Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы

8 июня 2017 - Веб-редактор
article13990.jpg

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Ықылым заманнан бері қазақ атамыз «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие. Қазіргі заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік – жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл» деп атап өткен еді. Осы орайда, сол сөздің дәлелі ретінде Аманкелді аудандық орталық кітапханасындағы жазғы оқу бағдарламасымен және жақында «Қоғамдық келісім» КММ-де болған «Балалық шағымның аспаны» атты этнофестивальға шолу жасап өткенді жөн санап отырмыз. 

 

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев алғашқы күннен-ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жете түсінген Елбасы экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға барынша қолдау көрсетті. Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзін, білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін білуіміз тиіс. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық – рухани күш, қуат көзі жоқ екені белгілі. Өйткені, білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры, ел дамуының алтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды.

 


– Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет, – дейді Аманкелді аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Зарина Мұсабаева. – Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. Қазіргі заманда баланы әдеби кітаптарды оқуға тарту білімнің көзі болып табылады. Біздің мақсатымыз – бүгінгі күнде білім мазмұнын қалыптастыру кезеңінде жаңа ақпараттық технологиясыз жұмыс атқара алатын, ақпаратты өзі ізденіп табатын және сарапқа салатын, өз білімін жетілдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. Сол себепті, оқушыларды көркем әдебиетке тарту барлық ұлттың дамуы деп қарау керек. Осындай ізгі қасиеттерді, рухани байлықты, сөз өнерін оқушыларға кітап арқылы насихаттауға мүмкіндігіміз мол. Оқушыларды кітапханаға тарту мақсатында аудандық орталық балалар кітапханасы Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің «Жаз-2017» сауықтыру алаңының «Жалын» және «Балдырған» топтары кітапханамызға саяхатқа келді. Балалар кітапханашы апайларын ықыласпен тыңдады. Олар кітапхана жұмысының ерекшеліктерімен таныстырып, кітапханада өзін ұстау тәртібінің ережелері туралы, кітаптарға мұқият қарау жөнінде ақпарат алды. Кітап әлемінің шынайы кітапшасымен, сыртқы түрлері бойынша ғана емес, көлемі бойынша айырмашылықтары бар – бүктемелі кітапшалар, шағын кітапшалар, әуенді кітапшалар, керме кітапшалар, ойыншық кітапшалар, бояуға арналған кітапшалар және басқаларымен танысты. Бірақ ең бастысы, мазмұны бойынша – ертегілер, жұмбақтар, әңгімелер және де өзгелерін өлең және қара сөзбен айтып өтті. Балалар біздің кітапханаға үлкен мүдделілік көрсетті. Олар үшін әртүрлі тақырыпта кітап көрмелері әзірленген болатын. Сондықтан бүлдіршіндерге өз бетімен өздерін қызықтырған кітаптарды қарап, беттерін аударуға рұқсат етілді.

 


Бұл Аманкелді ауданындағы бүлдіршіндерді демалыс уақытында да біліммен қамтып, олардың ой-өрісін кеңейтуді көздейтін іс-шара. Одан өзге таяуда достық үйінің ұйымдастыруымен «Балалық шағымның аспаны» атты бірнеше ұлтты бүлдіршіндердің басын қосқан этнофестиваль өткен еді. Шараға үш жас пен 12 жас аралығындағы балалар қатысып, өнер көрсетіп қана қоймай, өздерінің білімдерін де танытты. Іс-шара танымал Максим Галкин жүргізетін «Лучше всех» атты бағдарламаның желісінде жасалған. Мысалға, Армян ұлт өкілінен қатысқан төрт жасар Артур Абрамян атты бүлдіршін көрерменді автокөліктердің атауларын жатқа білетіндігімен, ал рудныйлық бес жасар Ева Кравцованың Youtube желісінде адамдарға кеңестерімен бөлісетін жеке блогы бар екендігімен таңдандырды. Сонымен қатар, Арсен Зороглян есімді балақай өзінің барлық ел атауы мен олардың астаналарының аттарын жатқа білетіндігімен бөлісті. Фестивальға қатысушы барлық балалар көрермен алдында өздерінің өнерлері мен білімдерін сынға салды. Және де кейбір бүлдіршіндер өз ұлтының тілінде ән шырқап, тақпақ оқыды. Шараның негізі мақсаты – кішкентай кезінен өнер мен білімге құштар балаларды анықтап. Өнер көрсеткен әр балаға «Ең үздік» деген мақтау қағазы мен сыйлықтар табысталды. Балалар аталмыш фестивальда бір-бірлерінен білімдері және өнерлерімен асып түсті. Бұл шара балаларды зеректікке және тек биікке ұмтылуына сеп болары анық.

 


– Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты, – деп Елбасы білім беру саласын дамытудың қаншалықты маңызды екендігіне жұртшылықтың назарын аударды.

 


Бұл орайда Н.Ә.Назарбаев мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, 12 жылдық оқыту моделі, кәсіптік және техникалық білім беру, жоғарғы білім берудің сапасы, интеллектуалды мектептер, жаңа халықаралық университет сынды мақсаттарды алға қойды. Білім саласының қызметкерлерінің бүгінгі таңда жауапкершілігі мен маңызы күшейіп отыр. Өйткені, сапалы білім беру елімізді индустрияландырудың және инновациялық даму жолына түсірудің басты алғышарты болып табылады. Білімсіз қоғамда прогресс, жаңа өрлеу мүмкін емес. Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда. Жастар өз күш-жігерлерін, білімдерін тәуелсіз елінің гүлденуіне жұмсамақ. Білімнің негізінде болашаққа деген шынайы сенім мен үкілі үміт, өз халқына деген ізет-құрмет пен қадір-қасиет жатқанын Елбасы жақсы түсінді. Ол тәрбие мен оқу-білімді егіз дүние ретінде қарастырып, тәрбие арқылы берілетін білімнің болашағы әрқашан баянды болатынын назарынан ешқашан тыс қалдырмады. Өркениет көшіне бет бұрған қыруар істің алатын арқауы болып есептелетін ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші білім десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты – жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу.

 


Жоғарыда атап өткен екі іс-шара сол мақсатты орындауды кішкене бүлдіршіндерден бастаған сыңайлы. Сол себептен, олардың маңыздылығы да жоғары болмақ.

 


Ақбота САҚҰЛОВА
суреттерді түсірген автор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев