2017 жыл тренді – тоқымалы бас киімдер

2 марта 2017 - Веб-редактор
article13145.jpg

Бас киім – қыс, күз және көктем мезгілдерінің басты аксессуарларының бірі. Және қыздардың көбі өздеріне жарасатын бас киім таңдай алмағандықтан суық күнде бас киімсіз жүруді әдетке айналдырады. Бірақ бұл денсаулыққа қаншалықты зиян екені айтпаса да түсінікті. Сонымен қатар, дизайнерлер бүгінде бас киімдердің түр-түрін шығарып, әр қыздың талғамына сай ұсынуға тырысады. Таңда да, киіп жүре бер. Біз бүгін бас киім және түрлі аксессуарлар жасайтын қолөнер шебері Диана ЕЛИСЕЕВАНЫҢ жұмыстарымен таныстыруды жөн көрдік. 


 

– Диана, ғаламтор желісіндегі парақшаңыздан аруларға арналған бас киімдердің түр-түрін көріп қайран қалдық. Осындай сәнді бас киімдер тоқуды қашан бастадың? Кім үйретті?


– Мені қолөнерге баулыған анам. Содан бастап қызығушылығым оянды. Бұл іспен 2012 жылдан бастап айналысамын. Өзіме де сәнді әрі жылы бас киімдерді ойлап тауып, түрліше етіп тоқу ұнайды. Одан бөлек бисерленген кез келген мерекелік кешке тағуға арналған көздің жауын алатын ободоктар жасаймын. Шыны керек, бұл менің тек хоббиім ғана. Бірақ, менің басымнан осындай бас киімдерді көрген қыздар сұрап, оларға да тоқып беруімді өтініп жатады. Сондықтан қазір арулардың тапсырысы бойынша түрлі-түсті, жылы, әрі жарасымды әр мезгілге сай бас киімдер тоқып беремін.

 


– Қандай бас киім түрлерін тоқисың? Қыс мезгілінде қайсысы сәнді болды?


– Биылғы 2016-2017 жылдардағы қыз мезгілінде меринос және мохер жіптерінен тоқылған екі қабат оралған қалың бас киімдер сәнде болды. Қыздардың көбі өздеріне жарасатын түстерінен таңдап тапсырыс беруде. Және де отбасылық бас киімдерде биылғы жылы трендте. Мысалға, анасы мен қызына немесе барлық отбасы мүшелеріне арналған бірдей бас киімдер өте ерекше көрінеді. Ол кез келген ортада отбасы мүшелерінің бір-бірлеріне деген өшпес сезімдерін дәлелдеп тұрғандай әсер қалдырады. Оған қоса қысқы бас киімнің тюрбан, чалма деген түрлері де бар. Одан өзге сол образды аша түсетін мойын орағыш пен қолғапты да тоқимын. Тапсырыс берушімнің қалауына орай жарқыраған тастармен де көмкеремін.

 


– Тоқымаға қандай жіптерді қолданасыз? Шабытты қайдан аласыз?


– Мен кез келген туындымның сәнді әрі сапалы болуына басты назар аударамын. Сондықтанда жіптер мен білтегіштерді (спицы) қаладан таба алмасам, тапсырыспен алдыртамын. Мұндай заттардан қаражатымды аямаймын. Себебі, маған сеніп тапсырыс берген сатып алушымның көңілінен шығу басты мақсатым. Барлық бас киім үлгілерін интернеттен қарап немесе өзімнің бет-пішініме келетіндей етіп тоқимын.

 


– Жадырап көктем де жетті. Қыста қалың бас киімді бастарынан тастамай жүрген аруларымыздың одан құтылуға асығатындары анық. Көктемде қандай бас киімдер түрін киген жөн?


– Көктем келді дегенменде оңтүстікке қарағанда біздің жақта әлі де ызғар болатыны анық. Сондықтан арулардың көктемгі образына жараса кететін сәнді, әрі жұқа мохердан тоқылған бас киімдер сәнде болмақ. Ал күн жылына түскен соң құлақты салқыннан қорғайтын тоқымалы «султанканы» тағуға кеңес берер едім.

 

 

Ақбота САҚҰЛОВА
суреттер Диана ЕЛИСЕЕВАНЫҢ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев