Өндірістік тәжірибеден өтуде

6 мая 2014 - Веб-редактор
article3808.jpg

Сыртынан қараған кісіге кәдімгі өз мамандығының иесіндей көрінетін бір топ жастар легі Арқалық «АЖЕК» мекемесінде еңбек қарқынын арттыруда. Төрт жыл бойы теориямен сіңірген білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыратын мезгіл де жетті. 

 

Өз ісіне тиянақты қарау жауапкершілігін сезінген жастар берілген тапсырманы бұлжытпай орындаудан алдарына жан салар емес. Қаладағы аграрлық-техникалық колледждің тәжірибеден өтіп жүрген студенттеріне ағымдағы жылы сұраныс та арта түскен сыңайлы. Аталмыш оқу ошағының директоры Арман Жақанұлының айтуынша, тәжірибеден өтуге баратын студенттердің жағдайы әрдайым назарда. Олардың әлеуметтік әл-ауқаты, жататын орындарының жайлылығы, тамақтарының тоқтығы, келеңсіздікке ұшырамауын қамтамасыз ету қатаң қадағаланады. 
 
Мамандық иесі атануды мақсат еткен студенттер жұмыс уақытынан кешікпеу, өздеріне үйретуші ретінде тартылған маман кеңесін мұқият тыңдау талаптарына көндігіп те үлгерген. Олар ертеңгі маман екендіктерін жақсы түсінеді. 
 
Бүгінде жастардың тәжірибеден өтіп қана қоймай, болашақта тұрақты жұмыспен қамтылуына жағдай жасау ісі кезек күттірмейтін мәселе. Түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында колледж әкімшілігі 23 жұмыс беруші мекемемен әлеуметтік серіктестік орнатқан. Жылына үш-төрт рет мекеме басшыларымен арнайы жиындар, дөңгелек үстелдер өткізуді дұрыс жолға қойған.
 
Аймағымыздағы аграрлық саланы дамыту ісі ертеңгі ел эканомикасының қарыштап дамуына серпін берер сындарлы мәселе екендігі сөзсіз. Тамшыдан теңіз құралғандай, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болуының бір кепілі – ертеңгі білікті маман. Ендеше, осы бағыттағы жұмыстарымыз же-місін бере бергей.
 
 
Бағила КЕНЖЕҒАРАҚЫЗЫ 

Арқалық қаласы 

 

 
comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев