Келешектегі Иран инвестициясының игілігі

10 марта 2016 - Веб-редактор
article9682.jpg

Облыс әкімі Архимед МҰХАМБЕТОВ Иран Ислам Республикасының кәсіпкерлерімен кездесті. Жүздесу кезінде өзара оңтайлы жобалар талқыланып, Жітіқара ауданындағы мақсыр (сафлор) өңдейтін май зауытының құрылыс жобасы сөз болды.

 

 

Ирандық делегация «Джахад-э-сабз» кооперациясы директорлар кеңесінің бастығы Али Акбар Хосейни Сеид мырзаның жетекшілігімен келді. Топтың құрамында «Kaz-Ir Agro» ЖШС қазақ-иран компаниясының бас директоры Абдулгафур Куан Казак та болды.

 


– Кәсіпорындарыңыздың қазақстандық және Еуразиялық экономикалық одақ көлеміндегі нарықта өз орнын алуға толық мүмкіндігі бар, – деп атап өтті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. – Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін ұлғайту бойынша және экологиялық таза өнімдердің экспорт географиясын кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруға дайынбыз. Әріптестігіміз жемісті және өзара ұтымды жобаларды оңтайландыруға септігін тигізетініне сенімдімін.

 


Кездесу барысында кәсіпкерлер қостанайлық ұнды, бидайды және майлы дақылдарды Иран нарығына өткізуді және «Джахад-э-сабз» агрокооперациясымен алдағы әріптестік жайын талқылады. Екі жақты жүздесудің қорытындысында, Қамысты және Жітіқара аудандарының алқаптарында мақсыр (сафлор) және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру жобасы бойынша «Kaz-Ir Agro» ЖШС келісім жасалды.

 


Қоса кетейік, облыс басшылығының «Кaz-Ir Аgro» ЖШС қазақ-иран компаниясының бас директорымен алғашқы кездесуі былтыр наурыз айында өткен болатын.

 

 

Сол кезде өзара әріптестік жағдайы талқыланған.

 


Қазір «Кaz-Ir Аgro» ЖШС мақсыр өсіруге, сондай-ақ мақсыр майы мен жомын өндіруге ден қойып отыр. Жітіқарада іске қосылатын зауытқа ұқсас өндіріс орны Жамбыл облысында бар. Кәсіпорын ай сайын 100 мың литр май өндіреді. Компания 2017 жылға қарай өндіріс көлемін 500 мың литрге жеткізуді жоспарлауда. Safloria майы Ресей, Грузия, Иран, АҚШ және Қытай елдеріне экспортталады.

 


Нұрқанат НҮСІПХАН,
Марина ПЕРВУХИНА
сурет облыстық әкімдіктің баспасөз хатшылығынан алынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео