Талантты жастар жетерлік...

15 февраля 2018 - Администратор
article16034.jpg

Өткен жұмада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында елорданың 20 жылдығын мерекелеуге орай «ҚМПИ дауысы – 2018» атты байқауы болып өтті. Іс шара екі кезеңнен тұрып, онда студенттер өздерінің вокалдық қырларынан көрсетті.

ҚМПИ студенттер және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі және ҚМПИ студенттер мәдениет үйінің ұйымдастырумен өткен сайыс тартысты өтті. Бұл байқау кәсіби музыкалық білімі жоқ, алайда өлең айтуға қабілеті бар жастарды анықтау мақсатында өткізілген. Сол себептен де сайысқа өнер кафердасында білім алып жатқан студенттер қатыса алмады. Алғашқы жабық түрде өткізілген іріктеу кезеңінде 30 шақты талантты жас бақ сынап, оның тек алтауы ғана шешуші кезеңге жолдама алды. Шын қабілетті жастарды анықтауда өңірлік жас әнші Айсұлу Тұтқұшова бастаған бірнеше адам қазылық етті.

Іріктеу кезеңнен үздік шыққан дарындар келесі кезеңге қызу дайындалып, патриоттық және еркін тақырыпта ән таңдауға мүмкіндік алды. Байқауға «Моя узбечка» кафесі, «selfie» қыз-келіншектерге арналған сәнді киім бутигі, «Pandora» әшекей бұйымдар бутигі және де өзге де ұйымдар демеушілік етті.

Оқу орнында тұңғыш өткізіліп отырған шараны тамашалауға жиналған адамдардың қарасы көп. Қатысушылар да әндеріне сай сахналық және би қойылымдарын ұйымдастырған. Тартысты өткен байқаудың алғашқы кезеңінде «Астана», «Балапан қаз», «Толғау», «Жаса туған жер» сынды әндер шырқалса, екінші бөлімде қазіргі жастардың құлағына жатталған шет елдік әндер орындалды.

Қазылар алқасының шешімімен жүлделі үшінші орынды Диана Тілеуова қанжығасын байласа, ал екінші орын Дана Нұрахметке бұйырды. Үздіктердің арасынан оқ бойы оза шығып, көрермен мен қазылар алқасының жүрегін жаулаған психология мамандығының 1-курс студенті Айдана Шапауова «ҚМПИ дауысы-2018» атағына ие болды.

– Мен іріктеу кезеңінен өткеннен кейін, өзімді іштей «сен жеңесің!» деп қайрап жүрдім,– дейді Айдана Шапауова. – Дегенмен де қорқыныш болды. Музыкалық білімім болмаса да, сахнаға шығып, өлең айтып жүргеніме бес жыл. Бұл менің осы оқу орнындағы алғашқы үлкен жеңісім. Ең алдымен, мұндай биіктен көрінуіме ата-анам, жанашыр достарым, құрбыларым себепкер болды. Олар маған сеніп артып, дайындық барысында көмек қолдарын созды. Міне, соның жемісі – бүгінгі менің «ҚМПИ дауысы-2018» атанғандығым деп білемін. Алар асуларым әлі де алда деп сенемін!

Демеушілер өздерінің көңілінен шыққан қатысушыларға сертификаттар табыстап, естелік суреттерге түсті.

 

Ақбота САҚҰЛОВА

суреттер ғаламтордан алынды

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев