Алдыда – үш міндет

6 марта 2014 - Веб-редактор

Аймақтағы денсаулық сақтау саласының былтырғы жетістіктері мен бағындыруы тиіс белестері Қостанай ауданының ақ халаттыларымен өткен жиында айтылды.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бас-шысының орынбасары Гүлшат Байжұманова мен Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті департаментінің директоры Батырбек Нұрғалиев аудандық аурухананың абзал жандарымен жүздесті. Олар «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. 

– 2011-2015 жылдарға белгіленген жоспарлы қадамдарға шамамен 21,8 млрд теңгедей қаралған. Өткен жылы оның 4,5 млрд қаржысын жұмсадық. Сөйтіп, былтыр бағдарламаның бірінші кезеңі аяқталды, – деді басқарма басшысының орынбасары. Сонымен қатар, алға қойған басты-басты үш міндетті атады. Біріншісі – өлім-жітімді азайту. Бұл жөнінде облыс көрсеткіші 9,9%, республикада сегіз пайыздың айналасында. Бірақ, Байжұманова ханымның айтуынша, мұның себебі, көз жұмғандарды тіркеу кейбір облыстарда дұрыс жүргізілмегендіктен. Екіншіден, біздегі өңір тұрғындарының 15,4%-ы (124 772 адам) 62 жастан ас-қан адамдар екен.
 
Қартайғандар ауру-сырқауға бейім. Олар көп болғандықтан, станционарлық емдеу жұмыстарымыздың баяулап қалып жатқаны жасырын емес. Үшінші мәселе – туу санының азаюы мен түсік жасатудың ұлғаюы. Былтыр облысымызда туу көрсеткіші елу пайыздан сәл асса, қырық пайыздай әйел аборт жасатыпты.
 
Асыл ҚАСЫМ  
comments powered by HyperComments

Видео

 

 

Комментарии