Наурыз мейрамының ерекшелігі

16 марта 2017 - Веб-редактор

Жалпы алғанда, мереке күні қар жауып тұру жақсы ырым деп саналған. Бізге жеткен қазақ аңыздарында қыздың сұлулығы наурыздың ақ қарына теңестеріледі. Түркі халықтарында жаңа жыл көктем мерекесімен бірге басталады. Осы орайда 22-ші Наурыз мейрамына байланысты қызықты деректі сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. 

 

 

Алғашқы дерек бойынша, Наурыз мерекесі – әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді. Бұрында қариялар 22-ші наурызды «Қызылбастың наурызы» дейді екен (Қызылбас – Иран, бұрынғы Парсы елінің қазіргі атауы). Қазақ халқы наурыз демей, Амал деген. Баршамызға белгілі Наурыздың дәстүрлі тағамы – «Наурыз көже». Ол жеті түрлі азықтық заттан тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның мағынасы терең. Ол санға байланысты әдет-ғұрыптар бар. Наурыз мерекесін тойлау кезінде, ақсақалға наурыз көжеге толы жеті кесе ұсынылады. Наурыз кезінде әр адам өз үйіне жеті қонақты шақырып, өзі де жеті үйге жолығады. Өзбекстанда «Сумалақ» – наурыз көжеге ұқсас тағам дәстүрлі болып саналады. Ол да жеті азықтық заттан әзірленеді.

 


Бұл мереке 18-ші ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда аталып өтіліп, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте тойланып келген деген дерек бар. Көктем мерекесі туралы мәліметтер антикалық және орта ғасырлық жазушылардың еңбектерінде кездеседі. Аталмыш мейрам – діни мереке емес. Бұл – қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.

 


2010 жылдың оныншы мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-ші қарарына сәйкес, 21-ші наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Бас Ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеді. Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30-шы қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.

 


Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай тойлағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған: әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған. Ескі киімдерін тастаған. Ескірген шыны аяқты сындырған. Бір-біріне гүл сыйлаған. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн рәмізін» салған. Үйлеріндегі тіреу, ағашқа гүл ілген. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген. Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған. Атырау және Маңғыстау облыстарында Наурыз мерекесі 14-ші наурыздан басталып, «Амал» деп аталады, осы мейрамның дәстүрлі элементі – «Көрісу». Бұл күні адамдар қол алысып қауышады. Сонымен бірге, барлығы «Жаңа жыл құтты болсын!» деп амандасады. Ал 1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен Наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты. Бұл мереке 1991 жылы 15-ші наурызда Қазақ ССР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22-ші жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24-ші сәуірінде ҚР Президенті Н. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23-ші күндеріне «Наурыз мейрамы» деген мәртебе берді.

 


Аталмыш мейрам тек елімізде ғана емес өзге де мемлекеттерде де тойланады. Мысалға, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресейде елдері Ұлыстың Ұлы күнін айрықша атап өтеді. Сонымен қатар, Ауғанстан, Иран секілді алыс шет елдері мерекенің келуін тағатсыздана күтіп, дайындық жұмыстарын жүргізеді. Наурыз айы туғанда өтетін «Көрісу» бір күнмен шектелмейді, ол наурыздың 14-нен басталып, айдың соңына дейін жалғаса береді.

 

 

Ақбота САҚҰЛОВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев