Жаңа бастама – жаңа серпін

19 марта 2018 - Администратор
article16287.jpg

Жуырда Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес жаңа әлеуметтік бастамасын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

Академияның жеке құрамымен өткен жиынға Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Саят Шаймурунов, облыс бойынша «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» филиалының директоры Даурен Саудабаев және Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің докторанты, «Ел-ертеңі» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Болат Қалиев қатысып, өз ойларын білдірді.

Кездесу аясында қазіргі таңдағы жастар мәселесі туралы сөз болса, Даурен Мұратұлы облыс орталығында салынып жатқан жаңа шағын аудандары тұрғын үйлерді қалай алуға болатындығы, кімдерге берілетіндігі туралы ақпаратпен бөлісіп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды.


Елбасының бастамаларын оңай, әрі түсінікті жеткізе білген спикерлерге іс-шараны жүргізуші Академия бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ербол Қаппасов қонақтарға алғыстарын білдірді.

Ақбота САҚҰЛОВА
Суреттерді түсірген автор
Жалғасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев