Тәуелсіздік – ел бақыты!

15 декабря 2016 - Веб-редактор

Міне, көзді ашып жұмғанша, санаулы күндерден соң ел болып тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойланғалы отыр. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.

 


Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Ол күш – тарихи күш десек де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуымызға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.

 


Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз. Тәуелсіздігіміздің арқасында жігерлі қазақ жастары өз жерімізде лайықты күн көруге, өз ана тілімізді, мәдениетімізді құқылы қолдануға талпынды.

 


Қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. Қазіргі таңда әлемнiң 50 ең бәсекеге қабiлеттi елдері қатарына кірдік. Бұл, меніңше, мақтаныш сезіміне бөлейтін ең маңызды жетістік. Әрине, сонау 25 жылда, еліміз неше түрлі жетістіктерге жетті, биік белес, асуларды алды. 25 жыл ішінде Амангелді ауданында да мәдениет, білім, спорт салалары бойынша жетістіктер өте көп. Бұл ауданымыздағы ұлтаралық келісім мен бірліктің нәтижесі. Сыртқы және ішкі саясатты жүргізіп отырған азаматтарымыздың еңбегі де өте зор. Ауданымыздың да экономикасы да бірқатар дамып, көркейіп, әлеуметтік жағдайда түзелді. Енді біздің алдымызда одан үлкен міндеттер тұр. Соның бірі ең бастысы маңдай термен адал еңбек ету. Әрине, бәрі маңызды, біріншіден, мейлінше кәсіпкерлікті, яғни ұлттық экономиканың жетекші күшін, ішкі нарықты әрі қарай жан-жақты қолдау керек. Өйткені, отандық кәсіпкерлік экономиканың негізгі қозғаушы күші болады. Екіншіден, жастарға заманауи білім берумен қатар, өңдеуші өнеркәсіпті жақсарту мақсатымен жаңа мамандар даярлауды көбейту керек. Тағы айтып кететін жайт, бұл жастардың бизнеске деген құштарлығын ояту.

 

 

Халықаралық тәжірибенің көрсетуі бойынша жастарды кәсіпкерлікте қолдау, жаңа жұмыс орындарды ашуымен қатар білікті мамандарды дайындауға жол ашылады. Сонымен қатар, еліміздің инновациялық даму жолына тезірек көшуіне мүмкіндік туғызады. Жастардың, менің ойымша, инновациялық жоғары белсендiлiгі, ойлаудың инновациялылығы, жедел түрде шешім қабылдауы, түрлі бөгеттерге иiлгiштiгі, тәуекелге бейiмделуi сияқты күшті жақтары бар.

 


Иә, 25 жылда мемлекетіміз күрт өзгерді. Экономикалық, әлеуметтік, интеллектуалды тұрғыда өркендеп келеміз. Оны архитектуралық тұрғыда қарасақ Елбасымыз айтқандай, мемлекетіміздің басты күші – Астана қаласы. Астана тәуелсіздіктің белгісі, үні, келбеті деуге де болады. Осы жерді басып жүріп, шын мәнінде, біздің болашағымыз жарқын екеніне қатты қуанамын. Алдымызда «ЭКСПО-2017» атты халықаралық көрме Астанада өткізілмекші. Ол Орталық Азияда және «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына» кіретін мүше елдерде өтетін алғашқы көрме болмақ. Мұндай үлкен шараны біздің елде өткізу мемлекетіміздің жоғарғы деңгейін көрсетеді.

 


Қорыта келгенде, 25 жыл ішінде жеткен жетістіктердің маңыздылығын бағалай отырып, біз болашаққа сеніммен қарай аламыз. Елбасымыздың 90-шы жылдарда анықтаған стратегиясының арқасында біздің еліміз осындай аз уақыт ішінде құрметке ие, жетістіктерін танитын, сөзіне құлақ салатын мемлекетке айналып отыр. мемлекет басшысы осы қиын жолда сіңірген еңбегі зор, баға жетпес. Меніңше, екі алып мемлекеттің арасында осындай халге жетуіміз Құдайдың бізге берген сыйы, мейірімі, аманаты деп есептеймін. Біз өз ұлтымыздың, мемлекетіміздің тарихын ерекше қадірлеп, сақтауымыз керек. Келешек ұрпаққа да ақылын айтып жеткізсек, біз де алып, мықты мемлекет бола аламыз.

 


Дүние керемет өзгеру жолында, бірақ біз ұлттық идеяны сақтап, тарихи мұра, құндылықтардың қасиетін жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз керек. Әрине, ең бастысы жеріміздегі ұлтаралық келісім, саяси тұрақтылық, ыңтымақтастықты сақтай отырып, көптеген нәтижеге жете аламыз. Дағдарыстар өтеді де кетеді, ал ұлт болашағы, ел тәуелсіздігі мәңгілік қалады. Сондықтан да осы бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен қарайық!

 


Камшат Абдикова
Амангелді аудандық мәслихатының депутаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев