Ардагерлермен кездесу

1 февраля 2018 - Администратор
article15933.jpg

Жақында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Академия ардагерлері мен бірінші курс курсанттарының кездесуі өткен. Қонақта болған Академия ардагерлері зейнеткер полиция полковнигі Абдрахман Комамбаев пен отставкадағы полиция подполковнигі Николай Евдокименко болашақ полиция қызметкерлеріне жол көрсетіп, тәжірибелері және естеліктерімен бөліскен.

 

«Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деген мақалды ұстанған Академия басшылықтары қонаққа тәжірибесі мол, үлгі тұтар азаматтарды шақырып, курсанттарға өз өмірінен, яғни бұл мамандықтың қыр-сырымен таныстыру мақсатында  жиын өткізілді. Курсанттармен ортақ тіл таба білген қонақтар, лезде қызықты сәттерімен бөліскен. Сұхбат ашық әрі еркін түрде жүргізілді. Бұл мамандықты курсанттардың дұрыс таңдағандығын, полиция болудың қыр-сырын, тәртіпті де, білімді болудың қаншалықты маңызды екендігін жетік түсіндірді.

– Полиция – бұл ең алдымен қоғамдық тәртіп сақшысы, Қазақстан Республикасына қызмет ететін ішкі істер органынына лайықты қызметші, үлгілі полиция болуды, парасаттылықты, білімділікті, тәрбиені, жанашырлықты, шыдамдылықты, адамгершілікті, адалдықты, жан-жақты біліктілікті талап ететін мамандық, – деді полиция полковнигі Абдрахман Сегізбайұлы.

– Бұл кісілер Академияға бүгін келіп отырған жоқ, осы уақытқа дейін академияда дәрістер беріп, сабақтар өткізген, – дейді бірінші курс курсанты. – Курсанттарға жеткен жетістігі жайлы, қылмыстық-атқару ісіне қатысты істері жайлы, қызықты да жауапкершілікті талап ететін жұмысынан үзінді оқиғаларымен бөлісті. Бұл кісінің әңгімелері курсанттарды қызықтырып, олардың мамандығына деген қызығушылығын, іздесін, құштарлығын одан әрі оятты десем артық айтқандығым емес.

«Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа» – демекші, курсанттардың көзқарасын жақсарту мақсатында академия басшылары курсанттарға үлгі болар азаматтар мен азаматшаларымен ортасын толтырып, тәртіпті де, үлгілі полиция болуға баулуда.

Осындай кездесулердің куәсі болуға мүмкіндік жасағандары үшін Қазақстан Республикасы Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығына бірінші курс курсанттарының айтар алғысы шексіз.


Ақбота САҚҰЛОВА,

суреттер ғаламтордан алынды

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев