Ел чемпионатында есімдері асқақтады

10 марта 2016 - Веб-редактор
article9656.jpg

Жақында Қостанай қаласында гір спортынан өткен ҚР чемпионатында сарыкөлдік спортшылар да бақтарын сынады. Облыс құрамасының сапында өнер көрсеткен олар олжасыз оралмады.

 

 

Спортшылардың ішінде әр салмақ дәрежесінде өз деңгейлерін дәлелдеген ең үздіктері биіктен көрінді. Жарыстың қорытындысы бойынша жерлесіміз Василий Мищенков жастар арасында ҚР чемпионы атанды. Ал, ересектер арасында Николай Мищенков және жасөспірімдер бойынша Андрей Беднюк ҚР қола жүлдесін қанжығаға байлады. Сондай-ақ, Әділ Оразов пен Қуандық Жантасовтар төртінші тұғырға тұрақтаса, ал Иван Грома үздік бестіктің қатарына енді.

 


Жеңімпаздар жеткен же-тістіктерімен тоқмейілсімей, қазіргі дайындықтарын үдеткен. Себебі, алда республикалық додалар күтуде.

 


Ерлан Қасым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео