Болмасын соғыс!

14 мая 2015 - Веб-редактор

Соғысқа еліміздің жасы да, кәрісі де аттанды. Тек жастар ғана емес, қазақтың ақын-жазушылары да қалам орнына қару алып, жауға қарсы шықты. Қаншама адам қыршынынан қиылды.

 

Мен соғысты елестетер болсам, көз алдыма бораған оқ, жаулармен шайқасып жатқан сарбаздар ойыма келеді. Үстерінде ұзынша шинел, қолдарында асынған қару, жан-жақтарында мерт
болған адамдар, осының бәрін елестетер болсаңыз, бойыңызды үрей мен қорқыныш билейді. Бірақ, мені сол қорқыныштан алып шы-ғатын сезім – мақтаныш, «біз жеңдік!» деген ұран.  
Менің ауылымда со-ғысқа қатысқан көптеген адамдар бар. Олар: Өміржан Бірмағанбетов, Ертай Мұқанов, Махмұт Абдыхалықов, Шаумал Абдыхалықов, Тоқай Абжанов, Қойбақ Адаханов, Жәкен Іздібаев, Қали Айқынов, Әбдібек Аймағанбетов, Байғабыл Айтбаев және бұл тізім осылай жалғасып кете береді. Ұлы Отан соғысына қатысып, өз ерліктерін табандылықпен көрсете білген осы аталарымызды біз, кейінгі ұрпақ, мақтан тұтамыз.
 
Биыл жеңіске 70 жыл. Мен тәуелсіз елде туғаныма қуанамын. Бізге осындай тыныш, бейбіт өмірді сыйлап кеткен, қанды майданда өз өмірлерін кейінгі ұрпақтың болашағы үшін қиған қазақ елінің азаматтары мәңгі есте сақталуға тиіс. Тәуелсіз ел өркені ретінде, ата-баба сыйлап кеткен азат өмірдің тыныштығын сақтау, өркендеуіне өз үлесімізді қосу – қазақ жастарының борышы.
 
Жасасын Жеңіс, ба-қытты өмір сүреді ел,
Егемен болдың, еңсеңді тіктеп жүре бер!
Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын!
Осы тілектің маңызын барша біледі ел. 
 
Бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тап-қан аталарымыз бен апаларымыздың рухына бас иейік. Біз секілді жастардың бойында отаншылдық сезімі тұнып тұрса, ел шетін жау баспайды.
 
Ақжан МАҒЗҰМОВА,
А.Нұрманов атындағы 
орта мектептің
 9-сынып оқушысы
Амангелді ауданы,
Байғабыл ауылы 
comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев