Халық қалаулылары ардагерлерді құттықтады

30 марта 2017 - Веб-редактор

22-ші наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай Амангелді аудандық мәслихат депутаттары ардагерлермен кездесу өткізді.

 


Басқосу барысында аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ғ.Әлшорин, депутат Г.Баженова және ауылдық ардагерлер кеңісінің төрағасы – С.Жанділдин құттықтау сөз сөйлеп, оларды 22-ші наурыз мерекесімен және ардагерлер Кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтап, мемлекетіміздің – тұғырлы, Тәуелсіздігіміздің – ғұмырлы болуы жолында ел игілігі үшін атқарған зор еңбектеріне алғыстарын білдірді.

 


Жиынды Амангелді аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Б.Уахитов қорытындылап, олардың атынан ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді. Дәстүрлі мерекелік құттықтау ардагерлерге арналған мерекелік дастарханмен жалғасты. Ардагерлер кең дастархан басында депутаттарға өздерінің ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына жеміс тіледі.

 


Қарттардың өнегеге толы өмір жолдары, даналыққа құрылған әрбір сөздері кейінгі жас ұрпаққа үлгі боларлық бай тәжірибе. Мереке қарсаңында ардагерлерді құрметтеп, керемет көңіл күй сыйлай білген халық қалаулылары алғысқа кенелді. Атап айтсақ, Камшат Шөптібайқызы, Гүлжамила Ермекбайқызы, Зубайра Мұсақызы, Динара Тоқтарқызы, Дидар Рашидқызы, Нұрлан Дәулетұлы, Бекзада Шайкамалұлы сынды аудандық маслихат депутаттары ардагерлердің әрқайсысына мерекеге орай құттықтау табыстады.

 

 

Камшат Абдикова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев