Іскер әйел, білікті кәсіпкер

13 ноября 2014 - Веб-редактор

Аяулы жар, қамқор ана, білікті кәсіпкер. Осының бәрі бір әйелдің бойынан табылса, керемет емес пе?! Нәзік жандылар отбасының ырыс-берекесін сақтап, өскелең ұрпаққа тәрбие берумен қатар, қоғамның сан алуан саласында да белсенділік таныта біледі. 

 

Елімізде іскер әйелдерге көрсетілетін қолдау да көп. Қолға алған кәсібін кеңейтіп, әр ісіне тыңғылықты жүргізетін кәсіпкер әйелдер біздің ауданда жетерлік. Зәмзәгүл Әуелбек – солардың бірі. Аудан орталығында «Нұр-Ая» азық-түлік дүкені бар. Жақында осы дүкеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин қатысып, ақжарма ле-бізін білдірген. 
 
 
–  Әлеуметтік-экономикалық дамуға өз үлестерін қосып жүрген жеке кәсіпкерлер аз емес. Зәмзәгүл Аманғалиқызы бұған дейін наубайхана ашып, аудан халқын ұн өнімдерінен жасалған тағамдармен қамтамасыз етті. Енді міне, іскерлігін тағы бір дәлелдеп, азық-түлік дүкенін ашып отыр, – деген еді әкім. Қарт ұстаз Қонақбай қажы Әлин ақ батасын беріп, ашылу салтанатына жиналған жұртшылық «әумин» десті.
 
 
– Бизнесіме шығармашылық жұмыс ретінде қараймын. Әр мамандықтың өзіндік қиындығы, қызығы болады. Алдағы жылдарға жоспар құрып, қай деңгейден көріне алатынымды, қанша адаммен қалай жұмыс істейтінімді, бәрін-бәрін бағамдауға тырысамын. Көштен қалмау керек қой. Сондықтан жылдан-жылға өсіп, өркендеу үшін талпынып келемін. Үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмын, – дейді кәсіпкер Зәмзәгүл Аманғалиқызы.
 

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жангелдин ауданы 
comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев