Тәуелсіздіктің көгінде, Жеңістің туы желбіре!

14 мая 2015 - Веб-редактор

Мен бақытты заманның ұрпағымын. Балалық шағым шат-шадыман күндерге толы. Құдайға шүкір, қасымда ата-анам бар. Тұлымшағым желбіреп мектеп табалдырығын аттадым, енді міне, тарыдай боп кіріп, таудай боп шығатын күндерім де жақын қалды...

 

 

Биыл Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 70 жыл. Еліміз бұл мерекені жоғары деңгейде атап өтпек. Мектептерде соғыс және тыл ардагерлерімен кездесулер, патриоттық бағытындағы мәнді іс-шаралар көптеп өткізілуде. Мұндайда әр отбасында жеңіске үлес қосқан аталарымыз да елеусіз қалмасы анық. Осы орайда мен де өз ата-анамның қан майданда жан алысып, жан беріскен әкелерін мақтаныш сезіммен еске аламын және олар туралы естелік жазуды өзімнің немерелік парызым деп санаймын.

 

Мен әңгімеме арқау еткелі отырған соғыс ардагері, әкемнің әкесі, менің атам Аюпов Жұмабек Әйіпұлы (суретте) туралы болмақ. Атам 1921 жылдың 1-қаңтарында Амангелді ауданының Құмкешу ауылында туған екен. Мектептен жеті жылдық білім алып, бірден еңбекке араласады. Алғашқы еңбек жо-лын МТС-те «учетчик» болып бастайды да, кейіннен 1940 жылдары Қостанай обылысының Затобол ауданының (қазіргі Қостанай ауданы) «Бірлік» колхозында есепші болады.

 

1942 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, алғашқы ұрысты №930 атқыштар полкінің құрамында өткізген. Сол бетпен Калинин майданының бел ортасында жүріп, қөптеген елді мекендерді ерлікпен азат етуге қатысады. Сол ұрыстардың бірінде, яғни 1943 жылы ауыр жараланып, Батайск және Иваново қалаларында емделіп, осы жылы елге оралады. Соғыста көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталып, соғыстан кейінгі жылдарда бес мерейтойлық төсбелгінің иегері атанған. Елге келе салысымен еңбекке араласып, 1943-1962 жылдар арлығында аудандық мал бордақылау мекемесінде қызмет атқарды. 1962-1966 жылдары «Қазақстанның 40 жылдығы» кеңшарында жұмысшылар кооперациясының төрағасы, кейін басқа кеңшарларда бөлімше меңгерушісі, учаскелік агроном деген сияқты жауыпты жұмыстар атқарып, құрметті зейнетке шықты. 

 

1993 жылы 72 жасында көз жұмған. Ұрпағын жалғаған екі ұлы, бір қызы және немерелері бар. Атам елге сыйлы, ағайын-туысқа беделді болған, қоғамдық жұмыстарда белсенді көрінген. Әулеті ол кісінің ақыл-кеңесінсіз ешқандай шешімге бармаған. Атам туралы ғибратты әңгімелер осы уақытқа дейін көпшілік аузынан түскен емес. Сол үшін де мен атамды мақтан тұтамын.

 

Құралай АЮПОВА,

Амангелді орта мектебінің

11-сынып оқушысы

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев