Аудандық ғылыми жоба жетістігі

11 мая 2018 - Веб-редактор
article16580.jpg

 Әр адам өз туған жерінің тарихын, мәдениетін терең білуі қажет. Ал осы сөздерді ұғынудың, өз өлкеңді шын сүйе білудің бастауы, сол туған жердің топырағында ойнаған бала кезіңнің еншісінде жатыр. Киелі Батпаққара атауымен алғаш құрылған тарихы терең Амангелді ауданы талай дүлдүл ақындар мен батырлар, ғалымдар, өнер қайраткерлері шыққан киелі мекен.

Жоба мақсаты – Туған өлкенің құндылықтары, тарихы, салт-дәстүрі, мәдениетіне жас зерттеушілердің назарын аудару, қазақстандық патриотизм рухында жанжақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі міндеттер: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын білім беру ұйымдарында кеңінен насихаттау, жас өспірімдеріміздің бойында Тәуелсіз Қазақ Еліне деген құрметті күшейту, оқушылардың бойында ұлттық, патриоттық санасын оята отырып, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, аудандағы білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарының арасындағы байланысты арттыру, білім алушыларға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі қағидасын насихаттау, жасөспірімдердің

зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру болып табылды.

Конференция қонақтарды тіркеуден басталды. Конференция ІІ бөлім бойынша ұйымдастырылды. І бөлім бойынша: Амангелді орта мектебінде «Мектеп кезі тамаша» тақырыбында мектептің үздік түлектерінің оқушылармен кездесуімен басталды. Кездесуде мектеп оқушылар үздік түлектерге сәлемдеме жасап, мектеп басшысы құттықтауымен қарсы алды. Өздерінің қимас бір мекендеріне айналған балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, алтын ұя мектебіне келген үмітті ақтаған үздіктермен «Ел ертеңі – білімді маман», «Туған жер – тал бесігім», «Балалық шақ-мейірімділік мекені» тақырыптарында шеберлік сыныптар ұйымдастырылды. «Туған өлкем – мәңгілік шежірем» аудандық мұражайға саяхат жасалды. Шақырылған қонақтарға түскі ас беріліп құрмет көрсетілді. Екінші бөлім «Туған жер» – менің тарихым, менің мәдениетім, менің туған өлкем» А ма нг ел діа уд ан ын ың90 ж ыл ды .ы наа рн ал .а н ҚӘ .е .о . а ты нд ағ ынмәдениет үйінде дайындалған көрмені таныстырумен басталды. Көрмеден кейін «Туған жер-тұғырың!» атты жас зерттеушілердің ғылыми жоба байқауы басталды. Байқауға ереже талаптарына сай 22 жұмыс қабылданды. Туған жер – тұғырың» атты ғылыми жоба байқауына Амангелді ауданының білім беру бөлімінің басшысы: М.С.Дихамбаев, Амангелді орта мектебін үздік бітірген түлектер және бүгінгі таңда республикамыздың өркендеуі мен өсуіне әр салада қызмет жасап жүрген жерлестеріміз бен ардегер ұстаздар, мектеп, мекеме басшылар қатысты. Іс-шараға барлығы 298 адам қатынасты. Ғылыми жобалар байқауы екінші бағытта өтті: «Туған жер-тұғырың!» атты аудандық жас зерттеушілердің ғылыми жоба байқауына Амангелді орта мектебін «Алтын және күміс» медальмен бітірген үздік түлектер: экономика ғылымдарының докторы, доцент, профессор, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің проректоры: Таубаев Аяпберген Алданайұлы, Химия ғылымдарының кандидаты, Астана медициналық университетінің доценті –Исмагулова Нұрбибі Мұхитденқызы, экономика ғылымдарының докторы-Шайкенова Нұргүл Тиыштықбайқызы және Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Искакова Гүлжазира Бекболатқызы, білім беру бөлімінің әдіскері:

Сұлтан Гүлшат Кәкімжанқызы, Амангелді орта мектебінің директоры Құсайынова Төлеутай Есенжолқызы қазылық етті.

Байқау қорытындысының нәтижесінде бас жүлдені Амангелді орта мектебінің оқушысы: Бөгетбаева Гүлнұр Нұрлыбекқызы «Тарихы терең, келешегі кемел-білім ордасы» жобасы бойынша иеленді және І орынды А.Нұрманов орта мектебінің оқушысы Бақыт Мақсат Қуандықұлы жеңіп алды. ІІ орынды Жаңауыл орта мектебінің оқушысы: Е.Нұрмұхан, Жасбуын орта мектебінің оқушысы: А.Досымханова, Ы.Алтынсарин орта мектебінің оқушысы:М. Жұмаханова иеленсе, ІІІ орынды Амангелді орта мектебінің оқушысы: М.Ерғалиева, Ә.Боранбаев орта мектебінің оқушысы: С.Аманжолов, Тасты орта мектебінің оқушысы: М.Қабдрашова, Құмкешу орта мектебінің оқушысы:А.Қонысбай иеленді.

Сайысқа қатысқан үздік жоба иелеріне Амангелді орта мектебін бітірген үздік түлектер атынан ақшалай және бағалы сыйлықтар берілді және басқа да қатысушы жас зерттеушілерге арнайы алғыс хаттар мен ынталандыру сертификаттары мен ақшалай сыйлықтар табысталды. «Туған жер-тұғырың! атты ғылыми жоба байқауы «Әнім сенсің, Туған ел!» атты Амангелді орта мектебін бітірген өнерлі түлектері мен оқушылардың ән кешімен жалғасты.

Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев