Жаңғырған жаңа мектеп

15 декабря 2016 - Веб-редактор
article12571.jpg

Жақында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қалалық №115-ші орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Алдыңғы аптада сол 78 жылдық тарихы бар жаңа қалыпқа енген білім ошағының ашылу салтанаты болды. Айта кетейік, мектептің барлық жөндеу жұмыстарына 567 млн теңге қаражат жұмсалды.

 


– Баршаңызды қала әкімінің атынан Тәуелсіздіктің 25 – жылдығы қарсаңында өткізіліп отырған маңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын! – деді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Бибігүл Аққожина. – Мемлекетіміздің осындай мүмкіндік беруінің арқасында сіздер жаңа мектепке қол жеткізіп отырсыздар. Дегенменде, бұл тек қана жаңа кабинеттер мен жақсы ұстаздар деп қарастырмай, сапалы білім беруге деген жауапкершілік деп түсінгеніміз жөн.

 


Аталмыш жиынға мектеп ұстаздары, оқушылар, ата-аналар, БАҚ және де өзге де қонақтар жиналды. Кезекті сөз тізгінін алған мектеп директоры Жантөре Исқақов мектеп туралы өз ойымен бөлісті.

 


– Жаңа үлгідегі мектепте білім алу әрбір оқушының арманы еді, бүгін соған қол жеткізіп отырмыз, – дейді Жантөре Исқақов. – Осы жөндеу жұмыстарына қол ұшын беріп, көмектескен барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Біздің оқушыларымыз жаңа мектепте үлкен биік белестерді бағындыратынына сенімдіміз. Себебі, оларға үлгі болар жандар бар. Олар, мектеп түлектері – Серік Бектұрғанов пен Римма Бектұрғанова сынды қызметте жетістіктерге жеткен азаматтар. Және де көгілдір экранда бүгінде танымал журналист Алексей Шахматов. Осындай тұлғалардан үлгі алып өскен біздің оқушылар келешекте ел болашағына үлес қосар азаматтар болып шығатынына сенемін. Келе жатқан мереке құтты болсын!

 


Мектеп түлегі, педагогика ғылымының докторы Римма Бектұрғанова мектептегі жылдарын еске алып, оқушылар мен ұстаздарды аталмыш мерекемен құттықтады. Және де мектепке интерактивті тақта сыйлап, осында білім алып жатқан бір ұл және қыз оқушыға ағасы Серік Бектұрғанов екеуінің атынан атаулы степендия тағайындайтындықтарын жеткізді.

 


Қала әкімінің атынан Бибігүл Аққожина мектеп ұжымына 2 млн теңгенің сертификатын табыстады. Жиынға жиналған барша қонақтарға арнап мектеп оқушылары ән айтып, би биледі.

 

 

Ақбота САҚҰЛОВА
суреттерді түсірген автор және Василий ВАСИЛЬЕВ  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев