Қазақстан танғын Қалқаман

19 мая 2016 - Веб-редактор

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, ұлағатты ұстаз, ұлт жанашыры, жаны жайсаң жерлесіміз Қалқаман Жақып 70 жаста.

 

Осыған орай, аталмыш қарашаңырақ қабырғасында мерекелік мәжіліс өрбіді. Мерейтой иесін замандастары, әріптестері, жасы үлкен ағалары келіп құттықтады.
Отырыста ортаға салынған орамды ой да, айтылған әзіл де, әңгіме де әмбебап ағамыз жайында өрбіді. Қалқаман Жақып – қай қырынан алсақ та, халық назарынан қалыс қалмайтын танымал тұлға. Ұлағатты ұстаз, қоғамдық көзқарастың көшбасшысы және жеңіл атлетиканың жүгіріс түрі бойынша, алдына жан салмаған желаяқ жан. Жетпісті жүгендеген мерейтой иесі кезінде мемлекеттің қалыптасуына да қомақты үлес қосқанын мәлімдеді Михаил Дәуенов. 
Жасы жетпіске жетсе де, жүзінен жігіттің жалыны, жанынан жас баланың жайдары күлкісі жырақтамаған ағамыз қай ортада да сыйлы. Әр әңгімесінде ұлт бірлігін, ел ертеңін негізгі арқау етеді. Қарапайымдылығымен қызметтестерінің ыстық ықыласына бөленген ағамыз, өзін құттықтай келген жамағатқа шексіз алғысын, риясыз ризашылығын білдірді. 

 

– Жетпіске жеттім деп, жай жату, жасаған жұмысымды жалғассыз қалдыру жат қылық мен үшін, – дейді жаны жайсаң ағамыз. – Жасым келсе де, жүріп-тұруға шамам жетеді. Сондықтан, мен қызметтен қол үзбеймін. Себебі, менің мемлекет дамуына қосқанымнан қосар үлесім көп.
 

Нұрқанат НҮСІПХАН
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев