Депутаттар ардагерлермен кездесті

12 января 2017 - Веб-редактор
article12760.jpg

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ардагерлермен кездесіп, олардың әлеуметтік сипаттағы бірқатар сұрақтарына жауап берді және жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы баяндады.

 


Депутат Ирина Аронова (суретте) атап өткендей, осындай халықпен кездесулердің басты мақсаты – Мәжіліс депутаттарымен атқарылған жұмыстарының нәтижесін талқылау.

 


– Біз бірқатар облыс аудандарын аралап, әр түрлі халық топтарымен кездесулер өткіздік, – дейді депутат Ирина Аронова. – Мысалы, Әулиекөл, Қарабалық, Наурзым аудандарында болдық, айта кету керек, халықтың көңіл-күйі жақсы, барлығы жемісті, нәтижелі жұмысқа дайын. Негізінен, ауыл тұрғындарын шағын бизнесті дамыту, тұрғын үй мәселесі, атап айтқанда, «Нұрлы жер» жаңа бағдарламаны жүзеге асыру, білім беру сапасы, әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері толғандырады. Яғни проблемалар өте әртүрлі, бірақ қуантатыны – олар жергілікті атқарушы органдарымен тез арада шешіліп жатыр. Біз оған көз жеткіздік.

 


Қостанай облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укиннің айтуынша, облыс ардагерлері депутаттармен осындай кездесуді бұрыннан күткен. Өйткені депутаттар назар аударатын ардагерлердің көптеген сұрақтары жиналды.

 


– Бүгін депутаттармен кездесуге бүкіл ардагерлер активі жиналды, – дейді Кенжебек Укин. – Ардагерлер бүгін көтерілген мәселелердің көбісі шешімін табады деген үміт білдіреді. Бұл тек қана ардагерлер қызметіне ғана емес, аға буынның әлеуметтік жағдайын жақсартуға да қатысты.

 


Ардагерлер тарапынан басты сұрақ ретінде – қаржыландыру мәселесі қозғалды.

 


– Біз үкіметтік емес ұйымдарға жататын болғаннан кейін, біз жұмысымыздың қаржылық жағын өз бетінше шешуге мәжбүрміз, қайырымдылық қаражат іздейміз, – дейді ардагер. Бұл мәселе біздің жұмысымызға кедергі келтіріп отыр.

 


Кенжебек Укинның айтуынша, ТМД көрші елдерінің ардагерлер ұйымдарын мемлекет қаржыландырады. Сондықтан бұл мәселені, ардагер айтқандай, бүгін мемлекетте тез арада шешу қажет.

 


Кездесуді қорытындылай келе депутат Ирина Аронова ардагерлермен кездесу барысында барлық көтерілген мәселелер, нұр отандық депутаттар жұмысына қабылданатынын, және олардың нәтижесі міндетті түрде халыққа жеткізілетінін айтты.

 


Ақбота САҚҰЛОВА
суреттер «Нұр Отан» ҚФ баспасөз қызметінен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев