Он сегізде от кешкен...

11 мая 2018 - Веб-редактор
article16581.jpg

 Қилы заманды күрсіне еске алатын адамдар бар... Солардың бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері, соғыстан кейін қаруды қаламға айырбастап, облыстық «Қостанай таңы» газетінде меншікті тілші болып жемісті еңбек еткен қаламгер, бүкіл саналы ғұмырында ұрпақ тәрбиесіне араласқан ұлағатты ұстаз-тәлімгер, халқымыздың ғажайып өнері – айтысты, жырау-термешілікті жалықпай насихаттаушы өнерпаз Қасымхан Алдабергенов атамыз. Мейрам қарсаңында ҰОС ардагері, жыршытермеші, қаламгер Қасымхан Алдабергеновтің шаңырағына барып қайттық. Атамыз 93 жаста. Шүкір, әлі тың. Алла әл-қуаттан айырмасын. Ардақты ақсақал ескі күндер естелігін еске түсіріп, әсерлі әңгімелер айтты. Қолына қара домбырасын алып, ән де салып берді. Одан қалды ақпараттың біразын «Қостанай таңы» газетінің ардагері Сәлім Меңдібай атамыздың Қасымхан атамыз жайында жазған деректерінен алдық.

Соңғы қырық жылдан астам уақыт бойы Қостанай жұрты осынау құрыштан құйылған құдірет – Қасымхан атамыздың қасында жүріп, оның болмыс-бітіміне, білім-білігіне, әні мен күйіне, әзілі мен жырына тәнті болып келеді. Шіркін-ай, нағыз сегіз қырлы, бір сырлы деп халқымыз аспанға көтеретін елінің ері, халқының ұлы, шаңырақтың шуағы, өнердің өрені, жырдың жампозы, асылдың сынығы, бүгінгінің абызы дәл осы кісідей-ақ болар.

Қасекеңнің балалық пен жігіттік шағының 7-8 жылы әскерде, қан майданда өтіпті. Кейін өзі «Думанды дәурен» а тт ы е кіт ом ды . к іт аб ын да б ыл айд епж аз ад « Вс та ть» « Ло жи сь» « Бе го м м ар ш!» « На пр а-н ал ев оғ а»17-25 а ра с ын да .ыж ас ым ыз дыб ер іп пі з. А да мғ а б іра . р етб ер і-л ет ін өмірдің бұл қандай тұсы екенін айтып жату артық шығар. Махаббатты былай қойғанда, ғылым мен білімді, өнер мен өнегені игеретін нақ алғыр да албырт, гүлдей жайнайтын кезің емес пе?! Бірақ қайда, қандай жағдайда жүрсең де өмір өрнексіз өтпейді, өзіндік із қалдырады». Ұлы Отан соғысындағы ерекше бір бетбұрыс кезеңі болған 1943 жылы Кеңес Армиясы әуе-десант әскерлерін құра бас-тады. Қасымхан Алдабергенов сол жа-сақтың алғашқы қатардағы сарбаздарының бірі еді. Сол 1943 жылдың маусым айында Владимир облысы Киржач қаласының маңында 14-ші гвардиялық әуе-десанты бригадасы құрылды.

– Бригадада Қостанай облысынан біраз жігіттер болдық, – деп еске алады майдангер. – Солардың ішінде Сейітжапар Сейтаев, Нұрғазы Өмірбаев, Үмітбек Досаев, Телғара Әбенов сияқты азаматтар бар еді. Олар атқыштар, мен пулеметшілер ротасында болдым… Өйткені мен бұл бригадаға Златоус пулемет училищесінен келген болатынмын…

Осы арада тағы да Қасекеңнің «Думанды дәурен» к іт аб ын а ү .і .е .і .: « Бр иг а- д а б ірт аб иғ ат ы м ау жы ра .а н ж аң а ж ер геқ .н .с .а .д .: қ .л .ң қ .р .ғ .й .ы . а ра сы ш ағ ынб ір өзен-сайдың жағасы. Не керек, құрылысты қолымызбен атқардық, жер қаздық, бөрене тасыдық, баспана тұрғыздық. Құралымыз күрек пен балта ғана. Жыл жарым тұрдық осы арада. Түрлі әскери ойындар, жаттығулар, парашютпен секіру.

…Әскери тактикаға шыққанда араға бір қонып, қырық шақырым жерден ораламыз. Әлгі аңыздарда айтылатын «мұз жастанып, қар жамылып» дейтінді біз ақиқатқа айналдырдық. Қыс баласы бір қасық су көрмейміз. 20-25 градус аязда ұйқыдан тұрысымен 4-5 шақырым жерге ақ қардың үстімен жүгіріп барып келесің, үстімізде жұқа жиде, жұқа шалбар, жалаң бас. Келе қармен жуынамыз.

…Негізгі парашют – 16 килограмм, қосал-қы парашют – 8 килограмм, осыларды арқалып, оның үстіне қару-жарағың бар, 20 шақырым жердегі аэродромға барасың жаяу. Содан қарғу басталады. Ұшақ сені 40-50 шақырым жерге апарып тастайды. Ұшақтан ағытылып, жерге құлдырайсың… Парашют ашылмай, қаза тапқандар арамызда жиі болып тұрды. Жыл жарымның ішінде бүтіндей бір қорым, бейіт қалдырдық жаңағы лагерьде»…

Ұлы Жеңістің ұлы жолында осы Қасекең сияқты қаһармандарымыздың табан ізі қалды. Батыс Еуропа – Венгрия, Австрия, Чехословакия елдерін фашизмнен азат еткен ардагерлердің бірі де осы Қасымхан аға еді. Осыдан 80 жыл бұрын Жітіқара ауданы Шілікті ауылынан келген қаршадай бала облыс орталығы Қостанайдың зәулім залдарының бірінің сахнасында тамылжыта ән шырқап тұрды. Бұл мектеп оқушылары көркемөнерпаздары ұжымының қорытынды концерті еді.

1941 жылы екінші рет осындай өнер байқауына жүргелі тұрғанда соғыс басталды. Ал қан майданның қызып тұрған 1943 жылы ол Отан қорғауға аттанды. Содан елге тек 1950 жылы оралды. Келе сала өнерпаз жігіт өнерлі жастарды топтастырып, ауылды ән мен күйге бөледі. Ол басқарған көркемөнерпаздар облыстық фестивальдарға қатысып, талай жүлделер алды.

1959-1979 жылдар аралығында облыс-та алты рет ақындар айтысы өткен екен. Халқымыздың ғажайып өнерін жете меңгерген ол Жітіқара ауданының намысын қорғап, сол алты айтыстың төртеуінде бірінші орынды жеңіп алды.

1961 жылы өткен Тың өлкелік айтыс туралы сол кездегі Одақтың бас газеті «Правда» былай деп жазды: «Кустанай, 5 (ТАСС). В центре Целинного края состоялся айтыс – поэтическое состязание акынов поэтов-импровизаторов, посвященное 40-летию Советской власти в Казахстане. В ярких образных песнях под аккомпонемент домбр акыны рассказывают о новой, счастливой жизни казахского народа…

Победителем айтыса вышел сельский учитель Касымхан Алдабергенов из Джетыгаринского района».

Өнердегі өмірбаянды одан әрі қарай жалғастыратын болсақ, ол былайша өрбиді. 1980 жылы ІІ республикалық айтыста Қасекең Қостанайдың намысын қорғап, астана төрінде тіл безеді. Қазақ поэзиясының абызы Әбділдә Тәжібаев құшағына қысып, «айналайын, өнеріңе тәнтімін» деп иығына шапан жауып, қолына домбыра ұстатыпты. «Жыр-шашу» кітабында Қасекеңнің сол айтысы басылып шықты.

Қазақ теледидары әдейі төрт рет Алматыға шақыртып, «Халықтар қазынасы» циклынан ұлы Абайдың «Масғұт», «Ескендір» поэмаларын жырлатты. Ара-арасында әрі ақын, әрі сазгер, әрі әнші аға өз шығармаларын да орындады. Күні кеше ғана Қасекең Қазақ радиосынан екі күн бойы жыр төкті.

Ширек ғасырдан астам газеттің меншікті тілшісі бола жүріп, Қасымхан аға облыс шежіресін жазды. Оның қаламынан туған дүниелер уақыт болмысын дөп басып, небір көкейтесті мәселелерді қозғайтын. Өлең де жазатын, ән де шығаратын.

Ұлы Жеңістің 55 жылдық мерейтойында майдангер аға Астананың төрінде, 65 жылдығында Мәскеуде өткен Жеңіс парадына қатысып қайтқан саналуан сарбаздардың бірі болды. Түркістанда өткен пайғамбар жасына келген өнерпаздардың «Батаменен ел көгерер» атты байқауында біздің Қасекеңнің тағы да бағы жанды. Бүкіл елден келген небір жүйріктермен үзеңгі қағыс-тырған өнерпаз аға жүлделі орынды жеңіп алып, облыс мерейін шығарды.

Кейін облыста тұңғыш рет ұйымдастырылған жыршы-термешілер байқауына ұйтқы болып, өнерпаздар қадамын жіті қадағалап, қазылық еткендердің бірі де осы Қасекең еді. Майдангер, қаламгер бүкіл саналы ғұмырында қоғамдық маңызы зор сан алуан тақырыпқа ой толғап, мақалалар жазды, мәртебелі мінбелерден сөз сөйледі, жастармен етене сырласты. Туып-өскен өлкенің жер-су, елді мекен атауларын тарихи қалпына келтіру жөнінде дәлелді де дәл пікір өрбітті. Ұлттық музыкамыз, әуен, мақам туралы, жыршылық, термешілік дәстүр жөнінде білгірлікпен баяндады. Ана тілінің тазалығын, оның биязы үнділігін бұзушыларға, әсіресе, теле-радио, газет-журнал тілшілеріне сабақ болар талай дүниелер жазды.

Қасымхан ағаның тағы бір ерлігі – ол Кеңес Одағының Батыры Естай Есжановтың ерлік тарихын зерттеп, жариялады. Ол туралы соғыс кезінде жазылған талай дүниелерді тауып, бүгінгі ұрпаққа жеткізді. Енді, міне, сол даңқты жерлесімізге, от майданда елін, жерін қорғау жолында опат болған Батырға Қостанай қаласынан бір көшенің атын беру жөнінде бастама көтеріп, облыстық, қалалық әкімдіктер алдына мәселе қойып жүр.

Биыл атамыз 94-ке аяқ басты. Алла қуат берсе әлі көрері көп, атамыз тың. Қазіргі басты армандарының бірі – қазақтың дәстүрлі өнерін екшеп, ұрпаққа керегін жеткізу.

Маржан АЛПЫС

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев