«ЭКСПО-2017» жастар болашағы!

9 февраля 2017 - Веб-редактор
article12966.jpg

«ЭКСПО-2017» көрмесі – Тәуелсіз Қазақстанның ең көлемді жобасы. Елімізде халықаралық көрмені өткізудегі басты мақсат – энергетика саласындағы бүкіл әлем бойынша ең озық технологияларды және тың идеяларды халық назарына ұсыну.

 


Осыған орай, «ЭКСПО – 2017» көрмесіне дайындық шеңберінде Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ базасында ағылшын тілін жетік меңгерген жастар арасында ағылшын тілі аудармашыларының қалалық іріктеу кезеңі өтті. Аталған іс-шараның мақсаты – қазақстандық патриотизмді, тіл мәдениетін нығайту, тілге, басқа халықтардың мәдениетіне деген сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру. Байқауға қала мектептері мен колледждерінің ең мықты деген оқытушылары мен оқушылары қатысты.

 


Байқау мынадай үш кезеңде өтті: бірінші кезең-ағылшын тілінде шығарманы жатқа мәнерлеп айту, екінші бөлімде мәтінге синхронды аударма жасау, соңғы байқау бойынша берілген тақырып бойынша эссе жазу болатын.

 


Қатысушылар өздерінің тілге деген сүйіспеншілігін, құрметін шетел жазушыларының шығармаларын мәнерлеп жатқа айту арқылы жеткізе білді. Рудный политехникалық колледжінің оқытушысы Юлия Кругляк Редьярд Киплингтің өлең жолдарын мәнерлеп жатқа айтса, Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің оқытушысы Айнагүл Макишева Уильям Шекспирдің бір шығармасынан нақышына келтіре монолог оқып берді. Сонымен қатар, мәтінге синхронды аударма жасау барысында өздерінің шапшаңдығын, тілді жетік білетіндіктерін көрсете білді. Ал, Асем Кадиршеева, Айнагүл Макишева, Юлия Кругляк, Арман Қарамергенов ағылшын тілінде эссе жазу сауаттылықтарымен көзге түсті.

 


Осылайша қызықты кезеңдерден тұрған сайыс та өз мәресіне жетті. Байқау соңында қатысушылар алғыс хаттармен мараппаталды. Ал қалалық байқаудың жеңімпазы атанған Айнагүл Макишева облыс орталығында қаламыздың намысын қорғауға жолдама алды.



Жанат Досубаева
суретті түсірген автор  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев