Таза өнім алу жолында

21 августа 2015 - Веб-редактор

Органикалық егіншілік жөнінен Қостанай облысы басқа аймақтардан алда. Химиялық өңдеуді пайдаланбай, экологиялық таза өнім өсіруге бекінген он шаруашылық биыл сертификат алды.


Әлемде органикалық егіншілік ұғымы бұрыннан бар. Бұл үрдіс Ресейде де кеңінен қолданылуда. Ал Қазақстан агроөнеркәсіптік кешеннің экологиялық бағытқа бейімделуіне алғашқы қадам-дарын енді жасап жатыр деуге болады.


– Былтыр сертификатталған шаруа-шылықтардағы органикалық жерлер көлемі 150 мың гектарды құрады, оның басым бөлігі Қостанай облысында, – дейді «Органикалық егіншілік қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Вадим Лопухин. – Биыл ондай жерлердің көлемі шамамен 55 мың гектарға қысқартылды. Себебі, әлі де болса қолдау жағы жеткіліксіз.


Сертификаттарын алмас бұрын осы бағытта өздерін сынап көрген шаруа-шылықтар бар. Олардағы органикалық өнім шығымы жаман болған жоқ. 2012 жылы мемлекеттік бюджеттік бағдарламаның көмегімен, «Қостанай ауыл шаруашылығын ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мұндай өнім-дерді тәжірибелік танаптарында өсіріп көрді. Биыл Меңдіқара ауданының «Каменск-уральск» ЖШС егіп жатыр. 2015 жылы республикамен қатар, облыстық қар-жыландыру тетіктері де қосылды.


Егіншіліктің балама түрімен айна-лысуға ықылас білдіргендерге арнап, жақында Қостанайда семинар ұйым-дастырылды. Шаруалар алдымен Мең-діқараға аттанып, жаңа жүйеге қадам жасаған серіктестіктің жағдайына қа-нықты. Содан соң Қостанай ауданына келді.


– Төрт жыл бойы біздің институт базасында органикалық егіншілік бойынша зерттеулер жүргізіліп келеді. Технологиясын қарап, зерделеудеміз, – дейді «Қостанай ауыл шаруашылығын ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Алмабек Нұғманов. – Егіншіліктің баламалы бұл түрі өте жоғары сұранысқа ие. Сондықтан біз тәжірибеге енгізіп, шығымын көрейік деп шештік. Олардың қатарында судан шөбі, бидай, сұлы-бұршақ қоспасы бар. Біз экологиялық таза тауарлы астық әрі мал азығын аламыз деген үміттеміз.
Бұл танаптарда өсімдіктерді қорғайтын дәрілер мен минералды тыңайт-қыштар қолданылмайды. Мұндағылар мына схема бойынша жұмыс істеді: бірін-ші онкүндікте, 1-10 мамыр аралығында жабық ылғалдандыру жүргізді. Сосын айдың аяғына дейін, арамшөптер өсіп кетпеу үшін, жерді 4-5 см етіп қопсытқан. Себу жұмыстарын маусым басында бітіреді. Жиын-терім 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында аяқталады деп жоспарланып отыр.


– Тұқым себуді ерте бастауға себеп – арамшөппен күресуге көп уақыт кетеді. Шаруашылығымызда мал өсіретіндіктен, екі телім жерге судан шөбін және сұлы-бұршақ қоспасын ектік. Оларды пісіп-жетілуіне қарай жинайтын боламыз. Судан шөбі екі рет шабылады. Біріншіде жасыл өнімі жинап алынады, екіншіде тұқымын қалдыру үшін ұсақтап алқапқа тастайды, – дейді Нұғманов мырза.


Тәжірибе танабындағы жағдайды са-раласақ. 2013 жылы гектарына 14,5 центнерден бидай жиналған. Өнім бірінші, екінші сұрыптың талаптарына сай келеді. Өзін ақтау құны да жаман емес. 2014 жылы гектарына 21,1 центнер өнім алынған.


Семинарда институт мамандары шаруаларға экологиялық таза өнім алу үшін қандай шараларды қолғау керектігін түсіндірді. Әуелі егіс алқа-бының топырағындағы химиялық заттар анықталады. Содан кейін жерді тазалауға қанша уақыт кететінін есептеу керек. Кейбір шаруашылықтарға бір жыл, басқаларына үш-төрт жыл кетуі мүмкін. Қостанайдағы ғылыми-зерттеу институтында бұл тәжірибе оң нәтижесін беруде. Және тәжірибе жұмыстарын жүргізетін мамандардың дені жастар екенін де айта кеткен жөн.

 

Асыл ҚАСЫМ

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев