Оқушылар қызығушылық танытуда

1 февраля 2018 - Администратор
article15930.jpg

 Жақында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына Қостанай облысы Таран ауданының №1-ші орта мектептің 11-ші сынып оқушылары келіп, академияның тыныс-тіршілігімен танысқан.

 

Академия қабырғасына келген қонақтар Шырақбек Қабылбаевтың өмірбаянымен және академия тарихымен етене танысып, мол мәліметке қанық болды.

Енді ғана оң-солын танып жатқан жасөспірімдердің академияға келу мақсаты болашақта өз өмірлерін бақытты сезіну, таңдаған мамандықтарын адаспай тауып, жақсы бір мамандықтың иесі атану.

Оқушылар ең алдымен курсанттардың ас ішетін асханасына кіріп, өз көздерімен көріп, күнделікті ас мәзірімен танысты. Одан кейін спортшылардың әртүрлі спортпен шұғылданатын спорт кешеніне және спорт залдарын аралап, онда спортпен жаттығып жатқан  курсанттардың бір күндік өмірін тамашалады.

Спорт кешенінде жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Бағдат Утенов келген қонақтарға академияға қалай түсу керектігін және де спортпен жиі шұғылдану керектігін атап өтті.

Болашақта осы оқу орнына түсуді армандаған түлектерге келесі ережелерді біле жүрген абзал. Егерде сіз спорт шебері болып, сол шеберлікті растайтын құжаттарыңыз болса, сіз міндетті түрде спорт түрлерінен тапсыратын сынақтан босатыласыз. Және де оқуға түсуге көп мүмкіндігіңіз болады. Сондай-ақ, ІІМ арнаулы оқу орындарына кандидаттарға арналған дене  шынықтыру даярлығы бойынша  белгілі нормативтерді тапсырады.  Мысалға,  ер балаларға 100 және 3000 метрге жүгіру, тартылу, қыздар үшін 100 және 1000 метрге жүгіру, кешенді күштік жаттығуды бір минут ішінде  орындау жатады.

Міне, осындай бекітілген нормативтерді тапсырып жақсы нәтижеге қол жеткізсеңіз оқуға түсуде мүмкіндік аласыз. 

Спорттық түсіндіруден кейін, академияның мұражайына бас сұғып, академияның тарихымен танысты. Мұражай ішіндегі тарихи жәдігерлерімен танысқан соң акт залда оқуға қабылдау комиссисының түсіндірме жұмыстарына қатысып, оған қалай түсу керектігі жөнінде нақты ақпараттар алды.

Жалпы академияның тыныс-тіршілігі, мұндағы сабақ өту тәсілі, спортпен шұғылдану  жаттығулары, келген оқушылардың көңілінен шықты. Өйткені кездесу барысында көптеген оқушылар академияда оқуға қызығушылықтары бар екенін, болашақта осында түсуге ниет білдірді.


Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ

сурет ғаламтордан алынды

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев