Арқалықта жаңа балабақшалар ашылуда

8 февраля 2018 - Администратор
article15975.jpg

Жуырда облыс басшысы Архимед МҰХАМБЕТОВТЫҢ қатысумен Арқалық қаласында жаңадан бой көтерген «Балдырған» балабақшасының ашылуы өтті. Салтанатты іс-шарада өңір басшысы құттықтау сөз сөйлеп, «HYUNDAI» маркалы жеңіл көлік пен микроавтобустың кілтін табыстады.

 

Былтырғы жылы Арқалық қаласында бірнеше әлеуметтік нысандар жаңа қалыпқа еніп, қызметтерін бастап кеткен еді. Бұл қала тұрғындары үшін үлкен сый болып отыр. 2017 жылы «Ай-Әли» атты балабақша қайта жөндеуден өтіп, жаңа қалыпта қолданысқа берілген болатын. Бұрындары коттедж болған нысанды өз қолына алып, бүлдіршіндерге арналған шағын балабақшаға айналдырған жеке кәсіпкер Әсем Әжитова еді. Ол ішін қажетті құрал-жабдықтармен толтырып, стандартқа сай етті. Жөндеу жұмыстарына 30 млн теңге жұмсалған балабақшада бүгінде 20 шақты бүлдіршін тәрбиеленуде. Жалпы нысан – 50 орынды қамтиды. Ал ата-аналар болса мұнда өтелетін шығынның үштен бір бөлігін төлейді. Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен «Ай-Әли» балабақшасына 15 млн теңге қаражат қарастырылып отыр. Үш және алты жас аралығындағы бүлдіршіндерді екі топқа бөліп қамтитын балабақша балалар мен ата-аналардың көңілінен шығуда. Әлеуметтік нысан иесі жаз айында ғимарат алдына арнайы балалар ойнайтын балалар алаңын салуды қолға алмақ. Демек, алдағы уақытта бүлдіршіндер үшін көктем, жаз айлары тиімді, әрі пайдалы болмақ. Қазіргі таңда осындай нысандар қаладағы балабақшаларға кезекті азайтуға және тәрбие мен мектепке дейінгі білім беру ісін дамытуға септігін тигізеді.

 Осындай қатарға жаңадан ашылған «Балдырған» балабақшасы да қосылды. Облыс әкімінің оңтүстік аудандардағы іс сапар жұмыстарында ашылуы тұспа-тұс келіп, өңір басшысы нысанның ішін аралап, салтанатты жиынға қатысты. Аталмыш жобаны жүзеге асырушы облысқа аты белгілі «Альюминстрой» ЖШС-і. Бұл уақытқа дейін қазір балабақша болған нысан қаңырап тұрған. Ал бүгін мұнда бүлдіршіндер тәлім-тәрбие алып отыр. Былтырғы жылдың күзінде күрделі жөндеу жұмыстарына кіріскен «Альюминстрой» ЖШС аз ғана уақыттың ішінде бос тұрған ғимаратқа екінші өмір сыйлады. Сонымен қатар, аталмыш әлеуметтік нысан қала көркін келтіріп тұр. Жалпы құны – 317 млн теңге шамасында. 200 шақты бүлдіршінді тәрбиелей алатын нысан барлық талапқа сай. Түрлі-түсті жаңа жиһаздар, қабырғаға ілінген суреттер кішкентай бүлдіршіндердің оқуға деген қызығушылығын арттыратыны анық. Сонымен қатар, әр қабатқа орнатылған бейнекамералар да ата-аналардың балаларының немен айналысып жатқандығын қадағалауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жоба бүлдіршіндердің балабақшаға деген кезегін азайтып қана қоймай, 48 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтып отыр.


Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ,

суретті түсірген автор

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев