Қымызхана ашылды

1 июня 2018 - Веб-редактор
article16821.jpg

 Қымызханаға келушілер қымыз ішіп қана қоймай, саумал, көже, айран, қуырдақ, бауырсақ т.б. қазақтың  ұлттық тағамдарына да  тапсырыс бере алады. Ешқандай қоспасыз табиғи әрі таза, сапасы өте  жоғары  және  аса құнарлы болып келетін  ауыл шаруашылығы өнімдері қашанда сұранысқа ие. Халқымыздың ұлттық дәстүрін  жаңғыртып дамытуға өз үлесін қосатын бұл игі шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылуда. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Ташимовтың айтуынша, бұл шара кәсіпкерлерді тарта отырып ауданымызда  этнотуризмді дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Қымызхананың ашылу салтанатына аудан басшылары, ауыл әкімдері, мекеме басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары қатысты. Аудан әкімі Нұржан Өтегенов, қос орденді зейнеткер Т.Құтжанова құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық сусынды ұлықтап, қазақи құндылықты жаңғыртуға үлес қосып жатқан кәсіпкер азаматқа еңбегіне табыс тіледі. Аудан халқы жас азаматтың бастамасына риза болып, зейнеткер Б.Уахитов батасын берді. Одан соң шараға жиналғандар киіз үйде арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, қымызбен сусындады. 

Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев