Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі

29 июня 2017 - Веб-редактор
article14175.jpg

Таяуда облыста әлеуметтік жобалар мен идеялардың жәрмеңкесі өтті. Үкіметтік емес ұйым ресурстық орталығы мен облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара жергілікті қоғамдастық мәселелерін шешуге бағытталып отыр.  

 

 

Байқау жарияланысымен қатысуға ниет білдірген 103 өтінім келіп түскен. Бұнда өңірдегі аудандар мен ауылдардан бөлек Астана, Алматы, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген делегаттар да өз жобаларын ұсынды.

 


Тоғызыншы мәрте ұйымдастырылып отырған шарада сегіз жоба финалға өткен. Соның ішінен, қазылар алқасы үздік төрттікті анықтаған. Ол мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы әріптестікті нығайтуды мақсат еткен.

 


Жәрмеңкеге Амангелді ауданынан екі жоба ұсынылған. «Амангелді аудандық Жастар Кеңесі» ҚБ «Қарасу ауылдық округінде жазғы спорт алаңын ашу» және «Үрпек ауылдық округінде балалар ойнайтын шағын алаң тұрғызу» аталатын екі жобамен байқауға өтінім берген. Байқау қорытындысы бойынша екінші жоба қазылар алқасының назарын аударып, облыстық шарада жеңімпаз тұғырынан көрінді. Ол 500 мың теңгелік сертификатқа ие болып, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. Жастар кеңесі ұсынған аталмыш жоба ауыл балаларына үлкен көмек. Себебі, мұнда балалар ойнайтын алаң жоқ. Жалпы жоба құны 1 млн теңгеден тұрады. Дегенмен қалған 500 мың теңге қаражатты кәсіпкер Т.Ахметов өз жауапкершілігіне алып, оның орындалуына көмек қолын созып отыр. Қазіргі таңда қаражат толығып, жоба жұмыстары басталып та кетті.

 


Бота САҚҰЛОВА
суреттер ғаламтордан алынды  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев