Қазақтың ақын қызына арналған құрмет

10 августа 2017 - Администратор
article14528.jpg

Күні кеше Ы.Алтынсарин облыстық мемориалдық мұражайында ақын, журналист Ғайнижамал Бердалинованың 75 жылдық мерейтойы атап өтілді.

Шашумен басталған шығармашылық кеш ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу және қайраткердің жанына жақын адамдардың ізгі тілектерімен жалғасын тапты. Кеште алғашқы сөзді қайраткер апамыздың шәкірті, жуырда ғана Ы.Алтынсарин облыстық мемориалдық мұражайына директорлық қызметіне тағайындалған Марғұлан Оспанов алды.

Ғайнижамал Сайманқызы Тобыл өңіріне танымал журналист. Ол «Салт-дәстүрімізді, тілімізді дамытуға үлес қоссам екен» деген оймен отбасы 1970 жылы Жітіқара қаласына қоныс аударған. 1980 жылдары қоғамдық қызметтерге атсалысып, Жітіқара қалалық Қазақ тілі қоғамының хатшысы болып, ана тіліміздің мәртебесін көтеру жолында еңбек еткен. Ғайнижамал Сайманқызы ұзақ жылдар бойы облыстық «Қостанай таңы» газетінде қызмет жасаған. Жас қаламгерлердің шығармашылығын дамытуға өзіндік үлес қосты. Кішіпейілділік, парасаттылық, адамдарға жақсылық жасауға құштарлық, өнерді құрметтеу – Ғайнижамал апаның басты қасиеттері. Оны басқосуға жиналған жандардың айтқан сөздерінен анық аңғардық.

Басқосуда ақынмен бірге Қостанай өңірлік іскер әйелдер кеңесінің негізін қалап, қызмет атқарған Римма Бектұрғанова, Қапиза Махмұтова, Қарлығаш Балапанова сөз сөйлеп, кеш иесіне жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар, журналист, танымал теледокументалист Гүлжібек Баймұхамедова, ақын-аудармашы, Әбдірахман Досов, Мариям Дәрменова және Мешіт Ғазиз да тілек білдірушілердің қатарында болды.

Өнер кешінде Қазақ драма театрының және облыстық филормонияның әртістері ақынның термелерін айтып, оның сөзіне жазылған әндерді орындады.

Кездесуге келгендер өрнекті жырларға барынша сусындап, поэзия құдіретінің қыр сырына қанықты. Көптеген сауалдар жолдап оған өздері қанағаттанарлықтай жауап алды.

Қазақта саусақпен санарлықтай ғана ақын қыздардың ішінде бірегей, киелі Қостанай өңірінің тумасы қасиетті аналардың жалғасы, поэзия әлемінде, танымал дарынды жерлесіміз – ақын Бердалинова Ғайнижамал Сайманқызына арналған кездесу осылай өтті.

 

Ақбота САҚҰЛОВА,

суретті түсірген автор

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев