«Буккроссинг» кітап алмасу акциясы

1 марта 2018 - Администратор
article16153.jpg

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен биылғы ақпан айында қалалық мектеп кітапханаларында «Буккроссинг» – кітап алмасу акциясы өткізілді.

Шараның мақсаты – әдебиеттердің оқылымнан шығып қалмай, өз оқырманын табуына ықпал ету, әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге азғантай болса да, өз үлесін қосуына дағдыландыру, кітапты талғаммен оқуға баулу, балалардың кітап оқуға деген құмарлығын ояту, бос уақыттарын тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге көмектесу.

«Буккроссинг» «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Бұл акция 2005 жылдан бастау алды. Буккроссинг бүгінде бірегей қоғамдық қозғалыс болып табылады.

Шара барысында мектеп кітапханашылар оқырмандарға «Буккроссинг» қозғалысы туралы ақпарат беріп, әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Сонымен қатар, кітапхананың жұмыс бағыты мен мекен-жайы, мектеп сайттарында сілтемелері жазылған жадынама, бетбелгілер таратылды.

Мектеп кітапханаларда арнайы «қауіпсіз» сөрелер мен орындар ұйымдастырылды, осында кез келген кісі ұнаған кітапты алып кетуге болады және өзінің кітабын да қалдыра алады.

– Жалпы кітап – біздің асып таспайтын асыл қазынамыз, – дейді Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Сәулегүл Уразалина. – Француз философы Дени Дедро: «Кітап оқуды қойған адам – ойлауды да қояды» деген екен. Технология атауы қанша дамып жатыр десек те, қай заманда болмасын кітаптың орны биік тұрары сөзсіз. Алайда, қазіргі кезде кітапхана мен кітап дүкендеріне баратын жандардың азайып бара жатқандығы өкінішті. Біріне уақыт, екіншісіне қалтамыздың көтере бермейтіндігі сылтау. Ал бұл екі сылтауға да кедергі бола алатын шара «кітап сыйлау» немесе «кітап алмастыру» акциясы яғни «Буккроссинг» оқырмандарға көмектесе алады.

Енді арнайы арналған орында оқушылар үзілісте кітаппен таныса алады және ұнаған кітапты оқуға өзімен алуға болады. Кітаптармен алмасу ізгілігі балаларға ұнады.

Осы мақсатта жасалып отырған осы шара оқырмандарға жақсы әсер етсе нұр үстіне нұр болар еді. Оқыған қызықты кітаптарын «Буккроссинг» сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі. Адамды адамзатқа айналдырған кітап атты ұлы құдіреттің асыл қасиетін барша жұрттың жүрегіне тегіс жеткізе алсақ, шынында да көп адам бақытқа кенелмек.

 

Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ,

суреттерді түсірген автор

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев