Үздік студенттерге құрмет

10 ноября 2016 - Веб-редактор
article12224.jpg

Шырақбек Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясы I студенттер слеты және «Бірінші курс студенті күні» өтті. Ресми іс-шара еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен мекеменің 45 жылдығына және Қостанай облысының 80 жылдығына орайластырылғанын да айта кетейік. Іс-шараның бірінші бөлігі үздік студенттердің құрметіне арналса, екінші бөлігі бірінші курс студенттеріне арналды. 

 

 

Аталған жиында оқу ордасының бірінші-төртінші курс курсанттары арасынан ең үздік 60-қа жуық студент марапатталды. Олар өздерінің білімдерін дәлелдеп, түрлі қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытып жүрген озаттар. Сондықтан да оларға қолдау білдіру, сәйкесінше жас талапкерлерді ынталандыру басты мақсат болғанға ұқсайды. Қазақстанның әр өңірінен келіп білім алып, әскери дағдыға бейімделіп жатқан жастардың арасында екінші курс курсанты Сүндет атты азамат та бар.

 


– Академияға түскенде ең бірінші мақсатымыз республиканың дамуына өзіміздің үлесімізді қосу, – дейді Сүндет Бексұлтан есімді курсант. – Сонымен қатар, академиямыздың атын шарықтату үшін де талпынып, тырысып оқыдық. Міне, сол талпынысымыздың арқасында академия бастығынан үздік деген төсбелгілер алып жатырмыз. Бірақ, біз мұнымен тоқталып қалмаймыз оқу бітіргенше үздік екенімізді әлі де дәлелдеп академия атауын асқақтатуға барымызды салатын боламыз. Өз кезегінде бүгінгі іс-шараны өткізіп отырған курс басшылығына шын алғысымызды білдіреміз.

 


Салтанатты жиынға оқу орынның бұрынғы түлектері, яғни академияны бітірген офицерлер де келіп қатысты. Олардың арасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз қолынан лейтенанттық шен алған Нұрсұлу Есенгелдина да болды. Олар жас түлектерді жаңа оқу жылымен құттықтап, үздік атанған курсанттарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, оқуды сәтті аяқтап, елге адал қызмет етуге үндеді. Сөз сөйлегендер қатарында академия бастығы да болды.

 


– Бүгін осы залда ең жауапты, талапты, креативті жастар жиналып отыр, – деді ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы, профессор, полиция полковнигі Мирлан Қызылов. – Біздің бірінші курс курсанттары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұжымына абыроймен қосылды және оның ажырамас бөлігіне айналды. Осы аралықта көптеген оқу, саптық сабақтар, спорттық және мәдени-бұқаралық шаралар өткізілді. Сондай-ақ, сіздер алғашқы қиындықтарды жеңе білдіңіздер. Осы уақыт ішінде сіздер есейіп, ержеттіңіздер. Отанға қызмет етуге ант қабылдап, маңызды құжат – ішкі істер органдары қызметкерінің қызметтік куәлігін алдыңыздар. Құрметті бірінші курс курсанттары. Сіздерді аты аңызға айналған Қазақ ССР ішкі істер министрі генерал Шырақбек Қабылбаевтың есімімен аталған оқу орнында оқитындарыңызды еске ұстап, әрдайым мақтан тұтуға шақырамын. Сіздердің әрқайсысыңыз академияның бірінші оқу күнінен бастап Шырақбек Қабылбаев секілді болашақта нағыз офицер болуға, өз кәсібін меңгеруге, мықты білім алуға, ерекше ынта көрсетуге, барлық күш-жігерлеріңізді жұмсауға тиіссіздер.

 


Ұжым басшылығының осы тектес сөздері залда отырған әрбір жастың жігерін жанып, белсенді болуға ұмтыла түссін дегендей әсер қалдырды. Әрқайсысының үміт отын жаққан, құлшынысын арттырған лебіздер легі мұнымен таусылған жоқ.

 


– Сіздердің білім нәрімен сусындап, алға қойған мақсатқа ұмтылып жатқан қадамда-рыңыз өзгелерге үлгі болмақ, – деді академия бастығы М.Қызылов. – Үздік оқып, академияның қоғамдық өміріне тікелей атсалысуларыңыз белсенді өмірді көрсетеді және осындай еңбектің арқасында білікті маман атанасыздар. Тәртіп пен тәрбие сияқты қасиеттер тәуелсіз мемлекеттің ішкі істер органдарының қызметкерлерінің беделін арттырады. 2014 жылдан бастап академияның 14 курсанты ҚР Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі бекітілген Жарлығына сәйкес, оқу орнының оқу үздігі төсбелгісімен марапатталды. Академияның жеті үздік түлегі ІІМ генерал-полковник Қасымовтың қолынан арнайы лейтенант шенін алды. Бұл жетістіктер түлек үшін, оның ата-анасы, біздің оқу орны үшін зор мақтаныш.

 


– Мен сіздерді оқуда ғана емес, өмірде де үздік болуға шақырамын. Өз ісінің нағыз шебері, кәсіби маманы болатындарыңызға, жаңа білім мен идеяларды дамытуға қабілетті және инновациялық жаңашылдықтар жасауға қауқарлы екендеріңізге сенемін.

 


Сондай-ақ, ресми жиын барысында оқу орнын тәмамдауға аз қалған жоғары курс студенттері жаңа буынға үндеулерін оқып, ант қабылдатты. Ал жиынның соңы концерттік бағдарламамен жалғасып жатты.

 


Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев