Жастардың жай-күйі назарда

9 октября 2014 - Веб-редактор

Рудный қаласында еңбекші жастар «Болашаққа қадам» атты Халықаралық форум аясында бас қосты. Форумда Қазақстанның 12 өңірінен келген және Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің делегаттары жас мамандарды әлеуметтік қолдау, жұмысшылардың беделін арттыру мәселелерін жан-жақты талқылады.

 

Шараны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі жөніндегі комитетінің тапсырысымен «Қазақстанның еңбекші және ауыл жастары ассоциациясы» корпоративті қоры ұйымдастырған еді.
 
Форум басталысымен қатысушылар «ССКӨБ» АҚ-ның кадрларды даярлау және оқыту орталығына жиналып, Еңбекті қорғау бойынша республикалық ғылыми зерттеу институты, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қарасты «Келешек» жастар қанаты мен жастар ісі жөніндегі кеңесінің, сондай-ақ рудныйлық комбинаттың жүзеге асырып жатқан жобаларымен егжей-тегжейлі танысты. Беделді сарапшылар мен мамандардың шеберлік кластарынан өтті. 
 
Түс ауа еңбекші жастар «Горняк» мәдени кешенінде министрлік өкілдері, жергілікті депутаттар мен мемлекеттік мекеме-кәсіпорын бас-шыларының қатысуымен өткен пленарлы мәжіліске қатысты. Күн тәртібіндегі басты мәселе еңбекші жастардың өмір сапасын арт-тыруға бағытталған ұсыныстарын тыңдап, өзге елдер мен өңірлердің озық тәжірибелерін қарастыру болды.
 
Пленарлық мәжілісте сөз алған «ССКӨБ» АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы Дмитрий Гусак, Жастар ісі комитетінің бас сарапшысы Дамир Меңдіғалиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің өкілі Серікқали Бисакаев республикамызда тұңғыш рет өткізіліп отырған аталмыш форумның маңыздылығына тоқталып, еңбекші және ауыл жастарының өзекті мәселелерін ортаға салуға шақырды. Басқосуда жер-жерден келген делегаттар мінберге шығып, қордаланған мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын ұсынып жатты. Мәселен «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ жас мамандар кеңесі төрағасының орынбасары Равиль Усманов еңбекші жас отбасылардың тұрғын-үй мәселесіне алаңдаулы екенін жеткізді. 
 
– Еңбек адамының беделін арттыруды оның тұрмыс жағдайын жақсартудан бастау керек. Себебі, басында панасы бар азамат қана алаңсыз, нәтижелі еңбек ете алатыны сөзсіз, – дейді Равиль. Астаналық «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшысы Қалибек Асылбеков үлгілі еңбек әулеттерін насихаттау арқылы еңбек адамының беделін көтеру қажет дегенді алға тартты. Мәжілісте бұдан басқа да бір топ қатысушының өз ұсыныстары мен тілектері тыңдалды.

Қуаныш ЕСҚАБЫЛ 
 
comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев