Бақытты балалықтың мекені

18 декабря 2014 - Веб-редактор
article5524.jpg

Жангелдин ауданы орталығындағы «Балдырған» балалар бақшасының ашылғанына биыл 35 жыл. Осы уақыт ішінде қаншама ұл-қызды түлетіп ұшырған орын мерейтойын атап өтті. 

Қазіргі таңда аталған балабақшада 140 бала тәрбиеленуде. Мұндағы мектепке дейінгі бала тәрбиесімен 17 педагог маман айналысып жүр. Балабақша ішінен жас ерекшеліктеріне байланысты алты топ құрылған. Олар: «Балапан», «Күншуақ», «Көбелек», «Қызғалдақ», «Қуыршақ» және «Гүлдер» тобы. 
 
«Балапан» бағдарламасы бойынша жұмыс жоспарлары үнемі жүргізіліп отырады. Елбасымыздың қолдауымен «Сәбилерге – туған ел шуағы» атты жарияланған акция осы балабақшада екі рет жалғасын тауып, игілікті істердің бастамашысы болған.
 
Айтулы датаны балабақша ұжымы ата-аналармен бірге атап өтті. Мерейтойы иелерін арнайы құттықтау үшін келген аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин, аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рауыл Ахметжанов, білім бөлімінің басшысы Наурызбай Сейдахметов, Торғай ауылының әкімі Ғабит Сүндетбаев кештің құрметті қонақтары болды.
 
Аудан әкімі өз сөзінде тәрбиешілердің еңбегіне айрықша тоқталды. 
 
– Бір-екі жыл көлемінде қаражат мәселесі оңтайлы шешілген жағдайда «Айгүл» балабақшасы салынады. Ал, «Балдырған» балабақшасының есік-терезелерін заманауи талапқа сай қайта жа-
ңарту үшін аудандық бюджеттен 4 млн теңге бөлінді, – деді және аудан әкімі. Абыройлы қызмет жасап, жас ұрпақты тәрбиелеу жолында тынымсыз атқарған еңбектері үшін тәрбиеші Рая Ералина мен 30 жылдан астам медбике болып жұмыс істеген Ұлжалғас Нүркенова аудан әкі-мінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ кеште бала тәрбиесіне табаны күректей 35 жыл уақытын арнаған зейнеткер Балдырған Шоқпытқызының, 25 жыл аспазшы болған Кенжегүл Нұрханованың есімдері ерекше аталды. 
 
Тәрбиешілер мен балғындар «Бақытты балалар мекеніне – 35 жыл» атты мерекелік бағдарламасын ұсынды. Кеш соңында, үнемі қамқорлықтары үшін балабақша меңгерушісі Гүлнар Марқабайқызы аудан әкімдігі мен ата-аналарға алғысын жеткізді.
 

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жангелдин ауданы 
 
comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев