Жастар – жасампаз жаңа белестердің көшбасшысы

5 мая 2016 - Веб-редактор

«Ұл туып ұлы жолда қызмет етсе, онан зор ұлтқа бар ма ырыс», – дейді алты Алаштың арысы Ахмет Байтұрсынов.

 


ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы тарту еткен ел тәуелсіздігі ұлттық ұлы мұратымыздың нақты көрінісі, Мұхтар Шаханов өлеңіндегі төрт анамызды танытушы, ата-бабамыз аңсаған арманының орындалғанының айғағы.

 

 

Тәуелсіздік – бір жақты емес, жан-жақты оқиғаға толы тарих. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біздер барлық жағдайы жасалған, бақытты ұрпақпыз. Тәуелсіздіктің жеңісі – жас ұрпақтың жемісі болды.

 


«Бойында қаны бар, намысы бар әрбір азамат: «Енді тәуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз?!» деп ой-санасын қамшылауы керек», – дейді Елбасымыз.

 


Иә, ол үшін де президентіміздің қолдауымен жастарға барлық жағдай жасалып отыр.

 


Қазақстанның жасампаздық формуласын құраушы негізгі ұғымдардың бірі – жастар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз егемендікке қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап, мемлекеттік жастар саясатына ереше мән беріп келеді. «Болашақ» бағдарламасының аясында мыңдаған қазақстандық студенттер шет елдерге барып, танымал университеттерде оқуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде меңгерген озық әлемдік тәжірибелерін туған елге оралған соң барынша пайдалануға бар мүмкіндік жасалған.

 


«Ғылым туралы» жаңа заң жобасы әзірленуде. Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға сай келетіндей дәрежеге жетті. Астана қаласындағы бірегей оқу орындарына президент өз атын беруге келісті. Жаңа халықаралық университет, Арнаулы қор және қазірдің өзінде табысты жұмыс жасап жатқан интеллектуалдық мектептер жоғары деңгейде сапалы білім беруде.

 


Сондай-ақ елімізде «Дипломмен ауылға» жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бұл Қазақ елінің қазығы болған ауыл үшін де, жастар үшін де өзекті ұсыныс болғаны анық. Бұл шара мемлекеттің ауылды қолдауына бағытталды. Қазіргі кезде мемлекет түлектерді жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлуде.

 


«Жол картасы» шеңберінде «Жастар практикасы» республикалық жобасы ұйымдастырылып, жас мамандардың жұмысқа орналасуы барынша қамтамасыз етілген. «Жасыл ел» бағдарламалары, «Жас саясаткер» насихат хабарламасы бәрі-бәрі жастар болашағы үшін жасалынуда. Себебі, жастар – жаңашыл, жасампаз жаңа белестердің көшбасшысы. Ендігі жерде жастарымыз қолдағы барды бағалап, өз мүмкіндіктерін жібермей, тек қана алға нық қадам басып, мақсаттарына жету барысында үздіксіз еңбек етсе болғаны.

 


Жастар саясаты саласындағы шаруалар мұнымен шектеліп қалмасы анық. Елжанды азаматты тәрбиелеу ісі – мемлекет, қоғам және жалпы жастардың өздерінің мойнына жүктелетін ауыр жүк.

 


Ана тілімізбен қатар, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, еліміздің айбарлы Азия барысына айналуына, көкте желбіреген көк туымыздың еңсесін тек биікте ұстауға, ұлттық құндылығымызды ұлықтап, ел мерейін асқақтатып, мәртебесін көтеру – біздердің, жастардың басты міндеттері. Барша жылан жігер иелерін ел ертеңін айқындар жаңашыл, жасампаз жаңа белестердің көшбасшысы болуға шақырамын.

 


Шаттықгүл ЕСҚАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев