Ел болашағына үлкен үлес қоспақ

15 февраля 2018 - Администратор
article16030.jpg

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, Үндеуінде, бағдарламалық мақалаларында әрқашанда жастардың мемлекетімізде алар орны ерекше екенін айтады.

Қазір «Бүгінгі жастар – ертеңгі ел болашағы» деген сөз тіркесі қанатты ұранға айналды. Мемлекетіміздің өркендеуі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы, оқу ошақтарындағы, колледждер мен жоғары оқу орындардағы жастардан басталады. Осыған орай білім беру ұйымдары да бұл мақсатта сүбелі қызмет атқаруда.

Жуырда Қостанай құрылыс колледжіндегі ел болашағына өзінің бір үлесін қосатын жастардың жиынында болып қайттық. Яғни, білім ордасы студенттік кеңесінің жетекшісінің сайлауы өтті. Ең таңғаларлығы бұл шара кәдімгі ел Президентін, депутаттарды және басқа да басқарушы билік өкілдерін бюллетень арқылы таңдау деңгейде өткендігі.

Білім ордасы студенттік кеңесінің жетекшісі Темірлан Талипов өзі қызмет атқарған барысындағы жетістіктерге тоқталып, сайланушы жастарға сәттілік тіледі.

Осы қызметті қолына нық алуға колледжден үш бала өздерінің бағдарламаларымен өтініш берген. Бірінші үміткер сәулет өнері бөлімінің бірінші курс студенті Темірлан Дүйсекеев. Ол «Егер мен студенттік кеңестің жетекшісі болсам, бар күш-жігерімді салып қызмет атқаратын едім» деп өз сөзін бастады. Ал, оның қарсыласы құрылыс бөлімінің  бірінші курс студенті Сергей Дидрих білім ордасындағы студенттік өзін-өзі басқарудың алға ілгерілеуі үшін нақты реформалар қажеттігін алға тартты.

Соңғы үміткер сәулет өнері бөлімінің екінші курс шәкірті, студенттік кеңестің белді мүшесі, колледж белсендісі Азель Айсина «Менің бағдарламамның ең басты мақсаты осы жерде білім алатын жастардың дамуы мен ұжымның бір мақсатта қызмет етуіне арналды. Себебі, әр бала жеке тұлға, олардың идеяларын жүзеге асыру біздің міндетіміз» деді. Сонымен өзгелерден оқ бойы озық болып, барлық білім алушылардың сенімінен шыға білген Азель 47 дауыспен жеңіске жетті.

Білім ордасының директоры Арман Шамшинмен тілдескенімізде ол бізге осы шара жайлы былай деді:

– Мен әрқашан жастарды қолдау қызметтерінің тиісті жүзеге асырылуын қадағалап келемін. Себебі, олар елімізді дамытатын азаматтар мен азаматшалар. Кім біледі бүгінгі жастар ертеңгі Президент, депутат не әкім болуы мүмкін.Бұл жастарға ешқандайда еркіндік және жеңілдіктер беріп қоймайды. Себебі, студенттің өзін-өзі басқаруы оның тиісті қызметтерде жауапкершілікті өздеріне алу болып табылады. Олар қоғамға белсенді араласа отырып, азаматтық тәрбиені түсінуі тиіс. Бізде студенттік кеңестің мүшелері колледжде өтетін түрлі шараларға мұрындық болуда, сонымен қатар, олардың арасында еріктілер тобы да құрылған. Олар әрдайым мүмкіндігі шектеулі жандарға, жасы ұлғайған қарттарға, балалар үйіне барып, көмек қолдарын созып келеді. Мәселен, былтыр мұнда білім алып жатқан сегіз оқушымыз облысымыздан ЭКСПО-2017 қатысатын еріктілер құрамында өнер көрсетті. Бұл біздегі студенттің өзін-өзі басқаруының жүйелі жұмыс атқарғандығының белгісі,

Осында болғанымызда студенттердің еркін дамуына, қоғамға пайдасын тигізуіне барлық жағдай жасалғанын көрдік. Мәселен, колледждің әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Яғни, онда жастарға қатысты жаңалықтар, түрлі сайыстардың хабарламалары жарық көріп тұрады. Сондай-ақ, білім ордасында сенбі сайын фильм көрсетіледі екен. Мұның өзі бір қамқорлықтың белгісі емес пе?

«Колледжде жастар алған теориялық білімдерін тәжірибемен тығыз ұштастыруға тырысады. Бүгінгі жастар қай жерде оқымасын жан-жақты әрі жан дүниелері рухани жағынан бай болуға тиіс», – деп қосты директор Арман Жақанұлы. Сондықтан жастар бос кездерінде шаһарымыздағы драма театрларына, түрлі көрмелерге, мұражайларға барып тұрады.

Сондай-ақ, осындағы жастар КВН және дебаттан қаламыз бойынша алдынғы қатарды бермей келе жатыр десем артық айтпасым анық.

Бұл жерде шәкірттердің салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуына да көп көңіл бөлінеді. Спорттың волейбол, футбол, сонымен қатар, шахмат, тоғызқұмалақ секілді түрлері жақсы дамыған.


Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ,

суреттер ғаламтордан алынды

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев