«Бозбала мен бойжеткен»

10 марта 2016 - Веб-редактор
article9660.jpg

Шолақсай орта мектебінде 8 наурыз мерекесі қарсаңында «Бозбала мен бойжеткен» байқауы ұйымдастырылды.

 


Байқаудың мақсаты – жастарды шынайы сезімді қадірлеуге үйрету, Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті арттыру, ата-анаға деген құрметті, досқа адалдық сезімдерін бағалай білуге тәрбиелеу.

 


Бұл сайысқа балалықты артта қалдырғанына көп бола қоймаған жас ұстаздар қатысты. Сайысқа қатысатын жастар мына байқау түрлері бойынша сайысты: Жұп атын таңдау, «Жігітке жеті өнер де аз», «Қыз – еркем, ісімен көркем», Сый – думан, «Сенің таңдауың?» Қолөнер сайысы, «Ас – адамның арқауы».

 


Асыл арман, мақсат деген ізбенен, Қиял қуған, жастар едік біз деген. Алдымыздан шықса екен деп тілейміз, Бақыт жолы біздер қалап, іздеген, – деп ақын жырлағандай, жастар жарысты керемет әсерде бастап кетті. «Жеңіс кімге бұйырар екен?» деп көрермендер тақымын қысып отырды. Математика пәні мұғалімі Ержігіт Жұмабаев пен аудармашы Самал Зейноллақызы бірінші жұп болып өнер көрсетті.

 

 

Физика маманы Нұрлан Еркінбекұлы Шолақсай ауылының кітапханашысы Гүлзат Камаловамен бірге жұптасты. Үшінші жұп – тарих пәні мұғалімі мен машықтанудан өтіп жатқан болашақ дене шынықтыру мұғалімі Әлішер Ермекұлы болды. Жастар бірінен-бірі қалыспай, әр сыннан мүдірмей өтуге барын салып бақты. Жарысқа төрелік еткен мектеп директоры Жұмабике Нұрсеитова мен зейнеткерліктегі ұстаз Төлеухан Мұқашева жастардың өнеріне тәнті болды. Әсіресе, Нұрлан мен Ержігіт өнерлерімен ерекше көзге түсті. Оқушылар да, ата-аналар да жас ұстаздардың өнеріне риза болып, алғыстарын білдірді. «Бозбала мен бойжеткен» атауы Нұрлан мен Гүлзатқа берілді.

 

 


Оразгүл АЙТЕКОВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев