Елорданың 20 жылдығы аталып өтпек

18 января 2018 - Администратор
article15797.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы өкімін жариялады. Елбасы Отанымыздың жүрегіне, тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған бас қаламыздың мерейлі мерекесін дайындау және өткізу мақсатында «Ел жүрегі – Астана» тұжырымдамасын жасауды тапсырды. Арнайы комиссия құрылды, енді іске кіріседі.

 

Иә, бүгінде сәулеті мен дәулеті жарасқан елордамызды төрткүл дүние танып отыр. Астана жаңа ғасырдың, жаңа дәуірдің жасампаз шаһары атанды. Астана бар қазақтың бас қаласына айналды.

Ал бұл қала осыдан жиырма жыл бұрын қандай еді? «Қазақ елінің жаңа астанасы бой көтерді» деп жер-жаһанға жар салып, жас елорданың тұсаукесерін өткізген күн кеше ғана сияқты еді. Ерке Есілдің оң жағалауында орналасқан сол кездегі Ақмоланың 200 мыңдай ғана тұрғыны болатын. Көзге түсетін мәдени-әкімшілік ғимараттары, оқу орындары саусақпен саналатын.

Бүгінде сол өткен шаққа қарайлап, қазіргі Астанаға көз салсақ, Есілдің оң жағалауынан сәні мен сәулеті келіскен таңғажайып қаланы көреміз. Жас қаламен, бас қаламен қатар, оң жағалаудағы ескі қала да жаңа тұрғыда құлпырды. Қала тұрғындары миллионнан асты.

Астана еліміздің саяси және мәдени орталығына айналып қана қоймай, мемлекет экономикасының локомотивіне айналып отыр. Еліміздің жалпы ішкі өніміндегі Астана қаласының үлесі жылдан-жылға артып келеді. Елордамыз шетелдік инвесторлар мен туристер үшін де тартымды қала ретінде танылып отыр.

Осынау айтулы шараға дайындық та жоспар бойынша жүзеге асуда. Яғни, алғашқы дайындық кезеңі 2017 жылғы 10 желтоқсанға дейін жалғасса, негізгі кезең – 2017 жылғы 10 желтоқсаннан бастап – 2018 жылғы алтыншы шілдеге дейін жоспарланып, мерекеден кейінгі кезең – биылғы жылдың алтыншы шілдесінен бастау алып, осы жылдың 31-ші желтоқсанына дейін жалғаспақ. Демек, 2018 жыл мерейтойлық жыл болғаннан кейін, жоспарланған іс-шаралар жыл бойы өткізілетін болады. Астананың 20 жылдығын дайындау және өткізу бойынша комиссия құрамы бекітілді. Оның төрағасы – ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков. Төрағаның орынбасарлары – ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев. Хатшысы – Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы Берік Жәкенов болып отыр.

Бас қаланың 20 жылдығына орай, іс-шаралар былтырғы жылдан бастау алды. Мысалға, өткен жылдың жетінші қарашасында үздік брендбук (BrandBook) конкурсы бойынша баспасөз мәжілісі өткенін Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы хабарлаған болатын.

Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөнінде штабтың отырысында конкурсты өткізу туралы бірқатар ұсыныстар қарастырылып, 2017 жылдың алтыншы қарашасы мен 27 қараша аралығында 22 күнтізбелік күнге созылатын байқау жариялау туралы ортақ пікір қабылданды. Конкурсқа өтінімдер жеке және заңды тұлғалардан қабылданатын болады (шығармашылық топтар, жарнама агенттіктері мен фирмалар, суретшілер, сәулетшілер, жобалық ұйымдар, авторлық ұжымдар).

Сонымен қатар, үздік брендбукті (BrandBook) таңдайтын сараптау комиссиясы құрылуда.

Конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай тарихи-мәдени сабақтастықты, сонымен қатар республика астанасының болашақ дамуының тенденцияларын ескеретін, қала имиджінің жаңаруына және оның өзіндік ерекшеліктерінің бекуіне әсерін тигізетін, бренд-бук, логотип пен ұран жасау бойынша жақсы концептуалды жобаларды анықтау.

Үздік деп танылған логотип пен ұран Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын атап өту, ақпараттық себепті қалыптастыруға бағытталған жарнамалық, маркетингтік және басқа да шараларда әрі қаланың мәдени, туристік және әлеуметтік потенциалын жақсартуға пайдаланылады.

Байқау қорытындысы бойынша комиссия үздік бренбукті таңдап, жеңімпазға сегіз млн теңге табысталмақ.

Елорда өткен 20 жылда төрткүл дүние көз тіккен көптеген әлемдік және халықаралық форумдардың алаңына айналды. Жер-жаһанға Астанадан ақжолтай ақпарат таратылып, бас қаламыздың мәртебесі мен мерейі асқақтады.

Сонымен, алдағы жылы елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтеміз. Елорда тойы – елдің тойы, елдіктің мерекесі, ұлттың қуанышы, мемлекеттің мерейі бола бермек.

Ақбота САҚҰЛОВА

сурет ғаламтордан алынды

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев