Мектептегі іс-шара

15 февраля 2018 - Администратор

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елордамыздың 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі –Астана» тақырыбында Әулиекөл бастауыш мектебінде әдеби сазды мерекелік іс шара өткізілді.

2017 жылы сәуір айында Елбасымыз Қазақстанның үшінші жаңғыруын басталғанын жариялаған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат – мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Әлем таныған Қазақстанның бас қаласы Астанаға биыл 20 жыл . Осынау айшықты күнде 20 жыл ішінде әлем таныған әсем қалалардың қатарынан көрінген Астана Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің жемісі.

Астана – бүгін өскелең қала. Кемел де келісімді ойлардың, ізгі ниет пен игі тілеудің қаласы. Айталық, қаланы қақ жарған Есіл өзенінің жағалауын кезінде басқан қамыс– құрақ қаба сақалдан арылып, бетон тақтайшалармен төселген. Есілдің мәрмәр жағалауынан зәулім ғимараттар салуға да, қаланың орталық бөлігінде еуропалық үлгідегі шағын орамдар тұрғызуға да орын жетерлік.

Жуырда өткен әдеби-сазды мерекелік іс-шарада Астананың көптеген зәулім ғимараттарын ұстаздар мен оқушылар бірлесе отырып, презентация көрсету арқылы жеткізді. Сонымен қатар осы мереке аясында  бастауыш сынып оқушысы Алтай Айша «Қазақ жері» атты өлеңімен Бекза Салимов 4-сынып оқушысы Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңдерін мәнерлеп оқып, өзінің ұлтжанды, патриот екенін дәлелдеді. Осы орайда 3-4 сынып оқушылары хор айтып өздерінің елге, ұлтқа деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін білдірді. Жалпы бұл рухани жаңғыру аясында өткізілген мерекелік кеш «Астана» әнімен ұстаздардың орындауымен аяқталды.

Елорданың өркендеуі еліміздің өркендеуінің белгісі. Ендеше бас қаланың жаңадан қаланып жатқан іргетасының берік болуы да мемлекетіміздің болашаққа нық сеніммен жасар қадамының нағыз кепіліне айналмақ. Келер ұрпақтың да, жастардың да болашағы бір өзіңде! Ал сенің гүлденуің солардың қолында. Келешегің жарқын болсын, халқымның ақ ордасы, көркейіп, биіктерден көріне бергейсің!


Ақбота САҚҰЛОВА

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев