Өңірдің желісі жайлы

6 марта 2014 - Веб-редактор
article3228.jpg

Таяуда Қамысты ауданы әкімінің өткен жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2014 жылға арналған міндеттері жөнінде халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Жиынға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов төрағалық еткен болатын.

 

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов жұмыс сапарын Арқа селосындағы мың бас малға арналған сүт-тауарлы ферма-
сы нысанын аралаудан бастады. «Алтынсарин» ЖШС директоры Борис Князев инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы және мал шаруашылығы саласының даму перспективалары туралы мәлімдеді. 2017 жылға қарай мұнда төлдейтін малдың санын мың сиырға дейін жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.
 
Қамысты ауданының әкімі Жаңабай Бисимбаев есеп беру жиынында аудан экономикасының барлық бағыттарына және өңірдің қоғамдық-саяси жағдайына толық сипаттама берді. Сондай-ақ ағымдағы жылы елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жандана түсетінін тілге тиек етті. Қамысты селосында су және газ құбырының құрылыстары жалғасын табуда. Әкім медицина кадрларының жетіспеушілігін мәселе етіп көтерді. Мемлекеттік бағдарламалар қатысушылары нәтижелі еңбектері туралы пікірлерімен бөлісті.
 
Облыс әкімінің орынбасары Қамыстының көрсеткіштерін басқа аудандармен салыстыра отырып, жиналыс қорытындысын жасады. Жергілікті атқарушы билік жұмысы оң бағаланды. Жиын соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін ауданның төрт азаматы марапатталды. Аудандық ішкі істер бөліміне Базыл Шамұханұлы жаңа «Skoda Rapid» автокөлігінің кілтін табыстады. Аймақ әкімінің атынан «Айналайын» балабақшасына да сыйлық жасады. Енді бөбектер музыка залына қойылған «Фоник» акустикалық жүйесінің қызығын көрмек. Биыл қамыстылықтарды тағы өзге де оңды өзгерістер күтіп тұр.

Есен САБЫР
Қамысты ауданы 
 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео