары бар жас қалам» жас ақындар тырнақалды туындыларын таныстыру. «Өзге тілдің бәрін біл» берілген тапсырманы үш тілге аударып жазу. Яғни, ақын аударма саласында да өзіндік шеберлік еңбектер тындыра алды. Ол Дантенің, Шекспирдің, Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Салтанат Күлбабенова, ағылшын пәнінің мұғалімі Салтанат Ихсанова және ауыл кітапханашысы қазылық етті. Мүшарайға 20 бала қатысып, бақтарын сынады. Сайыс өз мәресіне жетіп, болашақ жас қаламгерлер анықталды. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз туындыларын ұсынып, үш тілге ақын өлеңдерін аударған 11– сынып оқушысы Жанерке Сәрсенғали бірінші орынға ие болды. Нұртөре Тілегенов екінші орынды иемденсе, үшінші  орынға Дамира Сейткамалова ие болды. Болашағынан көп үміт күттіретін жас қаламгерлер Ақерке Әлімжан, Динара Табылғанова, Әйгерім Зейнуллина алғыс хаттармен марапатталды.

 

Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ,

суреттер ғаламтордан алынды

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев